КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

 

Білім мен мәдениеттің ордасына айналған Алматыда жарнамалардың жыры бітпейтін болды. Қаламыздың көрікті көшелеріндегі қазақшасы ақсаған, денсаулыққа зиянды энергетикалық сусындарды насихаттаған кейбір жарнама билбордтары әрқашан шаһардың шырайын бұзып тұрады. Жалпы, кез-келген жарнамадағы өнім талғампаз тұтынушылардың қызығушылығын тудырады, әсіресе, заман иесі – жастарды жаулап алады. 

Өкінішке қарай, қалтаның қамын ғана ойлаған қазіргі таңда жарнамада адамның денсаулығына пайдалы заттарды ғана жарнамаламайды. Төріміздегі теледидардан жарқ еткен жарнаманың тылсым құдыретінің арқасында жыл сайын темекі, сыра, арақпен достасқан тұтынушылар қатары қалыңдап бара жатқаны алаңдатады. Әсіресе, темекі түтініне тұншыққан жастар сырамен сырласуға құмар болып алды. Бұрын темекі тарту, сыра ішу деген қазақ қыздарына жат құбылыс болса, бүгінгі таңда бұл әдепсіз әрекет көз үйренген күнделікті көрініске айналды. Көшеде жігіттермен жарыса сыраға жабысқан бойжеткендеріміздің көбеюі Арбаттағы «Тироль» неміс мейрамханасының маңдайындағы сыраны судай сімірген сұлу бикеш бейнеленген билбордтардың сиқыры екені сөзсіз. Көшеде күнде көретін осындай жөнсіз жарнамалардың арқасында өмірде барлық нәрсенің дәмін татып көргісі келетін жастардың арасында сыра сәнге айнала бастады. Болашақ аналарға өз қолымен ағзасын улауға жол көрсетіп тұрған бұл билборд жастардың сүйікті демалыс орнында орналасқандығы көңілге қаяу түсіреді. Сыраны сүйетін сұлу бұл тұрысымен әлі талай қазақтың қарадомалақ қыздарын сыраға үйір қылатын тәрізді…

Жоғарыдағы жарнамадағы ару қыз сыраның дәмін сезінуге шақырып тұрса, ал, Қабанбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында орналасқан билбордта жеті бірдей бойжеткен құмар ойынының қызығына бату үшін баршаны казиноға шақырып тұр. Сұлулығы бірінен бірі өткен арулар күндіз-түні үн-түнсіз-ақ баршаның назарын өздеріне аударып, адамның құмар ойындарға құмарлығын арттырып тұр. Қоғамда талай шаңырақтың шайқалуына кесірін тигізген құмар ойындары әліге дейін қаншама адамның басынан бағын тайдырып, отбасының құт-берекесін қашырып келеді. Қоғамның рухани індетіне айналған құмар ойындары ешқашан ешкімнің қалтасын қалыңдатпайды. Қаламыздың көрікті көшелерінде жар салған жарнама билбордтары ресейлік әртістер өнер көрсетеді деген желеумен қоғамның санасын улайтын ойынханаларға адамды әдейі қызықтырып қояды. «Қош келдіңіздер!» деп күлімсіреп қарсы алатын айдай аруларды көргенде, күндіз-түні есіл-дерті құмар ойынында болған адам ойынханаға қарай асығады. Қалтасында көк тиынына дейін қалдырмай сыпырып алса да, қоғамда казино жағалайтын адамдардың азаймауына осындай, билбордтар себеп.

Төңірегіңіздегі жарнама билбордтарына байқап қарасаңыз, қазіргі кезде бойжеткендер жарнама арқылы тұтынушыға кез-келген тауар өткізудің ең тиімді тәсіліне айналғанын айқын аңғарасыз. Қара терге түспей, әп-сәтте оңай олжаға кенелгісі келетін арулар тауар жарнамалауда жартылай жалаңаштанып суретке түсуден де тайынбайды. Тіпті, көлік жуу жарнамаларындағы ар-ұят атаулыдан жұрдай нәзік жандардың бейнесін өз көзіңізбен көріп жүрген шығарсыз.

Қаламыздың қақ ортасында орналасқан Достық даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиы­лысындағы киім-кешек дүкенінің жанындағы жарнама тақтасында жартылай жалаңаш бейнеленген жеті бірдей бойжеткен қысып тартып тұратын әйелдердің іш киімін «әдемілеп» жарнамалап тұр. Көше бойында күндіз-түні тәнін жарқыратып тұрған бұл аруларға балабақшадағы бүлдіршіндер де мойындарын бұрып, күн сайын қарап өтетіні жаныңызға батады. Бұл қаладағы әйелдер іш киімдерінің қаптаған жарнамаларының бірі ғана. Ақ жаулықты апаларымыз баяғыдан етек-жеңін жиған қазақ жерінде көзіңізді күнәға батыратын, жа­ғаңызды ұстататын мұндай сорақы көріністер азайса дейміз. Жүректегі таза тілегіміз, баршамызды бауырына басқан Алматы адамзатты рухани азғыртатын жағымсыз жарнамалардан тазарса екен.

Алматы ақшамы


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика