КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қымбатты ағайын, баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – тілдің қадірін, сөздің құдіретін, ұлт рухын сезіндіріп, әрқайсымызға ана тіліміздің аманатын тағы бір еске салатын ерекше сәт. Бірақ мерейлі күннің мәні мен мазмұнына келгенде, көңілде біраз түйткіл ой қалады.

Біріншіден, Қазақстан көпэтносты мемлекет екені рас. Әр ұлттың өз тілі, өз мәдениеті бар, соның барлығын құрметтеу – біздің тарихи тағдырымыздан туған ерекшелік. Бірақ «тілдер мерекесі» деп бүкіл халықтың тілін бір күнде атап өту – бұл әлемде сирек кездесетін, бәлкім, тек бізге ғана тән құбылыс. Басқа мемлекеттер өзге ұлттың тілін осылайша ұлықтап, ресми мерекеге айналдырған емес. Бұл жағынан қарасақ, мереке өзінің бастапқы мәнін бұлыңғырлатып, жалпыға ортақ «қойыртпақ» сипат алып кеткендей.

Екіншіден, бұл күн ең алдымен мемлекеттік тілдің, қазақ тілінің мерекесі болуы тиіс еді. Өйткені қазақ тілі елді ел қылған, халықты халық қылған негізгі арқау. Бірақ бүгінгі күні қазақ тілінің мәртебесін бөле-жармай, «жалпы тілдер» ауқымына енгізіп жіберу бұл оның маңызын толыққанды айшықтамайтын, салмағын жеңілдетіп жіберетін қадам секілді.

Үшіншіден, ең үлкен өкініш дәл осы күннің Ақымет Байтұрсынұлының туған күнімен қабаттасып кетуі. Бұл тұлғаның орны бөлек, ол феномен. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған, ұлт руханиятының шамшырағы болған, тек ағартушы емес, ғалым, реформатор, қайраткер, шын мәнінде халықтың ұстазы. Мұндай деңгейдегі тұлғаның мерейтойын басқа мерекелердің көлеңкесіне қалдыру тарих алдындағы әділетсіздік. Басқа ұлы адамдардың туған күнін дербес атап өтеміз, ал қазақ тілінің тұтас ғылымын қалыптастырған тұлғаның мерекесін неге бір күнге үш салмақты жүк артып, «жалпы мерекенің ішіне» қосақтаймыз?

Ойланарлық жайт. Ұлы тұлғаларға құрмет бөлек көрсетілуі керек. Мемлекеттік тілдің мерекесі де, Ақымет Байтұрсынұлының туған күні де – әрқайсысы өз алдына ұлттық деңгейдегі құндылық. Ұлттың ұстазы болған Ақаңға ешкім жетпейді, сол себепті оның туған күні бөлек, жалқы, ұлық мереке ретінде аталуы тиіс.

Нағыз құрмет осы. Нағыз тәуелсіздік тілімізді өз тұғырына қондырып, Ақаңды өз дәрежесінде асқақтата білу.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 194 0







14/08/2025 14:49

QAZEMLE БАҒДАРЛАМАСЫ
0 919 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика