THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Әлеуметтік зерттеулер Қазақстан мектептеріндегі оқушылардың 87 пайызы мамандық таңдауда қызығушылығына қарай емес, ата-анасы мен мұғалімдерінің айтқанына құлақ түретінін анықтаған. Сарапшылар елде біраз жылдан кейін қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны әлі зерттелмегеніне, еңбек нарығында бітірген оқуы бойынша жұмыс істемейтін кадрлардың көбейіп жатқанына алаңдайды.
16 жастағы Нұрдәулет Алматы мектептерінің бірінде оқиды. Биыл 11-сыныпқа өткен ол келешекте қай кәсіптің басын ұстарын әлі білмей жүр. Ата-анасы «табысы жоғары» деп заңгерлікке баруға үгіттесе, мұғалімдері грантқа түсу үшін техникалық мамандықтардың бірін таңдауға кеңес берген. Өзінің айтуынша, сыныптастарына қай мамандықта оқығаны емес, тегін білім алу маңызды болғандықтан, басым бөлігі грант көптеу бөлінетін техникалық салаға тоқталған. «Келешекте қандай кадрларға сұраныс жоғары болатыны туралы мектепте я әлдекімнен естідің бе?» деген сұрағымызға Нұрдәулет «жоқ» деп жауап берді.
– Мектепте ешкім қандай мамандықтарға түсуге болатынын айтып кеңес бермеді. Үйдегілер «абыройлы» салаларға оқытамыз деп отыр. Өткен жылы бітіргендерден сұрадым, көбі ҰБТ-дан жоғары балл жинап, грант үшін оқуға түскен. Қандай мамандықта оқығаны олар үшін де маңызды емес, – дейді Нұрдәулет.
Қазақстандағы еңбек нарығындағы өзгерістер мен үрдістер туралы естімеген Нұрдәулет қана емес. Назарбаев университетінің профессоры Қорлан Сыздықованың зерттеуінше, жоғары сынып оқушыларының 81 пайызы елде қандай мамандықтар сұранысқа ие екенінен хабарсыз. «Сәйкесінше, барлық оқушының 87 пайызы мамандықты әке-шешесінің я мұғалімдерінің айтуы бойынша таңдайды. Ең өкініштісі, онсыз да ақпараты жоқ баласына қай мамандықты таңдау керегін айтып, кеңес беретін ата-аналардың 98 пайызы еңбек нарығындағы өзгерістерді естімеген. Сондықтан бізде саны онсыз да көп мамандардың қатарын көбейтіп, қажетсіз кадр дайындау үрдіске айналып келеді», – дейді ол.
Сыздықованың айтуынша, Қазақстанда қай салада маман жетіспей жатқаны туралы әлі мардымды зерттеу жүргізілмеген. Маманның бұл пікірімен Қазақстанның экономика экс-министрі Жақсыбек Күлекеев те келіседі. Оның айтуынша, қазір елдегі барлық министрлік жанынан олардың сұранысы бойынша ақпарат жинап, зерттеу жүргізетін комитет жұмыс істейді. «Бірақ олардың бір орталыққа бағынбауы тұтас елдегі еңбек нарығының жағдайын бақылауға тосқауыл қойып отыр. Бізде қандай мамандарға сұраныс туып жатқаны мен кімдерді көбірек назарға қоюды ұдайы анықтап беріп отыратын зерттеулер жүргізілмейді. Оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға бірнеше рет ұсындым», – дейді ол.
Күлекеев министр Дүйсеноваға мұндай зерттеу жүргізуге арнаулы комитет құру керек екенін айтқанымен, министрлік артық ақша жұмсағысы келмей, «қолда бар» мамандардың көмегімен сараптама жасаудан ары аса алмай отырғанын айтады. «Осының әсерінен, – дейді маман, – елде онсыз да саны артық мамандар даярланып, керісінше, қайда сұраныс жоғары екенін көре алмай келеміз».
2017 жылдың алғашқы тоқсанында жарияланған ресми ақпаратқа сүйенсек, елде жұмыс істейтін жалпы азаматтардың 4,9 миллионы, яғни 58 пайызы, ал жастардың 30 пайызы өзінің мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Экономист Рақым Ошақбаев қажетті мамандарды анықтайтын зерттеу жүргізілмеуінің салдарынан елде жұмыссыз жастардың саны артып келе жатқанын айтады.
– Қазақстанда мектептен кейін не жұмыс істемейтін, я оқуын жалғастырмайтын жастар көбейді. 2015 жылы олардың үлесі 8,3 пайыз болса, 2016 жылы бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 9,5 пайызға өскен. Бұл – шамамен 350 мыңдай адам, – дейді ол.
Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, жыл сайын мектеп бітіріп шығатын түлектердің 20 мыңы ешқандай жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнына түспей, білім алуды жалғастырмайды және ешқайда жұмысқа орналаспайды. Экономист жұмыссыздарды қызметпен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мәселені шешуге қауқарсыз екенін айтады.
– Ресми ақпарат бойынша, жұмыссыз отырғандардың 15 пайызы ғана қайта оқып, жаңа мамандық игеруге ынта білдірген. Ал өз кәсібін ашуға несие сұрап, ресурс қарастырғандардың саны 1 пайызға да жетпейді, – дейді экономист.
Маманның пайымдауынша, 2016 жылдан бері үкімет жұмыссыздық мәселесімен күресудің жаңа амалына көшкен. Ол биліктің жұмыссыз ретінде тіркелу талаптарын қиындатып, ештеңемен айналыспайтын, табыс таппайтын азаматтарға «экономикалық белсенді емес азаматтар» деген ат тағып, жұмыссыздар қатарынан алып тастағанын айтады.
– 2016 жылдың ақпанында министрлік жұмыссыз азамат өз өңіріндегі жұмыспен қамту орталығына келіп, әр үш күн сайын статусын растап отырмаса, «жұмыссыз» ретінде тіркелмейді. Осының «арқасында» министрлік айлық табысы 30 мың теңгеден аспайтындардың санын үш айдың ішінде 502 мыңнан 289 мыңға дейін азайтты, – дейді маман.
Елдегі еңбекке қабілетті халықтың ішінде жалдамалы жұмысшылардың үлесі – 66 пайыз. Экономикалық серіктестік пен даму ұйымына мүше елдерде бұл көрсеткіш орта есеппен 82 пайызға жетеді. Тәуелсіз зерттеу институттарының дерегі бойынша, Қазақстанда жұмыссыздар саны 2016 жылдан бері 10 пайызға артып, 2017 жылдың сәуірінде 438 мыңға жуықтаған.

ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ