КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Осы тақырыпта Қазақ ұлттық университетінде білім сайысы өтті. Университеттің 80 жылдығы және Мұхтар Әуезовтың туғанына 116 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Филология факультетінің қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы кафедрасында жылда өтетін «Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары бүгінгі әуезовтанудағы өзекті мәселелерді көтеруімен маңызды. Әуезовтану саласын одан әрі терең дамыту мақсатында «Әуезов әлемі» биылдан бастап дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарлануда.
Сайысқа әр облыстардағы университеттерден студенттер келді. Атап айтар болсақ: Абай атындағы ҚазҰПУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті, С.Демирел атындағы қазақ-түрік университеті, Қайнар университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Шараның негізгі ұйымдастырушылары: «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар орталығы. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші және екінші кезеңде жабық түрде Әуезов өмірі мен шығармашылығына қатысты эсселер жазып, тест тапсырмаларын орындады. Үшінші кезеңде «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша ой толғады. Төртінші кезең «Тосын тапсырма» деп аталды. Студенттердің тапқырлықтары сынға түсті.
Сайыскерлердің білімділігіне баға берген қазылар алқасының құрамында болғандар: Мемлекеттік тілді дамыту институтының кіші ғылыми қызметкері Сымбат Игілікқызы, Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері Мұхтар Шайхиев және осы институттың «Мұхтар Әуезов» ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Гүлзия Піралиева.
Аталған әділ қазылардың шешімімен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті Шаймарданова Аяулым оқ бойы озық деп танылды. Екінші орынды Тастанбек Мөлдір (ТарМУ), Мұхашева Гүлжайна (ҚызМУ), үшінші орынды Біләлова Дәмелі (ҚазҰУ), Берікова Жанерке (АГУ), Қуанышбаева Әйгерім (СДУ) иеленді.
Қалған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.
Сайыс барысында Қазақ ұлттық университетінің студенті Айбек Шегебаев «Әуезов әлемі» атты бейнебаянын тыңдармандарға таныстырды. Сондай-ақ, «Ай-Ару» ашқан дарынды студенттер шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Облыстардан келген студенттер шараның әділ өткендігін, нәтижесіне көңілдерінің толатындықтарын және республикамыздағы дарынды деген өз замандастарымен танысқандарына, сонымен қатар білімдерінің де тереңдей түскендіктерін жеткізді.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 648 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 926 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика