THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
2014 жылдың 22 қыркүйегi күнi, қазақ тiлiнiң заң жүзiнде мемлекеттiк мәртебе иеленгенiне 25 жыл толды. Алайда бұл заң әлi күнге өз деңгейiнде толық iске асқан жоқ. Қазақ тiлi шынайы мемлекеттiк тiл биiгiне көтерiлмедi. Орыс тiлi әлi де Кеңес Одағы кезiндегiдей, зор үстемдiкке ие. Тәуелсiз мемлекет үшiн бұл – үлкен олқылық, бодандық санадан арылмағандықтың белгiсi.
Қазақстан Республикасы кешегi Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердiң iшiнде, өзiнiң ұлттық тiлiн қомсынатын, оның қоғамдық өмiрдiң барлық саласында – билiк жүргiзуде, заң шығаруда, саясатта, экономикада, ғылым мен бiлiмде, ұлтаралық қарым-қатынаста – кеңiнен қолдануға қол жеткiзе алмаған бiрден-бiр әлжуаз, намыссыз мемлекет саналады. Ащы да болса, ақиқат – осы. Қазақтар Республика халқының 65 пайызын құраса да, өзара орысша сөйлесетiн әдеттен арылмай келедi. Билiк мемлекеттiк тiл туралы заңды сыйламаған соң, бiр-бiрiмен қазақша тiл қатыспаған соң, жиындарын орыс тiлiнде өткiзген соң, қарапайым халық қандай жолмен жүрсiн?! Билiк басында жүрген қаншама қазақ басшылардың балалары, немерелерi өз ана тiлiнде сөйлеудi ұят санаса не үмiт, не қайыр?
ҚР президентi Н.Назарбаевтың жарлығымен бекiтiлген тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-20 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша республика халқы 2020 жылы 100 пайыз қазақ тiлiне көшуi тиiс. Жиырма бес жылдағы жағдайымыз белгiлi, ал алты жыл уақытта оның орындала қоярына кiм сенедi?
Мемлекеттiк тiлдi орнықтыру үшiн қатаң түрде мемлекеттiк талап қойылуы керек. Жоғарыдан басталған көзбояушылық, өзiңмен-өзiң қазақша сөйлес деп алдарқату, жалпақшешейлiкке салыну, татулық пен тұтастықты сылтауратып, өзгелердiң ығына жығыла беру, басқа елдердегi, мәселен Украинадағы, дүрбелеңдi тiлге телушiлiк сияқты әрекеттер алысқа апармайтыны, мақсатқа жеткiзбейтiнi айқын.
Қазақ тiлi мемлекеттiк мәртебесiмен қатар ұлтаралық қатынас тiлi болуы тиiс. Бұрыннан қойылып келе жатқан талаптың – орыс тiлiнен “ресми тiл” деп аталатын қосақтаманы алып тастаудың дұрыстығын өмiрдiң өзi әлдеқашан-ақ дәлелдедi.
Былтырғы 2013-14 оқу жылынан бастап, ағылшын тiлi мектептерде бiрiншi сыныптан бастап оқытылады. Бiрақ Мемлекеттiк тiлдi үш тiлдiң бiрi ету – бұл қазақ тiлiн әлсiрету және орыс тiлiн мемлекеттiк тiл ретiнде заңдастыруға бағытталған үкiметтiң қитұрқы саясаты деп бiлемiз. Үштiлдiлiктiң басы балабақша мен бастауыш сыныптан басталады. Тiптi бұрынғы Кеңес Одағының өзiнде балаға шет тiлдi бастауыш сыныптан кейiн үйрететiн. Ал Жапонияда бала 12 жасқа дейiн тек өзiнiң ана тiлiнде тәрбиеленiп, бiрiншi кезекте ана қуатын бойына сiңiредi. Мұнан кейiн 100 тiл меңгерсе де өз еркi. Осылай еткен жағдайда ғана бүлдiршiн санасында елдiк, ұлттық, патриоттық сезiмдер берiк орын тебедi. Әлем ғалымдарының зерттеуiнше де солай.
Қазақ мектептерi сапалы бiлiм бермейдi деген сынаржақ көзқарастан арылатын мезгiл жеттi. Оқулықтардағы, оқытудағы кемшiлiктердi жедел түзету, қазақ тiлiнде сабақ өтетiн мамандарға жүктелер жауапкершiлiктi арттыру, мемлекеттiк тiлдегi балабақшалардың санын едәуiр ұлғайту арқылы оңды бетбұрыс жасауға болады. Соңғы кездерi құпия ұсталып келген бiр мәселеге тоқтала кетелiк. Астана қаласында қазақ балаларының 47 пайызы, ал республика бойынша 37 пайызы орыс мектептерiнде бiлiм алуда. Масқара емес пе? Егер жағдай керiсiнше болсын десек, Бiлiм және ғылым министрлiгi өз саясатын түбегейлi өзгертуi қажет.
Елiмiз тұрақты түрде қарқынды дамуы үшiн ел телевизиясының ұлттық тұғыры да мызғымас берiк болуы шарт. Қалай айтсақ та, телеарналар iлкiмдiлiгi жағынан барлық ақпарат құралдарынан асып түсiп, қоғамдық ойды қалыптастыратын негiзгi құралға, тәрбиешiге айналды. Қазiргi буын түгелдей сол көгiлдiр экранның тарататын хабар, бағдарлама, фильмдерiнiң т.б. негiзiнде бой түзеп өсiп келедi. Таң азаннан қара кешке дейiн кез келген үйде ата-әже, ата-ана емес, тәлiмгер – теледидар. Қазiргi бала – ертеңгi ұлт болашағы екенiн тереңнен түсiнсек, бүтiн халық болашағын тәрбиелеп жатқан телевизияның көрсету мәдениетiн қадағалайтын, реттеп отыратын мемлекеттiк мекеме қажет.
Осы уақытқа дейiн тек екi заңды ғана мемлекеттiк тiлде дайындап, қабылдаған республика Парламентiн тәуелсiз ел мүддесiн көздейдi деп айта алмайсың.
Мемлекеттiк тiлдiң тағдырына алаңдаған Республикалық “Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысы, тiл жанашырлары мен ұлт зиялылары мемлекеттiк тiл төңiрегiндегi әлi күнге шешiмiн таппаған мәселелерге алаңдай келе, билiк басындағыларға мынандай талаптар қояды:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi Мемлекеттiк тiл туралы жаңа заңды қазақ тiлiнде дайындап, қабылдасын. Сол заңда мемлекеттiк қызметкерлер, депутаттар мемлекеттiк тiлдi бiлуге мiндеттi деп көрсетiлсiн! Мемлекеттiк тiлде жұмыс iстегiсi келмейтiн үкiмет пен парламент таратылсын;
2. Бүгiнгi таңда Қазақстанның ақпарат кеңiстiгiн Ресейдiң бұқаралық ақпарат құралдары он-он бес есе басымдықпен жаулап алғаны ешкiмге құпия емес. Ел аумағына тарайтын 5 мыңнан аса Ресей газет-журналдарымен қоса толып жатқан спутниктiк арналар экспансиясының салдарынан мемлекеттiк тiл өрiсiне керi әсер жүрiп жатыр. Қазақстанның ақпарат кеңiстiгiн басқа елдердiң идеологиясын насихаттау мақсатында пайдалануға жол берiлмесiн, ресейлiк интернеттiк ақпарат тасқынына шектеу қойылсын, отандық, қазақтiлдi кiтаптарды сататын кiтап дүкендерi мен кiтапханаларды ашу iсi мемлекеттiк деңгейде жүргiзiлсiн;
3.“Телерадио хабарларын тарату туралы” заңда көрсетiлген 50 де 50 мөлшерiне бағынбаған телеарналар көп. Олардың кейбiрi, тiптi мемлекеттi де, заңды да мазақ етiп келедi. НТК, КТК арналары “Тек күлкi үшiн” дейтiн қазақша атауы жазылған, бiрақ қазақша бiр ауыз да сөз қоспайтын шетелдiк “мақау” сайқымазақ көрiнiстердi көрсетудi әдет етуде. Осындай арамза қулыққа барған телеарналарға айып салынсын. Қазақстанның экспансияға ұшыраған ақпарат кеңiстiгiн өз ұлтының рухани құндылықтарын насихаттайтын дәрежеге көтеру кезеңi әлдеқашан жеттi деп бiлемiз. Сондықтан отандық телеарналардың барлығында жартылай қазақша, жартылай орысша, дүбәралықты насихаттайтын дүниелердi таратуды тоқтатату керек. Халықтық руханияттан бастау алған шығармалар телеарналарда, радиода, басылымдарда жиi берiлiп жатса ғана өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рух қалыптасатыны хақ;
4. “Қазақстандық ұлт” саясаты “Ел бiрлiгi” доктринасынан алынып тасталғанымен, ол қоғамға сыналай ендiрiлiп жатыр. “Қазақстандық ұлт” саясаты қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауымның жiтi назарында болғандықтан, оны ендiруге бағытталған кез келген шара республика аумағында тағы да қарсылық тудыратынын ескертемiз;
5. Президенттiң өзiнен бастап үкiмет басшылары мен лауазымды қызмет иелерi барлық отандық, шетелдiк ресми кездесулерде мемлекеттiк тiлде сөйлеуге мiндеттелсiн, республика көлемiндегi мемлекеттiк iс-шаралар мемлекеттiк тiлде жүргiзiлсiн. Республика министрлiктерi, мемлекеттiк органдар, департамент, басқармалардың iс-қағаздары толықтай мемлекеттiк тiлге көшуi керек. Мемлекеттiк тiлдi бiлмейтiндер iлеспе аударма қызметiн пайдаланатын болсын.
“Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысы атынан бұл ұсыныс-талаптардың кейбiреуi бұдан бұрын да билiктiң алдына тартылғанмен, “баяғы жартас, сол жартас күйiнде” қалып келедi. Оған ендi төзе алмаймыз! Мәлiмдемеде көтерiлген мәселелер тиiстi орындарда талданып, нақты заң жобаларымен мiндеттелетiн шешiмдер шығады деген үмiттемiз.
ПІКІР АЛМАСУ
31/05/2017 10:20
Жiгiт шақта мешеулiктен арылайық! (“Мемлекеттiк тiл” қоғамдық қозғалысының мәлiмдемесi)
|
ТЕКСТ