КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Сөздіктің кез-келген түрін жасау, әзірлеу оңай жұмыс емес. Үлкен қажырлы еңбекті, қырағылықты, тұтас ұлт тіліне деген жауапкершілікті талап етеді. Дегенмен, “біткен іске сыншы көп”. Жарық көрген еңбек, зерттеу, сөздік болсын бәрі де оңды-солды әйтеуір сынға ілігеді. Ғылымның дамуы үшін бұл да қажет дүние.

Қазақ тіл ғылымында 2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 15 томдық “Қазақ “әдеби тілінің сөздігі” жарық көргені белгілі. Біздің сыни мақаламыз сол 15 томдық сөздіктің кемшіліктері мен артықшылықтары талданған Б. Қалиұлы мен Б. Қапалбектің “Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері” атты монографиясына арналды.

Монографияда екі тарау қамтылған: біртілді сөздіктің нысаны - сөз бен мағына, екіншісі - біртілді сөздік жасаудың қыры мен сыры деп аталды.

Алғашқы тарауда сөздік жасауда тілдік бірліктердің әуелі сыртқы тұлғасы емес, ішкі мағынасы мәселе болады. Сөз санының көп болғаны емес сөздің беретін мағынасы тілді тұтынушыларға түсінікті болғаны артығырақ.

Қазақ тілін үйренушілерді ғалымдар деңгейі бойынша 3-топқа бөледі: 1) ана тілін жоғары деңгейде білетіндер; 2) ана тілін орташа деңгейде; 3) төменгі деңгейде білетіндер;

Тілде қандай сөздік жасалса да осы деңгейлер есепке алынғаны жөн. Себебі тілді үйренем деушіге де не білетінін дамытамын деушіге де сол қолайлы болар еді.

            Бізде біртілді сөздіктерде сөзге берілетін анықтамалардың бірнеше түрлері бар. Олар: сипаттамалы, синонимдік, сілтемелі, аралас, ұластырмалы, жалпылама, нақтылама анықтамалар және т.б.

Ғалымдардың пайымдауынша сөздікте сөзге берілетін анықтамасында да кемшіліктер байқалады. Мәселен, аралас анықтаманың кемшілігі - сілтенілген сөз сөздікте жоқ болып шығуы немесе сілтенілген сөз атау сөздің синонимі болмай, мүлде басқа сөз болып шығады. Ал жалпы анықтамадағы нақтылықтың болмауы сынды қателіктер тіліміздегі сөздіктерде көрініс беруде.

            Қазақ әдеби тілінің сөздігі расымен де академиялық сөздік пе әлде анықтамалық сөздік не ғылыми сөздік пе түсініксіз. Ішінде бәрі қамтылған, бірақ сала бойынша жүйеленбеген. Монографияны оқып отырып, 15-томдық сөздіктің бұрынғы 10-томдықтың жалғасы екенін білдім. Студенттік жылдары қандай зерттеу жасасақ та ғылыми мақала жазсақ та бізден тек 15-томдық сөздікті қарауымызды талап ететін. Ол біз үшін ең жақсы сөздік саналатын. Қазір еңбекті оқып отырып, сол кезде сыни тұрғыдан қарай алмағанымызды, кемшіліктерін білмегенімізді түсіндім.

Әрбір жарияланған еңбекке сыни пікір білдіре алуымыз және оны қабылдай алуымыз жөн екен. Бізде сын көтеруге, айтуға иммунитет қалыптаспаған сыңайлы. 

Сөздіктегі аймақтық ерекшеліктерді дайын күйінде қоса бергені, бір сөздің бірнеше фонетикалық, лексикалық варианттарын да жеке-жеке жаза бергені де қисынсыз.

Кейде сөздердің мағыналары дұрыс сараланбағанын байқасақ, кейде кейбір сөздерді таппай жатамыз. Лексикалық бірліктердің бір сөздіктің өзінде бірде қосылып, бірде бөлек жазылғаны да біркелкіліктің жоқтығын көрсетеді. Ғалымдардың тіпті шартты қысқартуларына дейін бей-жай қарамай талдап, мысалмен дәйектеп тұрып көрсеткені ұнады. “Әдеби тілдің сөздігі” аталған еңбекте жергілікті сөз, дүбара сөз, терминдер, түрлі варианттарымен қоса қолданылғаны дұрыстыққа жатпайды. 

Сөздікті нағыз лексикология, лексикография, семасиология, этнолингвистика, этимология саласында жүрген ғалымдар жасағаны абзал. Бұл тұтас ұлт тілінің алдындағы жауапкершілік. Оған білім, сауат, талдау,  аналитикалық әдісті меңгеру қажет.

Бір басылған сөздікті қайта-қайта толықтырып жыл сайын шығара бергеннен, ғалымдардың басы бірігіп, беріле отырып арнайы сөздікті жасап шыққаны жөн деп білеміз. Себебі ғылымда сан емес сапа маңыздырақ.

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика