THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Ақпараттық хат
Қазақстан
Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы
№507 бұйрығымен бекітілген «2019 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды
ұсыну» жоспарына сәйкес, «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау
орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «ҮЕҰ
арасында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру»
тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған
оқыту курсын ұйымдастырады.
Шараның
мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ
қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.
Шара елдің 6
өңірінде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар
облыстары және Алматы қаласында өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қамтылады: ҮЕҰ
өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша
өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау
және дамыту, ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік
құралдарды дайындау және тарату.
Білікті
мамандар сабақ беретін болады. Олар: Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы - КИМЭП
оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы, Әбутәліп Орынғазы
Мұратұлы- филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше
кітаптың авторы, Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы - филология ғылымдарының
кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры.
Курсқа
Қазақстанның 6 өңірінен 300 дей адамды қамту көзделіп отыр. Онлайн курс 28
сәуір күні өткізіледі. Курс аяқталғаннан кейін сертификат тапсырылады.
ПІКІР АЛМАСУ
22/04/2024 12:18
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
18/03/2024 14:07
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУІНЕ ТАЛДАУ
|
ТЕКСТ