КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Ресей филологы Александр Драгункин 2014 жылдың күзінен бастап Астанада қазақ тілін үйретуге кіріспекші. А.Драгункин ағылшын және қытай тілін меңгерудің атақты зерттеу әдістемелерін жазған ғалым ретінде белгілі. 
Оның әдістемелері бүгіндері әлемнің 28 мемлекетінде қолданылады екен. Енді ол өз әдістемесін біздің елге әкелуге ниетті. Ол тіпті: «Қазақстанда ағылшын, қазақ тілдерін үйрену көбейту кестесін жаттағанмен бірдей болатындай етіп жасаймын» деп сеніп отыр. 
А.Драгункиннен ағылшын тілі бойынша дәріс алғандардың арасында Кеден одағына мүше елдердің бірінші басшылары да бар көрінеді. 
«Маған қазақ тілі ұнады, оны оқытуға деген қажеттілік барын түсіндім. Мен орыстарға қазақ тілін үйретуге арналған нарықтағы оқулықтармен де таныстым. Бірден айтайын, филолог әрі оқытушы ретінде ол оқулықтарға көңілім толмады. Қазақ тілінің көптеген элементінің өзінен-өзі түсінікті жайт ретінде үйретілетінін байқадым. Орыстілді оқушы үшін бұл – күрделі мәселе, ал мен сол күрделі мәселені шешу жолдарын таптым» дейді ғалым. Алайда ол өзінің тіл үйретудегі әдістемесін бөліскен жоқ. 
«Тек бір нәрсені ғана айта аламын, қазақ тілінде орыстар үшін үлкен мәселе болып көрінетін үндестік заңы қағидасы бар. Мен осы мәселені дәстүрлі емес жолмен шештім» дейді ол. 
Осылай қазақ тілін едел-жедел үйрететініне сенімді болып отырған ғалымның өзі бір ауыз қазақша білмейтін болып шықты. Сөйте тұра, ол қазақ тілін үйрететін оқулық жазуға ықылас танытуда. 
«Мен әзірше қазақша сөйлемеймін, бірақ оқулықты қазақ тілін білетін адамға жазғызамын. Тіл үйренуге ниеті бар адамдарға қазақ тілін жылдам меңгеруге көмектесетін оқулық жазғым келеді» дейді ол. 
Есте болса, осыдан екі жыл бұрын Қазақстан халқы ассамблеясы БАҚ өкілдеріне ресейлік психолингвист-ғалым Дмитрий Петровты таныстырған-ды. Сол Петров бір айда қазақша үйретіп шығамын деп уәде етті. Ең қызығы, ол уәдесінде тұрды. Қазақстандағы шет мемлекеттер елшіліктерінің қызметкерлері Петровтың әдістемесі негізінде бір айда әжептәуір қазақша үйренді. Оған өзіміз куә болдық та. Біз осы жөнінде А.Драгункинге айтып бердік. Ол әріптесі әрі жерлесі Петровтың әдістемесін әлсіз деп бағалады. 
«Дмитрий Петровтың оқулығын көргенмін, егер ол үйрете алса, онда біздің арамызда ешқандай бәсекелестік болмауы тиіс. Менің методикам жақсы әдістемелерге бәсекелес болмайды, бір-бірін толықтыруы мүмкін. Мәселе мынада, сіз оған қалай қарайсыз, өз еркіңіз, менің ағылшын тілін үйрету бойынша кітабым 1998 жылы жарық көрді. Егер сіз сол 1998 жылға дейін жазылған ағылшын тілін үйрету кітаптарын көрсеңіз, менің кітабыммен айырмасы жер мен көктей. Бүгінгі таңда ағылшын тілін үйрету нарығындағы кітаптардың барлығы мен жасаған әдістеме негізінде жазылған. Менің методикамды бәрі қолданып жүр. Петровтың оқулығы әлсіз. Егер оның сол оқулығы нәтиже беріп жатса, тек қуанамын. Петров жаңалық ашқан жоқ, ол материалды берудің тәсілін ғана өзгертті. Мен қазақ тілінің грамматикасын үйренудегі қиындықты шешудің жолын таптым, енді қазақ тілін үйренудің еш қиындығы жоқ» дейді. 
Бұл ғалымның тың әдістемесінің нәтижесін уақыт көрсете жатар. Тек бізді ойландырғаны, қазақ тілін білмейтіндер қазақша үйретемін деп өзеурейді. Ал өзіміздің филолог-ғалымдар неге осылар сияқты белсенді емес?!

Айқын

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика