КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

 

Басқа Еуропа елдеріндегідей, Данияда да қазақ диаспорасы бар. Бес миллионға жуық халқы бар солтүстік Еуропадағы елде қандастарымыздың саны көп емес. «Олардың біздегі қазақтармен салыстырғанда тірліктері тым қауырт көрінді маған. Қандастарымыз ірі корпорацияларда, IT-технология және мейрамхана ісімен айналысады» - дейді Әлия Шәмшиева. Ақтөбеден арнайы барған ол Даниядағы тіршілікті көзбен көріп қайтқан еді. Ендеше жолжазбаны назарларыңызға ұсынамыз.

Атажұрттан алыс жатқан қазақтар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Ұлттық дәстүрді де берік ұстанады. Ана тілге деген құрметі жоғары. Даттар өздері керемет үйлерде тұрады. Мұндай үйлер тым қымбат болғанымен, даттардың оған жағдайы жетеді. Бірақ олардың табысының 40 пайызы осынау үйлердің салығын төлеуге кетеді екен. Бір дат орташа есеппен 400 шаршы метр болатын пәтерге иелік ете алады. Ал шағын жер сотығының өзі 10 сотықтан асады. Мұның ішіне көпқабатты үйлер мен гүл бағы кіреді. Барлық үйлерге арнайы күзет қызметі орнатылған. Дания біздің елден 60 есе кіші. Олар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеседі екен. Дегенмен үлкендердің айтуынша туған тілді жастар ұмытып барады дейді. Ол жақтағы тұрақтап қалған қазақтардың тілінде неологизм жоқ. Бірақ түсінісіп кете аласың. Қытайдан, Ауғанстаннан және Түркиядан барған қазақтар үйлерін оюлап, ұлттық үлгіде ұстамайды. Тек жиһаз көп артық дүниені көзің шалмайды.

Даттардың сүйіп жейтін тағамы – стейк. Даниядағы қазақтарда етті көп жейді. Бірақ олар етті қатты қайнатады немесе қатты қуырып жібереді дейді Әлия. Әрине біздің ет тағамымызды Дания қазақтары да сүйіп жейді. Тіпті даттарға да ұнайды. Егер жергілікті қазақтар даттарды қонаққа шақырса, олардың алдымен сұрайтыны қазақтың ет тағамы екен.

 

Даттар қонаққа қалай барады немесе қалай шақырады?

 Менің әпкем Эсьбергте тұрады. Мен барған күні ол көршісін және достарын шақырды. Мен бірден бауырсақ пен оливье салатын және манты дайындаймын дедім. Бірақ әпкем Данияда үстелге тек бір ғана ас қойылады деді. Салаттың бір түрі және десерт. Тамақтанып болған соң қонақтар дайындалған тағамдарға қатысты өз пікірлерін айтады екен. Дәмді шықса ұнады дейді, ұнамаса кем-кетіктерін де айтуды ұмытпайтын көрінеді. Қонақтар үйге өздерімен бірге ішетін сусындарын ала келді. Ешқайсысы аяқ киімдерін шешкен жоқ. Тіпті Дания көшелерінің тазалығы соншалықты, асфальтті арнайы сусабынмен жуады екен. Мен қонақтар қайтар тұста қазақтың дәстүрімен сарқыт салып бергім келді. Олар бұл ісіме біраз шамданып қалды. Мен қазақтарда бұрыннан сақталған дәстүрі екенін айттым. Олар түсінген соң, бұл дәстүрімізге қызығып қалды. Данияның жер көлемі аз болғанымен, оның жартысын ауылшаруашылығын дамытуға жұмсайды. Жеміс-жидек, көкөніс және гүл өсірумен айналысады. Ал мұнда сиырдың бірнеше тұқымын көруге болады. Данияда көкөніс, ет, азық-түлік және киімнің бағасы өте қымбат. Бір келі қиярдың бағасы шамамен 600 теңге болады. Бір бөлке нанға да осыншама ақша жұмсауыңызға тура келеді. Ет пен сырдың бағасы 5000 теңге, ал тауық етінің келісі 2000 теңге мөлшерінде. Мәселен джинсы шалбарын 30 000 теңгеге сатып аласыз. Олардың айлық табысы да жоғары. Мысалы медбикенің айлығы 19 мың крон, теңгеге шаққанда 625 мыңның шамасы. Ал дәрігерлері 1,2 миллион теңге көлемінде жалақы алады. Ол жақта хатшының қызметі жоғары бағаланады екен. Табыстары айына шамамен миллион теңге. Олар үшін медициналық көмектің кез-келген түрі тегін. Қаласа үйде босануға да мүмкіндік бар. Перзентханада босанған әйел жаңа туған нәрестемен бірге екі сағаттың ішінде үйіне жеткізіледі. Данияның қалаларынан дәріхана табу қиынға соғады. Мен Копенгагенде, Биллунде және Эсьбергте болдым. Бірақ бірде бір дәріхананы көзім шалмады дейді Әлия. Даттар осы жағын мақтанышпен айтады. Есесіне шаштараз көп. Еркектері әйелдеріне қарағанда шаштарын жиі алдырады. Барлығы бір шаш үлгісінде алдыратын сыңайлы көрінді маған.

 Әлияның айтуынша Даниялықтардың балаға деген қамқоры өте жоғары. Балалар бөлмесінен ешқандай жұмсақ ойыншық пен қуыршақты көрмейсіз. Барлық ойыншықтары құрастырмалы болып келеді. Баланың ақыл ойын дамытуға бағытталған музыкалық ойыншықтарды да көруге болады. Міне мен көрген Данияның бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика