КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

       Мемлекеттік тіл мәртебесі, оны дамыту мен қолданыс аясын кеңейту, оның өзге тілдермен қарым-қатынасы, сондай-ақ жалпы тілдік құбылыстар пәнаралық сипаттағы зерттеуді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда лингвистикалық пәндердің ішінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары болып табылатын этнолингвистика, когнитивті лингвистика, психолингвистика, гендерлік лингвистика, әлеуметтік лингвистика т.б. салалары тіл мен этнос, тіл мен таным, тіл мен адам, тіл мен сөйлеу, тіл мен қоғам т.б. мәселелерді кешенді қарау мүмкіндігіне ие. Осылардың ішінде, әсіресе, әлеуметтік лингвистика саласы әртүрлі гуманитарлық ғылымдардың: әлеуметтану, демография, психология, философия, заңтану және лингвистиканың жетістіктерін өзіне қабылдап, өзара байланыстыра алады. Осындай бірлікте қарастырғанда ғана адам және оның тілі зерттеушінің басты назарына ілігеді. Сонда ғана біз адам қажеттіліктерін, мүдделері мен тәжірибесін есепке алатын ғылымның заманауи талаптарына  жақындаймыз.

Осы бағытта «Қазақстандағы тілдік ахуал: аймақтық ерекшеліктер және өзекті мәселелер» атты арнайы зерттеу жүргізіліп, оның нәтижесі ретінде монография-оқулық жарыққа шықты. Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық (AP09259988 гранты) қаржыландыру аясында жүзеге асты.

Зерттеу жүргізу үшін Мемлекеттік тілді дамыту институты бір мақсатпен біріктірілген түрлі зерттеу ұйымдары мен университеттерден әртүрлі зерттеу тәжірибесі бар ғалымдар командасын  жинады. Зерттеудің тұжырымдамасы мен бағдарламасын және зерттеу әдіс-тәсілдерін әзірлеген жобалық командаға Сәуле Баяндина, Бердібек Бияров, Бижомарт Қапалбек, Қайрат Текжанов, Аман Абасилов, Сәуле Асанбаева, Назерке Оразхан енді. Жобалық топтың бірқатар мүшелері осы монография-оқулық тарауларының авторлары болды.

Зерттеудің өзектілігі тек лингвистикалық емес, сонымен қатар экстралингвистикалық факторлармен де байланысты. Қазіргі әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер үшін тақырыптың маңыздылығы микро және макросоциолингвистика мәселелерін шешу қажеттілігімен анықталады. Басқаша айтқанда, адамдардың әртүрлі жағдаяттарда жеке бір тілді не оның  қосымша жүйелерін таңдау мен қолдану тәртібін зерттеу және тілдік байланыстарды қарастыру проблемаларын шешу жатады. Бұл тақырыптың өзектілігі аймақтану, өлкетану үшін қажеттігі қазіргі жағдайда қазақстандық қоғамның құндылық трансформациясының бағыты мен мазмұнын анықтауда, халықтың әлеуметтік-мәдени шындыққа бейімделуінің негізгі көрсеткіші болып табылатын тілді зерттеуде көрінеді.

Жобалық жұмыстың жаңалығы, ең алдымен, зерттелетін материалынан – Қазақстанның геосаяси кеңістігінің құрамындағы оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймағындағы әлеуметтік лингвистикалық үдерістерден көрінеді. Қазақстанның осы аталған аймақтары жекелей сөз болғанымен тұтастай әлі әлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан зерттелген жоқ.

Қазіргі кездегі Қазақстанды әлеуметтік лингвистикалық аймақтарға бөліп, әр аймақтың тілдік ахуалына қарай мемлекеттік тіл мен өзге тілдерді дамытудың тетігін жасау – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.  Ел аумағындағы тілдік құрылысты жоспарлау мен реттеу, яғни ғылыми негізделген тіл саясатын жүргізу мәселесі лингвистикалық ғылыми ортада қызығушылық туғызғанмен, мемлекеттік және саяси ортада әлі де қолға алынбай келеді. Сондықтан бізге алдымен әр деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің, депутаттардың, саясаткерлердің, назарын аударатын мәселелерді анықтау керек. Олар: елдің әр аймағындағы этникалық топтардың сандық, әлеуметтік жағдайы, географиялық таралуы, көші-қон үдерістері, қазіргі көпэтносты Қазақстан мен жаһандану әлемінде маңызды орынға шығып отырған аймақ тұрғындардың өмір сүру жағдайлары мен мәдениеттердің әр алуандығы (азиялық пен еуропалық, оңтүстік пен солтүстік, батыс пен шығыс, қала мен ауыл, жат жұрттық және жергілікті), ондағы тұрақтылық факторы, қазақ және өзге этнос тілдерінің қолдану салаларының сипаты және олардың әртүрлі өмір салаларындағы қызметі, қостілділік, көптілділік  түрлері т.б. Бұл мәселелер жан-жақты мұқият зерттеуді қажет етеді.

Бұл ғылыми зерттеу тіл дамуын аймақтық тұрғыдан жоспарлаудың әлеуметтік лингвистикалық негіздемесі тақырыбындағы жұмыстың бірінші кезеңі болып табылады. Мұнда Қазақстанды әлеуметтік лингвистикалық аймақтарға топтастыра отырып, зерттеудің теориялық және әдістемелік мәселелерін қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты ел аймақтарын этнотілдік кеңістік ретінде ала отырып, ондағы тілдер мен олардың кіші жүйелерінің қызмет етуін «аймақтық әртүрлілік» моделінде қарастырып, кешенді әлеуметтік лингвистикалық зерттеу аспектілерін анықтау болды. Жобаның міндеттері оның мақсатымен анықталады және «аймақ» деп аталатын этноәлеуметтік кеңістіктің ерекшелігін анықтауды, Қазақстандағы этникалық тұрақтылық факторларын сипаттауды, түптеп келгенде аймақтардың нақты тілдік ахуалын  зерттеуді қамтиды. Онда: Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты және өзге елдердегі тіл дамуын жоспарлау мен реттеу тәжірибелеріне шолу жасау; қазіргі қолданыстағы тіл туралы заңнама және мемлекеттік тіл саясатының нормативтік-құқықтық базасына талдау жасау; Қазақстандағы тілдік ахуалдың жалпы жағдайы мен даму үрдістерін зерттеу; этникалық топтардың жинақы орналасу аудандарындағы және шекаралық жерлердегі тілдік ахуалды зерттеу; этникалық топтардың ана тілі, қазақ, орыс тілдерін қолдану салаларын айқындау; қазіргі заманғы тілдік процестердің әлеуметтанулық диагностикасы (тілдік бірегейлік, тіл қызметі, көлемі, қолданылуы, тілдің демографиялық күші); ел аймақтарындағы әлеуметтік-коммуникативтік орта (тілдерді отбасында, жұмыстағы қарым-қатынаста т.б.пайдалану); Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын бағалау, мемлекеттік тілдің мәртебесі, мемлекеттік тілді үйрену, мемлекеттік тілді үйренудегі проблемалар; білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тіл (мектепке дейінгі, мектептегі, арнайы орта білімдегі және жоғары білімдегі); тілдерді қолдану салалары, Қазақстандағы, оның бес аймағындағы тілдердің перспективалары; аймақтардағы жергілікті тіл саясатында практикалық әрекеттерді қабылдау үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу т.б. өзекті деген мәселелер қамтылды.

Әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізудуің өзектілігі көпэтникалық ел аймақтарындағы шынайы тіл ахуалын талдау қажеттілігімен айқындала түседі. Зерттеу нәтижелері тіл саясатын жоспарлы түрде жүргізуге, ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді, мемлекеттік тілдің Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностар тілдерін сақтай отырып, толық көлемде қолданылуын қамтамасыз етеді.

Зерттеудің субьектісі  – Қазақстан Республикасының оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтары болды. Зерттеу барысында мынадай нәтижелерге қол  жеткізілді: Қазақстан аймақтарындағы тілдік ерекшеліктерді анықталды; аймақтардағы тілдік ахуалдың позитивтік динамикасын ашып көрсетілді; әртүрлі салалардағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қолданудың ерекшеліктері айқындалды; аймақ тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын және этникалық тілдерді меңгеру деңгейін анықталды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және этникалық тілдерді үйрену уәждерін зерттелді; Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың нәтижелері талданды.

Ақпарат жинақтаудың негізгі әдісі ақпаратты зерттеудегі алғашқы деректерді екіншілей зерттеу болып табылды. Сыртқы екіншілей дереккөз ретінде ұлттық ресми ұйымдардың басылымдары, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық статистика басқармасының ақпараттары алынып, талдау жасалды. Алғашқы, бірінші тұрған деректер – сауалнама, бақылау және интервью. Мұнда 20 сұрақты қамтыған үлгіге сәйкес сауалнама алу, жекелік интервью әдісімен жүргізілді. Терең алынған интервью әдісі Алматы облысы аумағындағы мемлекеттік тілдің қолданылуының түрлі аспектілеріне өте сирек, бірегей ақпарат алуда пайдаланылды.

Жүргізілген зерттеу практикалық құндылыққа ие. Өйткені оның нәтижелері Қазақстанда тілді аймақ бойынша дамыту мен реттеудің әлеуметтік лингвистикалық негіздерін бойынша тіл саясатын жүргізу,  ұлттық саясатты қалыптастыру, тілдерді оқыту жүйесін жетілдіру, ұлттық төзімділікті тәрбиелеу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы мәселеде қоғамдық пікір қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы орталық мемлекеттік органдары және облыстық тілдерді дамыту басқармалары мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға, этносаралық қарым-қатынастарды нығайтуда жобалар әзірлеуге пайдалана алатын болады. Зерттеу нәтижелері, сөзсіз Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси ахуалды сақтау мақсатында этносаралық қарым-қатынастар мен тілдерді дамыту жөніндегі түрлі мемлекеттік бағдарламаларды түзету үшін маңызды. Сондай-ақ бұл монография-оқулықты қазіргі лингвистиканың жаңа зерттеу бағыттары қызықтыратын жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары оқу құралы ретінде пайдалануына болады. Мұнда зерттеудің теориялық және практикалық мәселелерін меңгеру мен пайдалануға қатысты әрбір тарау соңында ой бөлісу тапсырмалары, өз бетімен зерттеуге ұсынылатын тақырыптар және өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары берілді. Жобалық зерттеу аясында жүргізілген бұл жұмыстың тек монография ретінде кітапхана сөрелерінде қалып қоймай, оқу орындарында оқу құралы ретінде қолданылуына жол ашады деп ойлаймыз.

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 472 0



20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 1124 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 998 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1378 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1713 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика