КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.


Фейсбук әлеуметтік желісінің бір жақсы жағы бар, мұндағы қолданушылар күнделікті күйбең тіршіліктерімен қоса, өмірдің кейбір қателіктерін парақшаларына салып отырады. Мақтау-мадақтаумен қатар, сыни қатаңдық та бұл әлеуметтік желіде айтарлықтай сақталған. Тіліміздің жайы да жиі қозғалатын алаң дәл осы – фейсбук. Мәселен, мемлекеттік тілімізге атүсті қаралған мына мәтін фейсбукта шу көтеріп жүр.

Бұл мәтін kaznu.kz сайтындағы "факультеттер" айдарында "философия және саясаттану" бөлімінің ең басында орналасқан. Кірген адамға шоқшиып тұратын мәтінді оқысаңыз жағаңызды ұстайсыз. Мәтінге назар аударатын болсақ, мұнда "философиялық" деген сөзден кейін үтірмен қатар нүкте қойылған. Әрине, қазақ тілінде болсын, басқа тілде болсын ешқашан үтірден кейін нүкте қойылмайды. Ал, әлеуметтану, психология-педагогика, философия, саясаттану ғылымдарын білетініміз бар, бірақ олардың соңында "-лық" деген жалғаудың болуын бірінші рет естіп тұрмыз. Жарайды, бұл мәтін орыс тілінен аударылды деп немесе орыстілді маман жазды деп есепке алайық, бірақ "процесстеримен" деген орысша сөзді дұрыс жазуға болады ғой? Ал, "қатар" дегенді "катар" деп жазып не көрінді? "Факультет өзінің бар болуына барлық уақытысында қоғамдық өміріндегі әр түрлі салаларға арналған ең жоғары кәсіби деңгейдегі мамаңдарды даярлаған" деген сөйлемге назар аударсаңыз, шынын айту керек, мұндай түсініксіз сөйлемді мектеп оқушысы да жазбайтыны белгілі. Ал, осы сөйлемдегі "уақытысында" деген сөз мүлде қате екені рас, сонымен қатар "мамаңдарды" деген сөзде "ң"-ның орнына "н" болуы керек еді. «әр түрлі»сөзі «әртүрлі» болып, қосылып жазылады. "Біздің ұжым жоғары шығармашылық потенциалды, жаыупкеркершілікпен, өз қәсібибіне және университетіне жаң-таңымен берілген" деген сөйлемде қателердің көкелері жіберілген. Ең алдымен, мәтінді бір оқыған адам ештеңені түсінбейтіні анық. Мұндай мәтінді жазған адам адамдардың ең сорақысы болса, сайтқа салған адам да оңбай тұрғаны белгілі.

Еліміздің ең беделді жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті екені рас. Алайда, дәл осы университеттің философия және саясаттану факультетіне берілген 3-4 сөйлемнен тұратын қысқаша анықтамасында бір емес, оншақты қате бірақ жіберілген. Жауапсыздықтың жарға жығатыны өз алдына бір әңгіме, дәл осы анықтама университеттің бас сайтында жарияланғанына не айтасыз? Білдей бір университеттің сайты аузы-мұрны жоқ мәтіндерді қалайша жариялай салған? Корректорлық қайда? Редакторлық қайда? Әлде, орыс тіліне бүйрегі бұрып тұратын ҚазҰУ басшылығы қазақ тіліне деген ынта-ықыласын осылай көрсетіп отыр ма?


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





31/05/2017 10:11

Бұлтартпас ақиқат
0 48646 0










14/06/2017 15:56

Фейсбукте
0 6888 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика