КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 5 қыркүйегінде Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұжымы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған іс-шараға қатысты. Тағылымды жиын Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде ұйымдастырылып, оған қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер жиналды.

Іс-шара А. Байтұрынұлы саябағындағы ғалым ескерткіші мен музей-үйі алаңындағы бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Құрмет көрсету сәтіне Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы, жиен немересі Айман Байсалова арнайы қатысып, зиялы қауым өкілдерімен бірге ұлт ұстазының рухына тағзым етті.



Музей-үй алаңында жалғасқан жиын дөңгелек үстел форматында өтті. Онда бірқатар ғалымдар мен қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық руханияттағы орны мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттады. Ұлт ұстазының еңбектерінің бүгінгі қоғам үшін де өзекті екендігі айтылып, тағылымды ойлар ортаға салынды.



Шара барысында Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің биылғы түлегі Қажыбек Ақмарал өзінің диплом жұмысы – Ахмет Байтұрсынұлы бейнесі түсірілген «Ұлт ұстазы» картинасын музей-үйге тарту етті. Жас өнер иесі: «Мен диплом жұмысымды қазақ тілі мен жазуын сақтап, дамытуға үлес қосқан халқымыздың ұстазы А. Байтұрсынұлына арнадым. Картинамда мен оны репрессияға ұшыраған сәтінде бейнеледім. Бұл арқылы оның өміріндегі ауыр кезеңді ғана емес, сол уақыттағы қазақ халқының қасіретін де көрсеткім келді. Мен үшін Байтұрсынұлы – рухы биік, қайсар тұлға», - деп, Алаш қайраткерлерінің арасынан Ахмет Байтұрсынұлын таңдағанын оның ұлтқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен және халық үшін аянбай қызмет еткен қайраткерлік болмысымен түсіндірді.

Ұлт ұстазының туған күні – тек мерейтойлық рәсім емес, қазақ руханияты мен тіл ғылымының іргетасын қалаған тарихи тұлғаны еске алу күні. Сондықтан бұл күннің мәні жалпы «Қазақстан халқы тілдері күні» аясында еленбей қалмай, дербес мерекелік дата ретінде айқындалуы қажет. Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін жеке атап өту – оның еңбегін лайықты дәріптеудің, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың және жас ұрпақ санасында ана тіліне деген құрметті орнықтырудың пәрменді жолы.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 563 0







14/08/2025 14:49

QAZEMLE БАҒДАРЛАМАСЫ
0 1111 0






26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 259752 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 253883 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 241585 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 138284 7



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика