THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Оңтүстік
Қазақстан облысы Мақтарал аудандық білім жүйесінде ілкімді ілгерлеушілік бар.
Жуырда осы ауданда болып, білім бөлімінің басшысы Қуатбек Бапаевпен бірге
бірқатар мектептерді аралап көрдік. Аудан өте ауқымды. Мұнда 122 мектеп бар.
Оның 116-сы жалпы орта, 6-ы негізгі орта мектеп. Сонымен бірге 2 саз мектебі,
мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, әскери оқу орталығы және балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді. Оқушыларға 7925 мұғалім
тәлім-тәрбие береді. Олардың 7237-сі жоғары, 688-і орта арнаулы білімі бар
мамандар, 768 мұғалім жоғары санатты, 2835 мұғалім бірінші санатты мұғалімдер
екен.
Аудандағы жалпы
білім мекемелерінде 74 мыңға жуық оқушы тәрбиеленуде. Мектептен тыс білім
мекемелерінде 2923 оқушы қосымша білім алуда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша,
ауданда 15221 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 1-6 жас бойынша
балаларды қамту 50%, 3-6 жас бойынша балаларды қамту 65,15% құраған болатын.
2014 жылдың 8 айында ауданда жаңадан 2 мемлекеттік балабақша және
«мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі 53 балабақша іске қосылып,
қазіргі кезде ауданда мемлекеттік 33 балабақшада 3585 бала,
«мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі 164 балабақшада 13280 бала,
мектеп жанындағы 67 шағын орталықта 2590 бөбек және бір арнаулы балабақшада 50
бүлдіршін, барлығы 19505 бала мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылып,
3-6 жастағы балаларды қамту 77,5 пайызды құрап отыр.
Білім беру
мекемелерінде барлығы 6423 компьютер, оның ішінде мультимедиалық-лингофондық
кабинеттерде 1105 компьютер бар. Бір компьютерге шаққанда, 10,4 баладан келеді.
«Бірақ мектептерде ескірген, жұмыс істемейтін компьютерлерді есепке алмасақ,
бір компьютерге келетін бала саны әлдеқайда көбейген болар еді. Мектептегі
компьютердің жұмысын бағалайтын, оларды жөндейтін, жарамсыз, ескіргенін
есептен шығаратын арнайы мекеменің болмауы білім ошағындағы көптеген ескі
компьютердің тек сандық көрсеткіш есебінде ғана жүруіне септесуде», – дейді бөлім
басшысы.
Ауданда
2014-2015 оқу жылына қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып
алуға жалпы 113 млн 450 мың теңге (оның ішінде оқулықтарға 107 млн 848 мың
теңге, оқулықтарды мектепке дейін тасымалдауға 5 млн 602 мың теңге)
бөлініпті.
Мақтарал
ауданында мақтанышпен айтар жетістіктер көп. Айталық, 2013-2014 оқу жылында
мектеп оқушылары арасында өткен байқаулар мен сайыстарда жеңімпаздардың көптігі
сүйсінтеді. Қане, санап көрейікші. Төмендегіше саралауға болады:
6 халықаралық
конкурстың, 8 республикалық ғылыми жұмыстың, 16 республикалық түрлі байқаулардың,
7 республикалық танымдық олимпиаданың, 1 республикалық пән олимпиадасының, 28
республикалық «Ақбота» интеллектуалдық байқаудың, 37 облыстық ғылыми жобалар
байқауының, 4 облыстық пән олимпиадасының, 34 облыстық түрлі байқау
сайыстарынын, 30 облыстық «Самұрық» зияткерлік байқауының жеңімпаздары
шығыпты.
2013-2014 оқу
жылында мұғалімдер арасында өткен байқауда 16 интернет олимпиадасының, 29
республикалық конкурстың жеңімпазы айқындалды. 6 халықаралық конкурстарға
қатысушыға жетекшілік еткені үшін 6 мұғалім өткізуші жақтың алғыс хатымен
марапатталған. Сонымен бірге республикалық ғылыми жарыстар жеңімпаздарына
жетекшілік еткені 12 ұстаз үшін өткізуші жақтың алғыс хатына ие болыпты. 21
ұстаз облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасының, 49 ұстаз түрлі байқаулардың
жеңімпазы.
Сонымен бірге
аудан оқушылары арасында өнерімен танылғандар көп. Оқушылар арасында «Қазақстан
– 2050 стратегиясы: «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» айдарымен өткен өнер
фестиваліне 6000-ға тарта оқушы қатысқан. Облыста осы тақырыпта өткізілген өнер
фестивалінде аудан атынан Горький мектебінің «Томирис», «Жеңіс» мектебінің
«Кәусар», Рысқұлов мектебінің «Шаттық», Пушкин мектебінің «Жансая» би топтары,
№119 мектептің оқушысы Әйгерім Камал және «Сезім» триосы, Байтұрсынов
мектебінің оқушысы Орал Камал қатысып, аудан қатарынан 3 жыл «Үздіксіз
жеңімпаз» атанған. Жыл сайын өтетін республикалық «Бозторғай» конкурсына
қатысқан «Дәуір» мектебінің оқушысы Меңлібек Мейіржан ІІ орынға ие болыпты.
Ұстаздарға
әдістемелік жағынан қолдау көрсету, көмектер ұйымдастыру қолға алынған. 58
тірек мектебі, 36 шығармашылық топ жұмыс істейді. Әдіскерлер аптасына бір рет
білім беру ұйымдарына көмекке жіберіледі. Жоспарға сәйкес, 121 мектепке 1024
рет әдістемелік көмек көрсетілген. Әдіскерлер облыстық, республикалық,
халықаралық деңгейде ұйымдастырылған түрлі шараларға қатысып, жетістіктерге
жетіпті. Атап айтқанда, әдіскер Уәлихан Юсупов Л.Н.Толстой қорының
ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Ясная Поляна» тарихи-танымдық конкурсында
алғыс хатпен марапатталған. Ұмсын Парманова жалпы орта білім беру мекемелерінің
әдіскерлері арасында өткен облыстық «Жыл әдіскері – 2013» байқауында бас
жүлдені иеленіп, Алматы қаласында өткен республикалық «Жыл әдіскері» байқауында
жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып «Ең жаңашыл әдіскер» атағына ие болған. Хатира
Алмағамбетова мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемелері арасында өткен
облыстық «Жыл әдіскері – 2013» байқауына қатысып, бас жүлдені иеленіпті. Ержан
Дінтаев республикалық «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына еніп, білім
саласына сіңірген еңбегі үшін «Білім саласының батыры» медалімен марапатталған.
2014 жылдың 26 мамыр күні өткен облыстық «Жыл әдіскері – 2014» байқауында тарих
және қоғамдық пәндер әдіскері Рәзия Исаева бірінші орынды иеленген. 2014 жылдың
маусым айында өткен облыстық «Жыл үздіктері» байқауы бойынша бірінші орынды
әдістемелік кабинеттің география пәні әдіскері Г.Мұсырманқұлова иеленіпті.
Биыл әдістемелік
кабинет әдіскерлерінің еңбектері баспалардан жарық көрген. М.Зуфтарованың
«Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап үйрету» атты
ғылыми-әдістемелік мақаласы республика деңгейінде таратылып, «Озат тәжірибелер
каталогы» жинағына енген. Б.Тынысбайдың «Шығарма жұмысы және оған қойылатын
талаптар», А.Қазманбетованың «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау жолдары»
атты еңбегі облыс мектептеріне таратылған. «Заманауи білім беру» атты
әдістемелік көмекші құрал жарық көріпті. Г.Әбішеваның «12 жылдық білім беруге
көшу жағдайындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері», Қ.Дүйсенованың «Кіші
жастағы балаларды ойын арқылы шығармашылыққа баулу» атты еңбегі облыс көлемінде
таратылып, Ш.Спанованың «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру –
заман талабы» атты жұмысы облыс көлемінде жарық көрген ғылыми-әдістемелік
нұсқаулар жинағына еніпті.
Ұлттық бірыңғай
тест тапсыруда да ілгерлеушілік байқадық. Мәселен, тестілеуге қатысқан 112
мектептің ішінде 17 мектеп көрсеткіші 80-90 балл аралығында болған. Б.Момышұлы
және М.Горький атындағы гимназия мектептерінің орташа көрсеткіші 100-ден
жоғары.
Аудан бойынша 261 оқушы 100 және одан көп балл жинаған.
Б.Момышұлы атындағы гимназия мектебінің 53 оқушысы, М.Горький атындағы гимназия
мектебінің 20 оқушысы , «Тұран» гимназия мектебінің 11 оқушысы 100 және одан жоғары
балл жинапты. 14
оқушы 120 және одан жоғары балл жинаған.
Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде «Алтын белгіге» үміткер
болған 114 оқушының 71-і (62,28 пайызы), үздік аттестатқа үміткер 39 оқушының
35-і (89,74 пайыз) өз білімдерін дәлелдеп шыққан. Б.Момышұлы
атындағы гимназия мектебінің 27 оқушысы «Алтын белгіні» растапты. «Жаңа дала»,
«Қызылқұм», «Мырзакент», «Ынтымақ», №119, №122, №21 Гагарин, №4 Абай, Абылай
хан, Асанов, Байтұрсынов, Қожанов, Молдағұлова, Титов, Тоқжігітов, Уәлиханов
мектептерінің «Алтын белгіге» үміткер оқушылары 100 пайыз білімдерін
дәлелдеген. Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған 2004 жылдан бері барлығы 728
түлек «Алтын белгі» және үздік аттестат иегері атаныпты. 333-і «Алтын белгі»,
395-і үздік аттестат иегері.
Мақтаралдағы мақтаулы іске көңіліміз марқайды.
jasqazaq.kz
Оңтүстік Қазақстан облысы
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ