КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

    Мақсудлы жерге баруға сапар жолын анықтап білу міндет. Жалғыз болып жаңылса, қатесі өзіне тиеді, басшы болып адасса үлкен зияншылық шашады. Қазақ халқы барамыз деген жерін сезіп жүр «ғылым-білім» деп. Барамыз деген жерін біліп оқуға көңілденгенге басшы молда, мұғалімдерді не жолменен апарудың өздері анық білуге аса міндетті. Басшы түзу болса, ұзын жол қысқа, басшы олақ болса, қысқа жол ұзын. Қысқа жолға уақыт аз, ұзын жолға уақыт көп өтеді. Уақыттан бағалы дүниеде ешнәрсе жоқ. Өткен ғұмыр қайта келетұғын тағдыр жоқ, бүгінгі күн ертең жоқ...
    Қазақ халқы жаңа көзін ашып келе жатқан халық. Боларлығы, жетерлігі, пісерлері, гүлденулері алдында һәм бала тәрбиесін және оқыту жайын нашар біледі. Бұрынғы өнер, ғылым, білім және тәжірибелері жоқтығынан һәм бала тәрбиесі, оқыту жайы турасында кітаптары аздығынан сол үшін қалімше қарлығаш болып, түзу тәртіппен сабақ бермек жолын һәм тәрбиесі хақында жазбақ ойым бар.
    Әрбір жүз жылда көтерілген құпталған жұмыстармен замананы мінездеу (бір қалыпқа кіргізу) бар. Үстіміздегі ХХ ғұмырды (ғасыр) «білім ғасыры» деп айтылады. Кім біледі түзу жолменен жүріп кетсек, һәм базардың қызуында кез келген болып жиырмасыншы ғұмырда балаларды бәйгеге қоссақ, алдымен келіп бәйге алмасақ та, бөлініп қалмасақ жарар еді. Халықта да жазық мол шығар, солай болса. «Жұмыс ісмерден қорқады» деген. Халық су болғанда мұғалімдер жел секілді боларға керек. Желге су шыдап тұра алар ма?!
    Бұрынғы кезде көбінесе молдалар қарын қамын жеп халықты пайда шығарлығына бір кәсіп тұқымы көретіндей еді. Бұл уақытта жаңа тәртіпті ойы бар мұғалімдер шығып, молдалықты халыққа қызмет ету деп ұғатұғын секілді. Халық құлқынды молдаларды ұмытып, жаңа мұғалімдерге басқа көзімен қарар деген үмітім бар. Һәм мұғалімдер «молданың айтқанын істеп, қылғанын қылма» деген мақалды өз заманындағы молдаларға беріп, сөз тәйтін жеткізбей үлгі болып, адал екендерін халыққа көрсетер деген тілегім бар. Ескі молдалар өтірік не мыс ойламай, жұмыс қайда, сонда болып, бірінің надандығын бірінен жасырмай, бірлікте болулары мақұл. Бірлігі болмағанда халықтық аңқаулық та, айғырлық заманның «жаңа қонаққа ескі қонақ орын бермек» деген мақалын ұмытпасқа керек. Әуелден жаңа жеңбек, ескі көнбек.

Мақала «Айқап» журналының 1912 жылғы №1 санында жарық көрген.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 426 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 667 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1047 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1191 0



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика