КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімдігі мен Мемлекеттік тілді дамыту институты 2024 жылы 29 қараша күні сағат 11:00 де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (Н. Гоголь көшесі, 114) мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл мәселелері» атты конференция өткізді.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдар мен мекемелердің тиісті мамандары, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, тіл белсенділері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 қаулысымен «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» бекітілген. Конференцияда осы аталған жоспарға сәйкес 2024 жылдың басынан бері өткізілген іс-шаралар мен орындалған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, нәтижелері талданды.

Конференцияда «Алматы қаласындағы тілдік ахуал (әлеуметтік лингвистикалық зерттеу және мониторинг)» атты ғылыми монографияның тұсауы кесіліп, «Almaty-atau» онлайн-платформасының таныстырылымы болды. Іс-шара барысында жылдың басында жарияланған «Көрікті жарнама – көркем тіл», «Сәбилерді сөйлетейік», «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық байқауларының жеңімпаздары Алматы қаласы әкімдігінің дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Конференция жұмысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихатталатын болады.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика