THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Мамандығым тілші болған соң, қазақ тілі сабағында басқа мәселелермен бірге сөз, сөз мағыналары дегендерге көбірек көңіл аударатынымыз ақиқат. Өйткені кез келген тілді білу – сөзді, сөз мағыналарын білуден басталатыны шындық. Сондықтан болар, кітап дүкеніне барғанда алдымен көз тоқтатып, көңіл бөлетінім – сөзге, сөз мағыналарына байланысты жазылған еңбектер болады. Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» қолымда болмай, кейбір сөздердің мағыналары қажет бола қалған жағдайларда әртүрлі сөздіктерге жүгініп, әуре болып жүруші едім, осыдан үш-төрт жыл бұрын көзіме 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (Алматы, 2011) түскенде қатты қуанып кеттім де, сатып алдым. Алайда қуанышым көпке бармады. Сөзге, сөз мағыналарына байланысты одан бір нәрселерді іздей қалсаң, қанағаттанудың орнына реніш пайда болады. Өзі «әдеби тілдің сөздігі» деп аталыныпты. Соған қарамастан 15 томдықта жергілікті сөздер де, шет тілдердің сөздері де, ғылыми терминдер де, тіпті ауызекі тіліне тән сөздері де қаптап жүр.
Бұларды қойшы, әсіресе ондағы сөз мағыналарының саралануы тіптен көңілге қонбайды. Бұлар сияқты олқылықтар «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» көптеп ұшырасады. Олардың бәрін тізіп жату мүмкін емес. Сондықтан мен ондайлардың тек екі-үшеуіне ғана мысал келтірейін.
Атамыз қазақ «жыла» сөзінің екі-ақ мағынасын біледі. Бірі – жақын адамы, туған-туысы қайтыс болғанда жылайды, екіншісі – жас баланың қарны ашқанда немесе бір жерін қатты ауыртып алғанда жылайды. 15 томдықта «жыла» сөзі 12 мағынаға бөлінген. Онда жыламайтын нәрсе жоқ. Аңдар да жылайды, жауын да жылайды, су да жылайды. Ең дұрысы өздеріңіз оқып көріңіздер: 1) Қайғыдан, реніштен, ауырғаннан көзден жас шығару. 2) Зар еңіреу, зарлау, зарлану, іштегі зарын шығару. 3) Жоқтау, дауыс шығару. 4) Өкіру, қатты жылау. 5) Қайғыру. 6) Қиналу. 7) Сағыну. 8) Еңсесі түсу. 9) Шағыну. 10) Қоштасу. 11) Аңдардың дауыс шығаруы. 12) Жауын жауу.
15 томдықта «шыбық» сөзіне 17 мағына берілген. Сол 17 мағынаның 3-4-еуіне келіскенімізбен, қалғандарына келісу өте қиын. Сөздіктегі келісуге болмайтын мағыналар мыналар: 1) Көшет. 2) Сіріңкенің бір талы. 3) Глобустың білдігі (дұрысы – білігі болу керек). 4) Кабель. 5) Арматура. 6) Капилляр. 7) Сым. 8) Түтік. 9) Қауырсын. 10) Ернеу. 11) Жақтау. 12) Таяқ т.б.
«Шыңылтыр» сөзіне берілген мағыналар да дәл осылардай. Бұл сөзге 4 мағына беріліпті: 1) Ызғары бет қаритын құрғақ. 2) Сұр, сұрқыл. 3) Жұқа, сетінеген. 4) Мінезі тыз етпе.
Егер жыла, шыбық, шыңылтыр сөздерінде сөздікте көрсетілгендей мағыналар бар дейтін болсаңыздар, ол сіздердің өз еріктеріңіздегі нәрсе. Ал мен үшін қазақ тілінде мұндай мағыналар бар деп айту ұят.
Және бір айта кететін нәрсе, сөздікшілердің 15 томдықтағы фразеологизмдер деп көрсеткендері – фразеологизмдер емес. Бір ғана «Ізде» сөзіне берілген бақ іздеді, ғылым іздеді, мақтан іздеді, мал іздеді, мансап іздеді, пайда іздеді, рақат іздеді, себебін іздеу, тән құмарын іздеді, шаруа іздеді дегендерді қай маман фразеологизм деп атай алады?! Бұлар қазақ тілі грамматикаларында сөз етіліп жүрген кәдімгі ситаксистік сөз тіркестерінің дәл өзі ғой.
Қысқасы, мұндай сөздіктердің шыққанынан шықпағаны жөн еді.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ