THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:

404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан
халқының тілдері күні мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 2024
жылғы 5 қыркүйекте сағат 17:00-де Алматы қаласының Орталық демалыс
саябағында «Ана тілім – ардағым»
атты мерекелік іс-шара өтті.
Қазақстан халқы тілдері күні
мерекесі елімізде 2018 жылдан бастап
қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып өтіп келеді. Іс-шараның міндеті -
көпшілікке Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатын және А. Байтұрсынұлының ұлт
үшін еткен істерін насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту, ұлтаралық
келісімді қамтамасыз ету, отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, жастардың қазақтың
ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру болып
табылады.
Мерекелік жиынға мемлекеттік
қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, еңбек ардагерлері, саяси
партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, қала
тұрғындары мен қонақтары, студент жастар мен оқушылар қатысты.
Мерекелік іс-шара ресми және
зиялы қауым өкілдерінің құттықтау сөзімен басталды. Көрермен
көпшілікке қазақ тілі, ұлттық өнер мен әдебиет, А. Байтұрсынұлы және т.б.
туралы викториналық сұрақтар қойылып,
дұрыс жауап бергендеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында
белгілі өнер шеберлерінің қатысумен концерттік бағдарлама ұсынылып, соңы
жастардың би кешіне жалғасты.
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ