КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Бүгін менің тілім жеңді!

Сағат деген дүниеге жаным құмар. Бүгін соны алу үшін бірнеше онлайн дүкендерге тапсырыс бердім. Тапсырыс беру үшін Whatsapp желісі арқылы сөйлесу керектігі ұсынылды. Барлығы орыс тілінде кетіп жатыр. Ерегескенде қазақ тілінде сұрап, жауап алуға тырыстым. 3-4 дүкен орыс тілінде сұрауымды талап етті. Сағат ұнап тұр, әттең... Тілден биік емессің ғой деп мен де тырысып қалдым.

Не керек 1 сағат ішінде ары-бері сөйлестік. Олар қызметті орыс тілінде, мен қазақ тілінде жүргіздім. Қызық ә, екі тілде сөйлесіп отырмыз, бірақ түсінеміз!

Бір сағатқа көзім түсті. Алғым келді. Тек орыс тілінде сұрауым керек. Себебі қазақша мүлде түсінбейді екен. 15 минуттай күттім де, ақыры "Сонымен мен бұл сағатты ала аламын ба әлде жоқ па?" деп сұрақ қойдым. Арада талқылау кетті-ау дейімін, орыс тілінде ғана жазып отырған онлайн-дүкен, "әрине ала аласыз. Қайда жеткізу керек?" деп сайрап кетті...

Менің де тырысқан денем босап, рахаттанып отырып тапсырыс бердім. Олар да енді қазақ тілін үйренетін болар. Себебі мен сияқты "тілім" десе тырысып қалатындар көп қой. Ал оларға сауда жасау керек және ақша да керек. Ал ақшасы бар қазақ "қазақ тілінде" сөйлеп отырып алса, орыс тілі міндетті түрде екінші орынға түседі.

Ашуланбай-ақ, шу шығармай-ақ қазақ тілінде сөйлеп, жазып отырып алыңыз. Егер тұтынушы болсаңыз, сізді тұтқынға түсіру үшін қарсы жақтағы маркетологтар қай тілде болсын қызмет көрсетуге дайын болады. Ал Қазақстандағы тіл - қазақ тілі.

Сағат алдым, тілім жеңді!                      

Ақан Марғұланның Facebook парақшасынан


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика