КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сабақтың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар.
Сабақтың білімділік мақсаты: Шешендік сөздің табиғатының бір танылатын тұсы - шешенге қойылатын талаптар екенін, ол сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән ерекшеліктері болатынын, сондай - ақ адам бойында тағылым алар үлгілі қасиеттер көп болу керек екенін түсіндіру. Оқушылардың біліктіліктерін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушыларға сөз қадірін түсінуге, орынды сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:сөз байылығын, сөздік қорын байыту, ойлау, бір – бірімен қарым – қатынас жасау, мәдениеттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыстар орындай отырып, іскерлік қабілеттерін арттыру. 
Сабақтың түрі: жаңа білімді бекіту.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, топтық сайыс, пікір алмасу.
Пәнаралық байланыс:биология, музыка, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.Топтардың таныстыруы. «Жас қанат» тобы, «Ұлытау» тобы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.103 – жаттығуды жалғастырып, әр топқа Абайдың қара сөзінен жатқа оқу.
ІІІ. Ой шақыру. 
- шешендік сөздің табиғаты тарауы бойынша сұрақтар беремін. Сол сұраққа кез – келген оқушы жауап бере отырып, фишкалар жинайды. Жинаған фишкалар өз ұпайына және топтың ұпайына кіреді.
Сұрақтар:1. шешендік сөз туралы кім айта алады? – шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің зерделілік, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі.
2. Шешендік сөздің ұтымдылығы неде?
1. публицистикалық стильге тән – жігерілілік,
2. Көркем әдеби стильге тән – тартымдылық.
3. ауызекі сөйлеу стиліне тән эмоционалдық, экспрессивтік сипаттардың тоғысуынан жарасымды өрілуінен көрінеді.
3. Шешен сөзге қойылатын талаптарды кім айтады? – (сөз мазмұнының тереңдігі, ойдың жүйелі берілуі, пікірдің дәйектілігі, дәлелдігі, сөз мағыналарының дұрыс берілуі, сөздік қордың байылығы, мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді орынды қолдана білу)
4. Шешендік сөзде ескерілуі тиіс қағйдалар қайсысы?
5. Шаршы топ алдындағы сөз сапалары қандай?

6. Шешен сөздің сапасын арттырудың жолдары қалай?
7.Шешендік сөздің тектері қандай болады?
8. Соңғы өткен діни шешендікке тоқталсақ, кім «Құран кәрімнен» жатқа айтылады?

Шешендік сөздің тектері
Шешендік сөздердің түрлері
Стильдері
Негізгі тілдік құралдары
1) Әлеуметтік – саяси шешендік
Баяндамалар, съезд, конференция, мәжіліс, парламенттегі, митингідегі сөз, Әскери – патриоттық, үгіт – насихаттық саяси шолу, дипломатиялық сөз
Публицестикалық, ресми, ғылыми
Афоризмдер, терминдер, фактілері, сілтемелер, қаратпа, қыстырма сөздер
2) Академилық шешендік
Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы дәріс, ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми – көпшілік дәріс
Ғылыми, ресми, публицистикалық
Деректер терминдері, сілтемелер, салыстырулар
3) Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік
Мерейтойдағы, салтанатты дастарқандағы, қабір басындағы сөйленетін сөздер, көңіл айту, көңіл сұрау, естірту, жұбату, т.б.
Көркем әдебиет, публицистикалық, ауызекі сөйлеу
Мақал – мәтелдер, афоризмдер, тұрақты тіркестер, оқшау сөздер, метафоралар, ажарлау тәсілі, риторикалық сұрау
4) Сот ісінде қолданылатын шешендік
Прокурордың айыптау сөзі, адвокаттың қорғау сөзі, айыпкердің қорғау сөзі
Публицистикалық, ресми сөйлеу
Іскерлік қатынасқа тән сөз орамдары, мақал – мәтелдер, риторикалық сұраулар
5) Діни шешендік
Уағыздар, иман сөдер
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдеби
Дінге қатысты терминдер, имандылыққа үндейтін сөз орамдары, т.б.
IV. Жаңа тақырып.Дәптермен жұмыс, ай, күн, тақырыпты жазу.
- Шешендік – ұлы өнер. Оны игеру, оған ие болу оңай іс емес. Сондықтан да шешендерге артылар жауапкершілік пен қойылатын талап та үлкен. Мәселен, даналардың айтқандарына жүгінсек: Шешендік: а) адам бойындағы талант; ә) терең білім;б) 
б) қалыптасқан дағды.
«Осы үшеуі сай болғанда ғана шешендік қалыптасады» Цицирон 
«Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол» 
Квинтилиан
«Шешенге деген сенім туғызатын үш нәрсе – парасат, ізгілік, сыйластық» Аристотель 
«Шешендік – дарындылық. Ол тілі ғана емес, ойы да жүйрік кісілерге, тілдік сезімі күшті адамадарға тән қасиет» М. Балақаев 
- Дәл осы пайымдаумен дәлме – дәл келетін ой – пікір халық жадында сақталып, бүгінгі күнге жеткен мына бір аңыздан анық аңғаруға болады.
Бірде Әз Жәнібек хан билерінен: «Жігітке жақсы болу үшін не керек?» - деп сұрайды. Олар: «Жігітке бірінші – білім, екінші -ғылым, үшінші - ұғым керек. Сосын отты жүрек, батыл тіл керек» - деп жауап береді. Билер мұнда «білім» деп ақылды, «ғылым» деп оқуды «ұғым» деп оны есте сақтап, орынды жұмсай білуді айтқан.
Шешен адам бойында тағылым алар үлгілі қасиеттер көп болуы тиіс. Оны шешенге қойылатын талаптардан көруге болады.
- сонымен, біз шешендік сөзге қойылатын талапты біліемі, шешенге қойылатын талапты да білдік. Ендеше келесі жұмысымыз – пікірталас.
V. Пікірталас
- Орынды айтылған орнықты сөзге тоқтауды – біліктілік белгісі, арлылықтың айғағы санаған ата – бабамыз «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» екен. Бұны бүгінгі таңда әр түрілі пікірталас түрлерінен көреміз.
Олар:
- Қазір «Тәуелсіздік – бақытты күндерім» атты пікір алмасу ұйымдастырамыз.
- Төраға сөзі: Құрметті бүгінгі пікір алмасуға жиналған оқушылар, біздің алаңға қош келдіңіздер! Бүгінгі бас қосуымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр. Тақырыбымыз «Тәуелсіздік – бақытты күндерім». Осы төңірегінде ойларыңызды ортаға салып, өз пікірлеріңізді білдірерсіздер деген ойдамын. Тәуелсіздік........ дегендей, сіздер Тәуелсіздік туралы не айтасыздар?
2. Сіздердің бағанадан бері айтып отырған ойларыңызды түсініп отырмыз, енді негізгі тақырыпты ашып өтсеңіздер.
3. Бір – бір ауыз сөзбен бүгінгі тақырыпты қорытындылап өтсек. .... Біздің бүгінгі пікір алмасуға келіп, өз ой – пікірлеріңізді білдіргендеріңізге көп рахмет!!! 
Сарапшыларға сөз беріледі. – Пікір алмасуға қатысқан оқушылар бүгінгі сабағымызға байланысты шешенге қойылатын талаптарды орындай алды ма?
VI.Топтастыру 
- сонымен шешендік сөзге қойылатын талаптарды, шешенге қойылатын талаптарды топтастырайық. Сегізаяқ.
«Сегізаяқ» кімнің өлеңі? (Абай) Бұл өлеңде қандай мәселелер қозғалған?
VII. Шығармашылық жұмыс.Абайдың табиғат лирикасына салынған сурет бойынша әңгіме құрау. Сурет авторы – Пәтқолла Айгүл.
VIII. Тестік тапсырма. 
IX. Қорытынды
Жеңімпаз топты анықтау. 
Үздік оқушыны анықтау.
X. Үйге тапсырма. Абайдың 32 – қара сөзін жаттау. «Шешендік – тапқыр ойдың, биік талғамның жемісі» тақырыбына пікір алмасу ұйымдастыру. 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз