THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
«Qazaq tili»
Халықаралық академиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту институты 2023 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасында «Түркі
үндесімін ұлықтаған ғалым» (Әлімхан Жүнісбектің 85 жылдығына арналған жинақ), «Біртілді
сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» (Байынқол Қалиұлы, Бижомарт
Қапалбек), «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі» (Орынай
Жұбай, Анар Салқынбай, Бижомарт Қапалбек) кітаптарының таныстырылымын өткізді.
I. Түркі үндесімін
ұлықтаған ғалым» жинағы қазақ тілтанымында өзіндік орны бар, белгілі тілтанушы
ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің 85
жылдығына орай шығарылып отыр.
Әлімхан
Жүнісбектің дыбыс үндестігін барша түркі тілдерінің ең басты, ең маңызды,
құрылымқұраушы, грамматикада да, фонетикада да, сөзжасамда, ғылымда шешуші рөл
атқаратынын жан-жақты дәлелдеп, іргелі теорияға айналдырған. Үндесу, үйлесу,
гармонияда болу, бір-біріне сәйкестену, өзара икемделу, үнемі детерминацияда
болу құбылысын Әлімхан Жүнісбек семасиологияға да, морфонологияға да,
палеолингвистикаға да, тілдің құрылымы мен қолданылуы қатпарларына да тұтас
және тікелей қатысы бар маңызды ерекшелік ретінде таныды. Әлімхан Жүнісбек тың
ойларын заманның ең танымал тау тұлғалы ғұлама ғалымдары мойындаған.
Жиында алғаш сөз
алған Халықаралық түркітану орталығының төрағасы, Халықаралық «Қазақ тілі»
академиясының президенті, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ҚР
ҰҒА мүше корреспонденті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д.
профессор Ерден Қажыбек әлемдік ғылымда Әлімхан Жүнісбектің орны ерекше,
едәуір, орасан зор екенін атап айтты.
Әлімхан
Жүнісбектің халық тарихына алтын әріптермен өрілген тағы бір үлкен ерлігі –
ұлттық әліпби мен емлеміздің жайына байланысты. Отандық тіл саясаты майданында
Ахмет Байтұрсынұлы туын биікке көтеріп, биліктің ең жоғары сатысынан бұйрықпен
енгізілген шикі әліпбилердің қолданысын тоқтатуға, жоюға бар күшін салды, оның
олқылықтарын тәптіштеп, байсалдылықпен түсіндіріп, батырлар жыры кейіпкерлеріндей
«бораған оққа қарамай» ел мүддесі үшін қасқайып тұрып, теріс пиғылдардың жолын
бөгеген нағыз ғалым - деді Ерден Задаұлы.
II. «Біртілді
сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» атты монография «біртілді сөздік
жасаудың» ғылыми-теориялық негіздері мен
тәжірибелері сөз етіледі және олардың қалыптасу тарихына ғылыми тұрғыдан талдау
(сараптама) жасалынады. Еңбекте, негізінен сөз, сөз тіркестері, сөз мағыналары,
оларға анықтама беру мәселелері мен стильдік тармақтары жайында жан-жақты
айтылған. Еңбекті біртілді сөздік жасаудың нұсқаулығы ретінде пайдалануға толық
болады.
«Бұл
монография Алғысөз бен Кіріспеден және екі тараудан тұрады. І тарау Біртілді
сөздіктің нысаны – сөз бен мағына, ал ІІ тарау – Біртілді сөздік жасаудың
қыры мен сыры» - деп таныстырып өткен «Біртілді
сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» атты кітаптың авторы филология
ғылымының докторы, профессор Байынқол Қалиев: «Ұлт тілінің түсіндірме сөздігі –
тіл байлығымыздың айнасы. Оған қарап, тіліміздің бай немесе кедей екендігін
ғана біліп қоймаймыз, сонымен бірге, атау сөздердің
жүйеленген-жүйеленбегендігін де, нормаға түскен-түспегендігін де білеміз.
Өйткені түсіндірме сөздік атаулының міндеті – қолданыста бар тілдік
бірліктердің (сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің) барлығын түгел жиып, оларды
реттеп, жүйелеп, сөздікке ендіру; әрқайсысын саралап, анықтама беру; атау
сөздердің қайсысы әдеби, қайсысы әдеби емес, қайсысы ескі, қайсысы жаңа
екендіктерін көрсету, деді кітап авторы.
III. «Қазақ тілі
жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісінде» Рабиға Сыздықтың 2000 жылы
шыққан «Қазақ тілінің анықтағышы» атты еңбегімен, 2005, 2007, 2019 жылдарда
жарық көрген орфографиялық сөздіктермен салыстырыла талданды. Еңбек тілдік
қолданыстардың тұрақтануы, қалыптануы, өзгеруі, т.с.с. туралы мол ақпарат
береді. Кітап емле, норма, орфография, фонетика, терминология, қазақ әдеби
тілінің тарихы, қазақ тіл білімінің тарихы, т.с.с. мәселелермен айналысып
жүрген зерттеушілерге, филолог мамандарға, ЖОО студенттеріне, магистранттар мен
докторанттарға, жалпы көпшілікке арналған.
Кітаптың авторлары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай
Жұбай жаңа кітаптың мазмұнына кеңірек тоқталып, қолданыстағы сөздікте жүрген
олқылықтарды шешу жолдарын таныстырды.
Шараға Қазақстан
Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту
министрліктерінің және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары,
ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, Тіл саясаты комитетінің, Қалалық
және облыстық тіл басқармаларының жауапты мамандары, докторанттар мен
магистранттар, БАҚ өкілдері, барлығы
онлайн және офлайн форматта екі жүзден астам маман қатысты. Аталған үш кітап
келгендерге түгел таратылды. Жыл соңында қарар қабылданады. Ол БАҚ-қа
жарияланады әрі тиісті орындарға жолданады.
ПІКІР АЛМАСУ
10/11/2023 15:04
Бижомарт ҚАПАЛБЕК: ӘЛІППЕНІҢ АТАСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ САЛҒАН АРНАҒА ҚАЙТА ОРАЛУЫМЫЗ КЕРЕК
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
ТЕКСТ