THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Асылымызды ардақтайық!
Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды.
Орыстың ұлы жазушысы В.Г.Короленко: «..Менің тілім өз балаларыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам, жаным түршігеді», - депті. Сол сияқты барлық елдің ойшыл азаматтары өз ана тілінің тағдырына немқұрайды қарамайды. Жаны ашып, оның қамын жеп жүреді.
Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Ол халықтың, ұлттың кескін-келбеті деуге болады. Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын, өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп бере алады.
Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.
Қазір қазақ тілі мейлінше дамып, байып, жетілді. Нақты әдеби тіл жасалды. Орта мектептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр.
Демек, саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі, жазылады. Міне, мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін, ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер, терминдер, фразалар пайда болғанын білдіреді.
Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
Қазақ тілі, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына
арналған оқулық алғы сөзінде
ПІКІР АЛМАСУ
22/04/2024 12:18
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
18/03/2024 14:07
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУІНЕ ТАЛДАУ
|
ТЕКСТ