THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:

404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Орал қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өтті
Авторы: МТДИ ақпарат
08/04/2025 14:46 0 428 0
Орал қаласында
2025 жылдың 31 наурыз-4 сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс
тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша 10-11(12) сынып
оқушыларына арналған республикалық олимпида өтті.
Олимпиадаға
Мемлекеттік тілді дамыту институтының 3 қызметкері қатысты. Олар қазылар
алқасының құрамында болып, оқушылардың жұмыстарын бағалады. Институттың
атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт
Сейсенбекұлы қазылар алқасының төрағасы, институттың ғылыми қызметкерлері
Алпысбай Әлия Рүстемқызы, Исенбай Мәдина Қаржаубайқызы қазылар алқасының мүшесі
болды. Оларға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистрі, аға оқытушы Шортанбай Шохан
Амангелдіұлы, Қорқыт ата университетінің қауымдастырылған профессоры, филология
ғылымдарының кандитаты Боранбай Болат Ертайұлы және М.Өтемісов атындағы Батыс
Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Акбулатов Айдарбек
Ахметұлы қосылып, қазақ тілі мен әдебиетінен қазылар саны – алтау болды.
Оқушылар
екі кезең бойынша бақ сынады. Екі сынып бойынша 84 оқушы қатысты. Еліміздің
түкпір-түкпірінен 10 сынып бойынша 44 оқушы, 11 сынып бойынша 40 оқушы қатысты.
Бірінші
кезеңде оқушының мәтін тудыру қабілеті, шығармашылық жұмысы сынға түссе, екінші
кезең қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты оқушылардың білімі және ауызша мәтін
тудыру қабілеті сыналды. Оқушылар бірінші кезеңде мектеп бағдарламасына сай екі
тақырып, еркін бір тақырып бойынша эссе жазды. Эссе жазуда жұмыс тақырыбының
сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі; мәселені
берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың
берілуі; ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі
көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми
мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы; ұғымдар
мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу
қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету,
пікірдің шынайылығы; мәтінде қазақ
тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары,
орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы бағаланды.
Екінші
кезеңде әдебиеттен бағдарламаға қатысты мәтінтану бойынша сұрақтар мен әдебиет
теориясына байланысты тапсырмалар берілді, ал қазақ тілінен оқу сауаттылығы –
мәтінмен жұмыс, тілдік талдаулар: фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік
талдау мен дыбыстық құбылыстарды анықтауға байланысты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар оқушыларға мектеп бағдарламасына сай тақырыптар беріліп, ауызша
мәтін тудыра алуы бағаланды.
Оқушылардың
білімі қазылар алқасынан тиісті бағасын алып, жүлделі орындармен, бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ