THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика
бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 «Алматы
қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға
арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Тіл
шебері» атты қалалық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік
меңгерген қала жастарын қолдау және насихаттау.
Сондай-ақ жастар арасында тілді меңгеруге деген қызығушылықты
ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, тіл
мәдениетін жетілдіру.
Көрермен және құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің
ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері,
қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым, студент
жастар мен оқушылар және т.б. шақырылды.
Байқауға Алматы қаласының әр ауданынан 16-35 жас аралығындағы
3 талапкерден қатысады.
Байқау төмендегідей төрт кезеңде өтті:
1-кезең: «Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары
жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;
2-кезең: «Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі
мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру;
3-кезең: «Елтаным» – қазақ елі, оның аймақтары жөніндегі
сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру;
4-кезең: «Өнертаным» – өз таңдауы бойынша үш тілдің бірінде
ән айту, көркемсөз оқу, билеу және т.б. өнер көрсету.
Қазылар алқасы құрамында белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік
емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби білікті мамандары болды.
«Тіл шебері» қалалық байқауының қазылар алқасының мүшелері
байқаудың ережесінде белгіленген шарттар мен талаптар бойынша байқауға қатысқан
18 үміткер туралы әрқайсысы өз ойларын білдірді. Әр қатысушының тапсырмаларды
орындау деңгейін жеке-жеке талқылай келе, қазылар алқасы бірауыздан
төмендегідей шешім қабылдады:
Бас жүлде: Абай
атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әнел Темірғалиева
І орын: №101 мектеп-гимназиясының орыс тілі пәні мұғалімі
Ранагүл Мансұрова
ІІ орын: І. Жансүгіров атындағы № 130 гимназиясының
әлеуметтік педагогы Мерей Оңласын
ІІІ орын: № 98 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі
пәні мұғалімі Жәния Елтай
«Сөз зергері» номинациясы: №188 мектеп-гимназиясының ағылшын
тілі пәні мұғалімі Айнұр Бекова
«Өнерлі өрен» номинациясы № 201 жалпы білім беретін мектептің
мұғалімі Арайлым Сыңырбаева
Ынталандыру: №133 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні
мұғалімі Қадыр Тұрсынханов
Ынталандыру: №194 жалпы білім беретін мектептің директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Ынтыбаева
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ