КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.


Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміз өзгеріп бара жатқан сияқты. Егер Абай жырлап, Мұхтар, Ғабит ағаларымыз жазып кеткен классикалық әдеби туындыларды негізге алсақ, соларға сүйенсек, қазір әдебиетімізге орыс тілінен сауатсыз аударған кірме сөздер қаптап кетті, оған тосқауыл жоқ. Әдебиетшілер, тіл мамандары кереғар аудармалар мен ойдан құрастырылған сөздерге тосқауыл қою керек. Көзіме «серпінділік» деген сөз түсе қалды, ондай сөз естіп, оқып көрмегенмін. Сондай-ақ «ілгерілік» деген сөзді де естіген емеспін. «Меніңше», «менің ойымша» деген сөздерді қолдануды қойып, «мен ойлаймын» деуге көштік. Осылай қолдан жасалған, айтуға қиын түсініксіз сөздер мен сөз тіркестері күн сайын көбеюде. Ақыры не болар екен деп алаңдаймын.

Өзімнің жаздырып алатын беделді бір газетті оқып отырып, түсінбеген кей сөздерге қатысты сіздермен ой бөліспекші болдым. Онда жазылған сөздер мыналар: «Қанша атақ-лауазымың асып тұрса да, операция жасаған адамның жағдайын анда-санда біліп тұрмасаң, ол өзін-өзі тастап жіберуі мүмкін». Бұл жердегі «тастап жіберуі мүмкін» деген не сөз?

Тағы бірде «Хабар» телеарнасындағы «Таразы» бағдарламасынан журналист Гүлім Төлеуқызының «осы сұрақпен министрға шыққан» деген сөзін естіп, өзім ұялдым. Орысша тіркесті тура аударған әріптесіме қатты ренжідім. Бірнеше жыл қатарынан «толыққанды» деген сөзді қолданып жүрміз. Ол да орыс тілінен тура аударылған сөз, біздің түсінігімізге жат. Оның орнына «толымды» десек, «толық» десек те болады.Тағы бір хабарда жүргізуші «сатып алушының қалтасы азаяды» деді, қалтасы азаймайды, мүмкін ақшасы азаятын шығар. «Қолжетімді» деген сөз көңіліме қонбайды. Қазақ үнемі бір нәрсені «қол жетерлік» немесе «қол жетпейтін» деуші еді ғой. Менің қолымда Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы Алматы қаласында 1963 жылы басып шығарған «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» бар, ал соңғы Алматыда 2007 жылы шыққан «Орфографиялық сөздікке» «қолжетім жер» деген сөзден шыққан «қолжетімді үй» деген сөзді кіргізген. Қолжетім жер қашықтықты (расстояние) білдіреді, өлшемді көрсетеді. Кейде «қолсозым» деп те айтамыз. «Алыс емес, өте жақын» деген мағынада қолданылады. Оны кез келген жерге қолдана беруге болмайды ғой. Бұрын бұл сөз алдыңғы кітапқа кірмеген, жаңа сөз жасап неге әуре боламыз, түсінбеймін.

Ал қазіргі көп аударма сын көтермейді. Қа­шан да сөз түсінетін адамға аударма оқу қиын. Не айтып тұр деген ой келеді. Көбіне орысшаны олақ ау­дарып, ұялмай қолдана береміз. Құрал-жаб­дықты «құрылғы», түсіру тобы «түсірілім тобы»… әрі қарай кете береді. Тізе беру мүмкін емес.

Бұдан басқа тағы бір айтарым, алғаш балаларға арналған «Балапан» арнасын көріп, қатты қуандық. Немерелеріме күнұзақ көрсетіп, шек қоймай тамашалаттық. Тек біздің үмітіміз ақталмады. Жақында ағылшын киносын қазақша көрсетті. Кинода бие құлындайын деп жатқан көрініс бар. Бір қыз бала басқа балаға телефонмен «Менің атым құлындайды» деп, қуанышын жеткізіп жатты. Ат құлындай ма екен? Аудармашының ісі ғой. Сол сияқты көп жағдайда қате аударған сөздерді естіп оты­рып, ертең кішкентайлар сол сөздерді айтып, қолданатын болады ғой деп мазасызданамыз. Ағылшынның «Түнгі баққа саяхат» деген мультфильмін бала түгіл, үлкен адам түсінбейді. Оны не үшін көрсететіні белгісіз. Балаларға сөз үйрете ме десек, түсініксіз сөздермен бастарын қатырады. Ешқандай эстетикалық тәрбие де бермейді. Тек біздің қазақы тәрбиеге жат ағылшын, қытай тіліндегі шығармаларды қалай болса солай аударып, эфирді толтыру мақсатын көздеп отырған азаматтарға ренішімізді білдіреміз. Бізге ұнайтыны – «Әліппе», «Ай-жұлдыз», Алдаркөсе туралы мультфильмдер. Балаларға таза қазақ тіліндегі, ұлттық сипаттағы танымдық шығармалар ұсыну керек. Қазір түрі қазақ, болмысы кім екені белгісіз балалар көп. Жан дүниелері қай ұлтқа жататынын өздері де білмейді, тіпті қазақсың десе, қазақ болғысы келмей, «біз осы заманның адамдарымыз» деп ат-тондарын ала қашатындар көп. Бұған да өзіміз кінәліміз-ау…

Хош делік, кейінгі кездері біздің Петропавл қаласында адам түсінбейтін билборд жарнамалар қаптап кетті, мәселен, «Ауыстырғаныңыз жетеді», «Түнде бәрін бола ма?», «Бір түнге қанша?» деген жазуы бар билбордтардан не ұғамыз? Бұл не сұмдық деп таңғалдық. Ақыры біраз тұрған соң алынып тасталды. Кісі нанбайтын жарнамаларды суретке де түсіріп алдық. Олар неге ілінді? Не мағына береді? Нені жарнамалайды? Түсінсек, бұйырмасын…

 АНА ТІЛІ газеті

ПЕТРОПАВЛ


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика