THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
~ Ғабит Мүсірепов
Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
~ Мағжан Жұмабаев
Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
~ Қадыр Мырза Әлі
Қазақ тілі елімізде тұрып жатқан барлық Қазақстандықтарды біріктіретін күш.
~ Нұрсұлтан Назарбаев
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
~ Ахмет Байтұрсынұлы
Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
~ Ахмет Байтұрсынұлы
Соңғы мақалалар:
«Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өтті
25/11/2025 12:01
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
24/11/2025 15:08
«Сәбилерді сөйлетейік» байқауының жеңімпаздары марапатталды
24/11/2025 11:58
«Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өтеді
18/11/2025 15:11
«Сәбилерді сөйлетейік» байқауының ІІ кезеңі өтті
31/10/2025 11:20
БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ
ТОЛЫҒЫРАҚПрофиль
БАЛАЛАРЫМЫЗ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ АЛСЫН ДЕСЕК
Итегулова Сая Ағанасқызы
филология ғылымдарының кандидаты
«Баяғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жейделі Байсын елінде,
Қоңырат деген жерінде...
- деп басталатын батырлар жырын тыңдап, қиялында қылышын қынабынан сурып, «астыңғы ерні қыбырлап, үстіңгі ерні жыбырлап, қиналғанда адамша сөйлейтін» арғымағын мініп, жауға шабатын бала қазір қалмады десек, артық айтқандық болмас. Оның орнына қолынан жаңа үлгідегі қалта телефондары мен түрлі модельдегі гаджеттерді тастамай, ғаламтор кеңістігінен шым-шытырық мультфильмдер мен бейнежазбаларды қарайтын жеткіншектеріміз бен бүлдіршіндеріміз өсіп келеді.
Бүгінгі таңда балалардың басым бөлігін әлеуметтік желілер тәрбиелеп жатыр. Сондықтан да кез келген қазақ баласының батырлық туралы ұғымы Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын батырлармен, сұлулық туралы ұғымы Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс бейнелерімен қабыса қоймайды. Тіпті, кіші мектеп жасындағы балалар халық ауыз әдебиетіндегі желаяқ, көлтауысар, таусоғар тәрізді кейіпкерлерді емес, шетелдерден келген бастары төртбұрышты, үшбұрышты, жасыл түсті адами сиқы жоқ неше түрлі құбыжық кейіпкерлерді қайдан көрсе де тап басып, түсін түстеп айтып береді. Өйткені олар алдымен бала санасына тәуелсіз экраннан талғамсыз беріліп жатқан мультфильмдер арқылы сіңіп жатыр. Содан кейін танымал болған әлгі құбыжық кейіпкердің бейнесі сурет, фигура түрінде шығарылып сауда жүйесімен таратылады. Соларды мысалға алып, үлгі еткен түрлі-түсті шағын кітапшалар шығарылады. Тіпті, Қазақстанда шығатын балалардың тағам өнімдерін жарнамалайтын шаралардың өзінде әлгі шетелдік кейіпкерлер жапсырма түрінде кездеседі. Сөйтіп әлгі кейіпкер баланың піріне айналады.
Осы мәселе қатты толғандырып, біз жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың санасына ұлттық рух, ұлттық идеяны сіңіруге бағытталған «Қазақ фольклорындағы басты кейіпкерлерді біріздендіру» жұмыстарын алғаш рет 2015 жылы қолға алдық. Сол жұмысты бүгінгі дейін жалғастырып келеміз. Ізденістер нәтижесінде «Қазақтың мифтік кейіпкерлері» атты кітапты жарыққа шығардық. Ол еңбекке қазақ фольклорындағы мифтік кейіпкерлерді сипаттайтын мәтіндер мен фольклортанушы ғалымдардың тұжырымдары негізінде жасалған талдаулар енгізілді. Бұл қолданбалы мәні бар жұмыс. Онда миф кейіпкерлерінің түрлері былай топтастырылды:
- Тотемдік кейіпкерлер
- Шамандық кейіпкерлер
- Демонологиялық кейіпкерлер
- Хтоникалық кейіпкерлер
- Ілкі қаһармандар
- Трансформацияланған мифтік кейіпкерлер
Ұсынылған мәтіндік сипаттамаларға сәйкес суретшілер арасында байқау жарияланып, кейіпкерлердің бейнелері кескінделді. Төмендегі кейіпкерлердің портреттері сол байқау нәтижесінде сомдалған болатын: 1)Дию; 2) Шойынқұлақ; 3) Епті; 4) Толағай.
-
1)
2)
3)
4)
Қазір сол еңбек жұртшылық тарапынан сұранысқа ие дүниелердің біріне айналып отыр. Біріздендірілген мифтік кейіпкерлердің сипатын негізге ала отырып, анимациялық өнімдері жасалуда. Сонымен қатар жоба негізінде әзірленген фольклорлық сипаттамалар бірнеше кітаптар мен оқулықтардан орын алды.
Мифтік кейіпкерлерден кейінгі көркемдік құндылығы жоғары бейнелер – батырлар жыры мен ғашықтық жыр-дастандардың бас қаһармандары. Соған сәйкес, «Батырлар жыры мен ғашықтық жыр кейіпкерлерін жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды құрал ретінде пайдалану жолдары» бағытындағы жобамыз зерделену үстінде. Эпикалық жыр кейіпкерлерінің басты ерекшелігін анықтай отырып көрнекілендіріп (визуалдап), оларға қазақы болмыс қалыптастырса, сол бейнені барлық салада біріздендіріп, жан-жақты насихаттаса, жас ұрпақтың қазақ фольклорына деген қызығушылығын туындатып қана қоймай, олардың бойына ұлттық құндылықтардың да ұрығы себілері анық.
Жастардың ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту, ұлттық сезімдерін ояту, патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында атқарылып отырған бұл жобаның көздеген мақсатына жетуіне, болашақ ұрпақ алдындағы парыздың бір тармағының орындалуына сіз де игі ықпал ете аласыз.
Ол үшін https://mtdi.kz веб-сайтына кіріп, сайттағы фольклорлық кейіпкерлердің мәтіндік сипатымен және зерттеушілердің тұжырымдарымен, байқау ережесімен танып шығыңыз.
Жалпы жұртшылықтың, әсіресе жас жеткіншектердің қазақ фольклорын танып-білуге, зерделеуге деген құштарлықтарын ояту үшін атқарылып отырған бұл байқау өзінің бірегейлігімен ерекшеленеді.
Ұлт болашағы үшін атқарылып отырған игі бастама кім кімді де бей-жай қалдырмас деген ойдамыз.
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
«ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУҚЫМДЫ РЕФОРМАСЫ»
Авторы: Айдана Кеңес
30/04/2021 14:54 0 14864 0
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 30 сәуірі күні Алматы қаласында сағат 15:00-де «ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУҚЫМДЫ РЕФОРМАСЫ» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. 4 сағатқа созылған бұл жиынға 150-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында еліміздің ұлттық университтерімізден (әл-Фараби, Абай, Назарбаев, Гумилев) белді ғалымдар, Тіл білімі институты, АҚШ, Еуропа, Түркия профессорлары, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының шетелдік және отандық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, танымал жазушылар, жастар, тіл жанашырлары бар.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық
қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы:
«Латын графикасындағы әліпбиге көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды.
Тыңғылықты, тексерілген ұстаным талап етіледі. Жан-жақты сараптау және жаңа
әліпбидің барлық аспектілерін әзірлеу қажет»,- деген болатын. Алайда, әлеуметтік желіден
«Жетілдірілген әліпби» жобасын бекітуге дайындық жүріп жатқандығы белгілі
болды. Бірақ, бұл жөнінде ешкім еш жерде ресми ақпарат бермеген еді. Дөңгелек үстел латын графикасына өту жәй таңба
ауыстыру емес, қазақ тілінің ауқымды реформасы екеніндігін жан-жақты негіздеу
мақсатында өткізілді.
Жиынды Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Президенті, ҚР ҰҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің Төрағасы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филол. ғыл. докторы Ерден Қажыбек жүргізді. Алдымен баяндамашылар сөз алды: филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, орфографиялық жұмыс тобының мүшесі Әлімхан Жүнісбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Нұр-сұлтан қалалық филиалының басқарма төрағасы Берік Әбдіғали, Қазақстанның құрметті жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Салқынбай Анар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің профессоры Қалыбай Қаламқас, Л.Н Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мағрипа Ескеевалар латынға көшудің маңызын, оның тек таңба ауыстыру ғана емес, қазақ тілінің ауқымды реформасы екенін жан-жақты дәлелдеді. Ұсынылған жетілдірілген әліпбиге бір қатар сын ескерпелер айтты.
Онлайн форматтағы шараға Американдық түркітанушылар
ассоциациясының Президенті (АҚШ), Назарбаев Университеті «Қазақ тілі және
түркология» кафедрасының меңгерушісі, профессор Юлай Шәмілұлы, Халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамының Еуропа өкілдігінің жетекшісі Хенрик Янковский, Мимар Синан
университетінің профессоры Әбдуахап Қара, Измир университетінің профессоры
Мұстафа Өнер сияқты белгілі түркітанушылар да қатысып, ұсынылған әліпбиге
ұсыныстарын айтты.
Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіруге байланысты бұндай
ауқымды жиын тұңғыш рет өткізіліп отыр.
Ең бастысы жиынға жиналған барша ғалымдардың ой-пікірі ортақ екеніне көзіміз
жетті. Жиын соңында мынадай қарар қабылданды:
1.
Біз латын қаріпіне
көшу мерзімін соңғы ресми ақпаратта айтылғандай 2030 жылға дейін созуға
қарсымыз. Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13
наурыздағы № 27-р өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына
2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес
2025 жылға дейін деп қалдырылғанын қолдаймыз.
2.
Осы уақытқа дейін бір ғана орфографиялық топ Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы мен А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты атқарып келген әзірлеу, сараптау сынамадан өткізу, енгізу
жұмыстары Білім және ғылым министрлігіндегі мектепке енгізілетін оқулықтарды
сараптау жүйесіндегідей бір-біріне тәуелсіз бірнеше ұйымға жүктеліп, сатылай
сараптаудан өту арқылы ғана мақұлданып, бекітілуін ұсынамыз.
3.
Латын графикасына көшу, әзірлеу және енгізу кезеңдерінен
тұрады. Әліпбидің кемшін тұстары республикадағы білікті ғалымдар арасында осындай
ашық жиындарда жан-жақты талқыланбай бекітілсе, алдындағы ҚР Парламентінде
таныстырылған диграф жобасы мен ҚР Президенті бекіткен апостроф және акут
жобаларының тағдырын құшады. Сондықтан әзірлеу кезеңі аяқталмай тұрып оны қоғамға,
оқу үдерісіне енгізу жұмыстары тоқтатылсын (насихаттау, диктант алу, сауалнама
алу, газет шығару, бекітілмеген әліпбимен көрнекі ақпарттар ілу, және т.б)
4. Осы
салаға жауап беретін Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
министрлігінің Тіл саясаты комитеті ҚР Мәжіліс депутаттарын, Қоғам қайраткерлерін, Білім саласының өкілдерін, ЖОО оқытушыларын, Халықаралық қазақ тілі қоғамының
өкілдерін, белгілі түркітанушыларды, ең бастысы осы салаға қатысты
білікті мамандарды жинап қазақ жазуының өзекті
мәселелерін талқылап бір шешімге келуі керек.
5. Ең басты мәселе – жазу реформасы
арқылы тілімізді А. Байтұсынұлы салған ұлттық арнаға әкелі, кеңес дәуірінде тынысын тарылтып келген жат тілдік ықпалдан
арылу деп түсінеміз. Жат дыбыс пен әріп, жат сөздердің тілімізде
қолданылуы мәселесіне байланысты да түпкілікті байлам мен шешімге келу аса маңызды.
Бұларды шешпейінше,
қазақ тілінің бәсекеге қабілетті ұлттық тіл ретіндегі келешегін қамтамасыз ету
де мүмкін емес.
6. Иә, қанша ғалым болса, сонша пікір болады деп «мен білемдікпен» біржақты
кету дұрыс емес екендігін көрдік. Тіліміздің табиғи болмысын сақтаймыз десек,
барлық ғалымдар кеңесе отырып түбегейлі бір шешімге келуі керек. Төреші тілдің ішкі жүйесі мен басты
заңдары болуы тиіс. Басты
міндет - ғылыми негізделген, тіл заңдылығына сүйенген, ең бастысы, тілге қызмет
ететін, тіл болашағын сенімді ететін жаңа әліпби мен емле ережелерін қабылдау
болуы керек.
ПІКІР АЛМАСУ
Пікір қалдырыңыз
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
30/10/2025 10:41
«Ақымет Байтұрсынұлы шығармаларын ғылыми айналымға енгізу» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді
|
23/10/2025 16:55
«Қазақ топонимикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
|
10/06/2021 14:06
«Сингармология или неизвестный сингармонизм» атты зерттеу еңбегінің таныстырылымына шақырамыз
|
ТЕКСТ




