THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Жаңа оқу жылы
басталды. Осыған байланысты мектепке баласы баратын ата-аналар мен студент
жастарда маза жоқ. Басты мәселе – оқулық тапшы. Әсіресе, оқушы балаға обал-ақ.
Мектепте сабақ басталғанына қарамастан, әлі күнге дейін оқуға қажетті оқулығын
таба алмай жүргендерді көптеп кездестіруге болады.
Еліміз заман
технологияларына сай дамып келеді, ауыл мектептері ғаламторға қосылды деп
бөркімізді аспанға атып жатырмыз. Осындайда оқушы балаға ең қажетті оқулық
жетпей жатқан тұста, технологиялар туралы айтудың өзі қисынсыз сияқты
көрінетіні бар. Үкіметтің қаулысына сәйкес мектептегі оқулықтар алдымен,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы
отбасылардың балаларына таратылып беріледі. Бүгінгі күні облыста аталған
категорияға жататын оқушылар тегін кітаппен 100 пайыз қамтамасыз етілген деген
мәлімет берді облыстық білім басқармасындағы мамандар.
–Биыл білім
беруді дамытудың бағдарламасына сәйкес 2015 жылға дейін кезең-кезеңімен оқушыларды
тегін оқулықпен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр, – деп бастады әңгімесін
бізге берген сұхбатында облыстық білім басқармасының оқу-материалдық базаны
нығайту және дамыту бөлімінің меңгерушісі Салтанат Смағұлова. – Ол дегеніңіз
2015 жылы оқулық тапшылығы болмайды деген сөз. Қазіргі таңда облысымыздағы
Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Зеренді
сяқты аудандарда оқушылар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Алайда,
әлі күнге дейін бұл мәселе оңтайлы шешілмеген де аудандар бар. Сөзіміз дәйексіз
болмасын, мәселенки, Целиноград ауданы – 58, Астрахан – 70, Атбасар – 76, ал,
Көкшетау қаласы оқулықтармен бар-жоғы 50 пайыз
қамтамасыз етілген. Биылғы жылы бюджеттен осы мақсатқа 290,4 миллион теңге
көлемінде қаржы бөлінген. Ал, оқушылардың барлығын тегін кітаппен қамтамасыз
ету үшін 402 миллион көлемінде қаражат қажет, – деп өз ойын ортаға салды сала
маманы.
Облыс
орталығында орналасқан «Білім» дүкенінде ұшыраса кеткен Гүлжан есімді құрбым
бесінші сынып оқитын қызының кітабын түгендей алмай жүргендігін алға
тартты.
–Оқу жылы
басталар кезде сынып жетекшісі хабарласып, мектептегі кітаптың жеткенін
береміз, жетпегенін жылдағыдай сатып аласыздар деген. Мінекей, 7 мың теңгеге
кітап сатып алдық. Әлі де бір кітап сатып алуға тура келеді,–деді ол. Осы
дүкенде кітап сатып алу үшін кезекте тұрған Арнұр есімді азамат болса, биыл ұлы
даярлық тобына баратындығын жеткізді.
– Даярлық
тобынан бастап, кітап сатып алу деген не сұмдық!?. Мінекей, 5500 теңгедей ақша
шығардық. Әлі «Өзін-өзі тану» кітабы керек. Іздемеген жеріміз жоқ. Таба алмай
жүрміз. Сонда қалай 11 сыныпқа дейін өз қалтамыздан қаражат шығарып, оқулық
сатып аламыз ба?,–дейді Арнұр қынжылып.
Расында да,
кітаптың бағасы қымбат. Мәселен, Көкшетау қаласындағы «Мир книг» деп аталатын
кітап дүкенінде жоғарыда азаматтар тілге тиек еткен кітаптардың алды
мың-мың жарым теңге тұрады. Бұрнағы жылдары еліміздің барлық білім
ордаларында бір ғана «Мектеп» баспасының оқулықтары пайдаланылатын. Соған
қарамастан, кітап жетіспеушілігі туралы мәселе болмайтын. Ал, бүгінде баспа
көп. Алайда, бұл білім саласына оң ықпалын тигізудің орнына, керісінше
жағдайды ушықтырып отыр. Баласы қай баспаның кітабын оқитынын
білмейтін кейбір ата-аналар екі есе қаржы шығарып жүр. Сабақ басталмас бұрын жетпей
қалады деп кез-келген баспаның кітабын сатып алып, енді оны қайта сата алмай
әуре болып жүргендер қаншама.
Білім және ғылым
министрлігінің бекіткен бағдарламасына сәйкес әрбір мектептің өз бағдарламасы
болады екен. Мәселен, биыл 1-4 сыныптың оқулықтарын «Алматы кітап», 5-8 сыныпты
«Атамұра», ал 9-10-11 сыныптардың кітаптарын «Мектеп» баспасы шығарады.
Сондықтан, ата-аналар кітап алмас бұрын алдымен баласының сынып жетекшісімен
кеңескені абзал. «Қызымның былтырғы кітаптары су жаңа. Жарты бағасына болсын,
сатар едім», деген бір әйелді кездестірдік базарда. Санасы бар әке-шеше өзінің
бауыр еті баласы үшін барлық жағдайды жасап бағуға тырысып-ақ жатыр. Беу,
дүние-ай!..
...Кітап
дүкенінің жанында жылап тұрған оқушы қызды көрдік. Жанында анасы бар.
«...Биыл тағы да
кітабым түгел емес...», – деп бота көздері мөлт-мөлт етеді. «Әкең іздеп жүр.
Міндетті түрде тауып береміз. Құлыншағым-ау, білмекке ұмтылған бала жүрегіңнен
айналайын сенің!», – дейді анасы құшақтап.
Сіз байқайсыз ба, кейінгі ұрпақ өз тілін құрметтеп, шұбарламай ана тілінде таза сөйлейді. Балдырған балалардың бойында оқуға деген ынта бар. Шіркін-ай, осындай талапты ұл-қыздың ұмтылысын ұштай білсек етті!..
«Арқа ажары»
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ