THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және
ономастика бөлімінің тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты Қазақстан
халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 2025 жылғы 5
қыркүйекте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақ шатыр»
алаңында «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметшілер,
ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым
өкілдері, БАҚ тілшілері, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ студенттер
мен оқушылар қатысты.
Салтанатты шара барысында мемлекеттік тіл саясатын дамытуға үлес қосқан азаматтар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Арнайы шақырылған қонақтардың арасында Ахмет Байтұрсынұлының бейнесін кинода сомдаған Байғали Есеналиев болды. Ол сөзін: «Ахмет Байтұрсынұлы өз халқының құл болып, тобыр күйінде қалғанын қаламады», – деп бастап, сөз соңында ұлт ұстазының шығармашылығынан үзінділермен түйіндеді. Сондай-ақ қазақ тілінің жанашыры ретінде танымал Аслы Осман да сөз сөйлеп, тіл мен тұлға туралы жүрекжарды ойларын ортаға салды.
Шара танымдық ойындармен жалғасын тапты.
Көрермендерге Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты
викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.
Бұдан бөлек, белгілі өнер иелерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтіп,
қазақтың ән-күйі мен би өнері ұсынылды.
Айта кетейік, 5 қыркүйек – елімізде ресми түрде
«Қазақстан халқы тілдері күні» ретінде аталып өтеді. Бұл күн 2018 жылдан бері
ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай белгіленген.
Сонымен қатар мерекелік кеш барысында белгілі өнер
иелерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Көрермендер қазақтың
әні мен күйін, би өнерін тамашалап, ерекше әсер алды. Іс-шара соңында жастардың
қатысуымен би кеші өтіп, мерекелік бағдарлама аяқталды.
ПІКІР АЛМАСУ
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|