КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 2024 жылғы 5 қыркүйекте сағат 17:00-де Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында  «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып өтіп келеді. Іс-шараның міндеті - көпшілікке Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатын және А. Байтұрсынұлының ұлт үшін еткен істерін насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, жастардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру болып табылады.

Мерекелік жиынға мемлекеттік қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, қала тұрғындары мен қонақтары, студент жастар мен оқушылар қатысты.

Мерекелік іс-шара ресми және зиялы қауым өкілдерінің құттықтау сөзімен басталды. Көрермен көпшілікке қазақ тілі, ұлттық өнер мен әдебиет, А. Байтұрсынұлы және т.б. туралы  викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында белгілі өнер шеберлерінің қатысумен концерттік бағдарлама ұсынылып, соңы жастардың би кешіне жалғасты.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика