КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

 

Ата-бабаларымыз қой шаруашылығының қыр-сырын жетік білумен қатар, кейінгі ұрпақтарға олардың төл атауларына байланысты көптеген сөздерді аманаттап кеткендей. Қойға байланысты атауларды танып-білу қой түлігі туралы жан-жақты хабардар болуымызға өз септігін тигізеді. Өйткені малға байланысты дәстүрлі атаулар жүйесінде ол малдың жасы мен жынысы, туабітті ерекшеліктері, мінезі, түр-сипаты, т.б. қасиеттер ажыратылады. Қой түлігіне байланысты атауларды тізбектеп, қарастыруды жалғастыратын болсақ, жеке қойдың ғана емес, оның түрлерінің де өз ерекшелігіне байланысты, еті мен жүніне, түр-түсіне қатысты атаулардың молынан ұшырасатынын байқауымызға болады. Олардың қатарында, бағылан қой, шүйделі қой, көмген қой, сары тіс қой, төрт тісті саулық, күйек қашқан қой, арамза қой, сауулы қой, қортық қошқар, тоқты қошқар болып жалғасып кете береді. Солардың бірқатарына тоқталайық. Бағлан. Марқадан жетілген, кепеге жетпеген қойдың төлін білдіретін атау. Сонымен қатар бұл атау қойдың күйлілігін білдіреді. Әдетте бағлан сыйлы да құрметті қонаққа сойылады. Оның еті жұмсақ әрі тәтті болады.

Шүйделі қой. Бұл атау да қойдың күйлі болуымен байланысты. Жаз бойы жайлауда қоң жинап, семірген қойдың дене бітімінде өзгерістер пайда болады. Мәселен, желке майы шығыңқырап кетеді. Осы желке майының шығыңқырап кеткен қойды қазақ шүйделі қой деп атайды. Әдетте бұл жағдай күз мезгілінде болады. Бұл орайда «шүйде» сөзі туралы аз-кем түсініктеме бере кетсек. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» шүйде деген сөзге мынадай анықтама берілген: «Шүйде – бастың желкеден жоғарғы жері; қарақұстың үстіңгі жағы». Шүйде сөзімен байланысты шүйде желке, шүй желке сөз тіркестері де белгілі. Ал шүйдесін көрсетті дегеніміз теріс бұрылды деген мағынаны білдіреді. Желкесіне май жиналып, семіргенді сипаттау үшін шүйделену сөзі де қолданылады. Бұл да жоғарыда айтқанымыздай, шүйдесі шығып семіру, қоңдану деген ұғымды білдіреді.

Сары тіс қой. Кейбір қойлардың сары тіс қой деп аталуының мәнісі олардың төрт-бес рет қоздаса да сүті бірқалыпты болып, қысқа төзімді келетіндігі. Мұндай қой қысыр қалмай, жыл сайын төлдейді, бірақ сүті сол күйінде сақталып қала береді. «Сары тіс қой» атауы қойдың жас ұзақтығын да танытады, яғни өмірге бірнеше төл әкелген қойды айтады.

Төрт тісті саулық. Қой түлігіне байланысты атау-сөздердің арасында «тіс» сөзімен байланысты атаулар кездеседі. Тіс сөзі әдетте қойдың жас-шамасын білдіру мақсатында қолданылады. Оның мағынасы саулықтың қошқардан қысыр қалмай төрт рет қоздағанын білдірсе, екіншіден, төрт төлдеген соң, сүтінің қай­та бастағанын, өзі болса арықтап қартаятынын, өмірге әкелген ұрпағының да сапалы болмайтынын танытады.

Күйек қашқан қой. Қой шаруашы­лығының қыр-сырын жетік білетін адамдар қойлардың шағылысу уақытын да табиғат мезгілімен үйлесімді болуын ерекше қадағалайды. Сол үшін оларға күйек салады. Күйек киізден жасалады. Күйегі бар қойлар шағылыса алмайды да, олардың мезгілсіз төл әкелуі мүмкін болмайды. Ал күйек алынған кезде қойлар шағылыса бастайды. Осы үдерісті «күйек қашқан» деп атайды. Бұл атау саулық қойдың қараша айында кошқардың беліне байланған киіз күйегі алынғаннан кейін, шағылысқанын білдіреді.

Саулық. Екі немесе үш жасар, қоз­дайтын қойды саулық деп атайды. Дулат Бабатайұлының «Замана» жырында: «Саулықты қысыр қалдырып, Қошқардың түспей күйегі. Айғырдан бөліп биеніп, Бурадан бөліп түйені, Қайта Арқаға көшкен» деп келетін өлең жолдары бар. Этнограф Х.Арғынбаев өз еңбегінде саулыққа туралы былай деп жазады: «Екі жастан асқан қоздайтын қойды саулық, ал піштірілген еркегін құнан қой, дөнен қой, белті қой, бестен асқанын ақ ауыз қой немесе еркек қой, бойдақ қой дей береді».

Жеті саулық, бір қошқар. Діни аңыз бойынша, жұмақтан жер бетіне қуылған Адам ата пайғамбар мен оның әйелі Хауа анаға Алла Тағаланың малдан берген еншісі.

Қойбас. Ою-өрнек атауы. Бұл ретте қой сөзімен байланысты өсімдік атауларын, қолөнер түрлерін, өзге де ұғымдарға тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Мәселен, қой сөзімен байланысты болып келетін атаулар өте көп. Солардың бірқатарына тоқталатын болсақ, қойауыз (тістеуік, шеге суырғыш), қойбалдырған (балдырғанның жіңішкелеу, уақ түрі), қойбатпақтан (саз, лай болып батпақтану, езілген, ылжыраған батпақ басу), қойбалық (қарп тұқымдасына жататын жыртқыш балықтың уақтау келген бағалы бір түрі), қойбастар (киіз басуда шиге оралған киізді домалата теуіп отыратындарға қарама-қарсы тұрып киізді өзіне қарай сүйрейтін адам), қойбұршақ (биіктігі 25-75 сантиметрдей, маусым-шілде айларында гүлдейтін, тұқымы ақшыл сары, қара не қара қоңыр, бұршақ тұқымдасына жататын біржылдық екпе өсімдік), қойбасы (тақыр жер), қойбасты (киіз басқанда істелетін салт, ырым). Көріп отырғанымыздай, қой сөзімен байланысты қаншама атау сөздер бар.

Сауулы қой. Қозысы өліп немесе қозысын қасқыр жеп қойған саулық қойдың қозысыз сауылатын түрін айтады.

Қортық қошқар. Бір ені тартылмай кетіп, қошқарлық құратын еркек қой. Піштірілмеген қортық қошқар қойға араласса, отарды аздыртады. Малдың сапасы нашарлайды (Ғ.Қыдырниязов, Шығ.) Қасыма ер Меңдібай жетіп келді, Келді де Бақтыбай деп жауап берді. Секілді қортық қошқар жазғаным-ай, Басыңды бермен қарай көтер, – деді (Айтыс). Қой атауларына байланысты қошқар тұмсықты, қошқарат, қошқардай, қошқарлы, қош­қар­лық, қошқармаңдай, қошқармүйіз, қошқарша, қошқаршы және т.б. атау-сөздер кездеседі. Олардың мән-мағынасы қошқар сөзімен тікелей әрі жанама байланысты. Заттың сыртқы көрінісі, түрі мен сипатына орай, сын есімдік мағынада келетіндері де ұшырасады. Әрі қарай біз осы сөздердің мән-мағынасын азды-көпті тарқатып көрсек дейміз.

Қошқар тұмсық. Дөң мұрын, қоң­қақ мұрын дегенді білдіреді. Яғни қошқардың мұрнына ұқсастық белгісі бар, қоң­қақ болып келуі. Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасында: «Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт шүңірек көз жігітпін» деген сөйлемдер кездеседі. Ал І.Есенберлиннің бір әдеби туындасында мынадай жолдарды оқуға болады: «Ұзын бойлы, қошқар мұрын, қоңыр көзді, ақ сұр жігіт өзіне қадала қараған самсаған көзден қайысқан жоқ». Жалпы қошқардың тұмсығына байланысты теңеу сөздер жырдастандарда, өлең-толғауларда көп кездеседі. Кейіпкердің бет-әлпетін суреттеуде кеңінен қолданылатын теңеу сөздердің бірі деуімізге болады. «Қошқар тұмсық, дөң мұрын, Көрінеді ол мықты. Салып едім найзаны, Жаһаннамға жан шықты» немесе «Кісі екен қошқар тұмсық, Қақпақ жаурын, қажымас дене зоры (К.Әзірбаев) және т.б. халықтық әдеби туындылардан бірнеше мысалдар келтіруге болады.

Қошқарша. Қошқар тәрізді, қошқарға ұқсас.

Қошқаршы. Үлкен мал шаруашылық­арында қошқарға жеке қарайтын малшы.

Қош-қош. Қойды қайыру, тыныштандыру немесе иіту үшін айтылатын ишарат сөз.

Қошқармүйіз. Қошқардың мүйізі тәрізді қазақтың ұлттық дәстүрлі өрнегі, оюы. Ою-өрнек дүниесінде қошқармүйіз өрнегінің алатын орны ерекше. Белгілі этнограф Ө.Жәнібеков: «Қазіргі сәулеткерлер мен дизайн-суретшілер, тоқымашылар мен тігін­шілер, қолөнершілер мен модельерлер оған жеңіл-желпі қарайтын болып алған. Үйлесімі келсін-келмесін «қошқармүйіздің» – құрылыстан, киім-кешектен, тікесызықты өрнектердің – ыдыс-аяқтан, ғарыштағы әуендерінің – текеметтен, түскестеден көріне салатыны міне осыдан» деп қошқармүйіз сияқты ою-өрнектерге жауапкершілікпен қарау туралы жазған еді.

(«Қазақ әдеби тілінің сөздігі»

бойынша дайындалды)

Ана тілі


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика