КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына
арналған «Тапқыр достар» сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:
1. Өткен материалдарды жүйелеп, алған білімдерін қорытындылау.
2. Оқушылардың ой-танымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау логикасын дамыту.
3. Ойын арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа және Отанының патриоты болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:сайыс сабағы
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың эпиграфы:
Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл!
« ...Тәуелсіздігіміз −халқымыздың ғасырлар бойы армандаған, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты. Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу»
(Н.Ә.Назарбаев)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.
2. Қазақстан туралы сұрақ-жауап.
3. Сабақтың мақсаты, жүру барысымен таныстыру.
4. Топ құрамымен таныстыру.
1-топ – «Жалын»
2-топ – «Жетіқарақшы»

Таныстыру(Әр топ тақпақтап өздерін таныстырады)

1. Сөз тапқанға ...
Берілген сөздерден сөйлем құрастыру, артық сөзді табу:
Еліміздің, бір, жүзіне, тәуелсіздіктің, қабылданды, дүние, танылуы, мемлекет, белгісі.
Тәуелсіздіктің бір белгісі − еліміздің дүние жүзіне танылуы (қабылданды, мемлекет).
Шындық, болуының, мемлекет, негізі, мәртебе, тәуелсіз, басты, тілі, оның, ана.
Тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі − оның ана тілі (шындық, мәртебе).

2. Ойлан, тап(Экранда көрінген суреттерге сәйкес мақалдар айту)
Суреттер: от, орман, отбасы, жуа.

3. Сен білесің бе?(Сандардың астындағы сұрақтарға жауап беру)
1-топ сұрақтары:
- Қазақсанның астанасы болған қалаларды ата.
- Қазақстанныңтәуелсіздігі үшін өткен халық көтерілісі қашан болды?
- Тәуке ханның тұсындағы заң жобасы қалай аталады?
- Қысқы Азиада ойыны Қазақстанда қашан өтті?
- Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? Қай жылы ғарышқа ұшты?
- Астананың символы не? Оның биіктігі қанша?

2-топ сұрақтары:
- ЮНЕСКО-ның шешімімен қай қалаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді?
- Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған ескерткіш қай қалада?
- Қазақстан жерімен өткен жол қалай аталады? Қайдан басталады?
- Үш жүздің басын қосып, біріктірген хан кім?
- Қазақстанда қандай ғарыш айлағы бар?
- Қазақ тілі қай жылы, қандай мәртебе алды?

3. Кім жылдам? (Берілген сөздерді оқымай, заттың атын айтпай түсіндіру керек, отырғандар не туралы екенін табу)
1-топ сөздері: отан, мектеп, сабақ, дәрігер, кітапхана, қалам, театр, кабинет, сағат, көше.
2-топ сөздері: мұғалім, асхана, кітап, стадион, сатушы, дәптер, саябақдау, дүкен, қала.

4. Ойтолғау
1. Осы 20 жылдағы біздің жетістіктеріміз.
2. Қазақстанның болашағы жастардың қолында.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 424 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 667 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1046 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1191 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика