КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


    Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту  және ономастика бөлімінің тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты  
«Сәбилерді сөйлетейік» атты республикалық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты: 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған бейнеролик түсіру арқылы балалардың Мемлекеттік тілде еркін сөйлеуіне көмектесу. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде балаларға арналған қазақ тіліндегі видеоконтенттің санын арттыру.

Байқаудың міндеті:

3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арнап, видеолар ұсыну арқылы, бүлдіршіндердің қазақша сөйлеу тілін дамыту;

Түсірілетін бейнероликтің тақырыбында бүлдіршіндердің айналасындағы зат есімдерді, қимыл әрекет атауларын білуін көздеу;

Түсірілген өнімдерде жыл мезгілдерін, мезгіл үстеулерді және сын есімдерді қамту;

Әлеуметтік желілерде  қазақ тіліндегі видеоконтенттердің санын арттыру, үй жануарлары мен жабайы аңдардың атын атап, ажырата білуге үйрету;

Видеоконтент жасау барысында түстерді, сандарды, дене мүшелері атауларын ажырата алуды үйрету;

Байқауға қатысушылар: 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған қазақша бейнеролик түсіретін кез-келген Қазақстан азаматы мен азаматшасы (баланың әке-шешесі, ата-әжесі, аға-әпкесі, тәрбиешісі, т.б.) қатыса алады.

Байқаудың шарттары: Төмендегі тақырыптардың біреуін қамти отырып баланың ойнау барысын, ойыншықтарына шолу жасауын немесе  кәсіби емес камерамен-ақ, анимация  түрінде қазақша сапасы жақсы бейнеролик түсіріп, видеоконтентті  #сәбилердісөйлетейік хэштегімен өз инстаграм парақшаңызға немесе  YouTube  желісіндегі Shorts функциясына жүктеуіңіз қажет. Инстаграм парақшаңызға жүктеу барысында міндетті түрде Мемлекеттік тілді дамыту институтының @_mtdi_ инстаграм парақшасына жазылып, видеоконтетке @_mtdi_ белгілеуіңіз керек. Ескерту: Парақшаңыз ашық болуы керек және жүктелген видеоңыз сапалы әрі 3 минуттан аспауы тиіс. Өнім мына тақырыптардың біріне түсірілу керек.

-           - Қоршаған заттардың атын атау; (Мыс: бұл кітап, мынау қаламсап)

-         -  Қажетті қимыл, іс-әрекеттер бойынша кездесетін сөздерді білу; (Мыс: барамын, келемін, ұйықтады, ойнады)

-          - Кемі 20-ға дейін санау;

-          - Түстерді ажырата білу;

-          - Ауыр, жеңіл, сұйық, қатты, т.б. сын есімдерді ажырата алу;

-          - Үй жануарлары мен жабайы аңдардың атын атап, ажырата айту;

-          - Жыл мезгілдері мен мезгіл үстеулерді білу;

-          - Дене мүшелерін ажырата айту (бас, қол, аяқ, т.б.);

Байқау қорытындысы инстаграм парақшасындағы және YouTube  желісіндегі Shorts функциясына жүктелген видеоның қаралымы, сапасы, формасы, лүпіл және пікірді санау (коментарий) арқылы анықталады.

Байқаудың жүлдесі: Озық шыққан видеороликтердің иелері Алматы қаласы әкімдігі атынан Мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Байланыс телефондары: Мемлекеттік тілді дамыту институты. Айдана 8 775 908 3633, Луиза 8 707 781 0231  


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 717 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 721 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1096 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1551 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика