КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Өткен аптаның ең маңызды жаңалығы "Ана тілін білген адамдар ғана қазақ деп аталуы керек. Ал ана тілін білмейтіндердің төлқұжатына "шала қазақ" деп жазған жөн" деп "Намыс.кз" порталының ұрандағаны болды. Бұл mtdi.kz сайты ұйымдастырып отырған "Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысы үшін де үлкен жеңіс! Өйткені, қазақтілді сайттардың ауызбіршілігі күн сайын нығая түсуде.

Қазір "қазақ" деген атқа кім лайық? Ана тілінен жұрдай, салт-санасын ұмытқан дүбәра адамдар да өздерін қазақпыз дейді. Анасы – кәріс, әкесі – орыс Геннадий Головкин де өзін "қазақпын" деп жүр. Егер осылай жүре берсек, болашақта кімнің шынайы қазақ екенін ажырата алмайтын боламыз", - деп жазады портал. Сол себепті, қазақ дегеннің кім екенін анықтап алуымыз қажет дейді материал авторы. "Ол үшін басты талап тіл болсын. Яғни, кім ана тілін біледі сол қазақ. Ал ана тілін білмейтіндердің төлқұжатына "шала қазақ" деп жазған жөн", - делінген порталдағы жазбада.

 Автордың жазуынша, мұндай тәжірибе бұрын болған. Яғни, ата-бабаларымыз сіңбелерді немесе тілінен безгендерді шала қазақ деп атаған.

 "Тіпті олар арнайы куәлік берген. Атақшы шежіре-тарихшы Құрбанғали Халид: "Шала қазақтыққа берілетін менің алдымда бір куәлік жатыр. 1834 жылы ұлты дегенге "шала қазақ" деп жазыпты. 2691 нөмірлі. Бұл Шах Әзім деген кісіге берілген екен. 1885 жылы 99 жасында қайтыс болды" деп жазады. ("Тауарих хамса" Алматы. "Қазақстан", 1992.155-бет)", - дейді автор.

 Бұл тәжірибе алғаш Аякөз жерінен басталған екен. Сол кезде осындай куәлікті 10 мыңдай адам алыпты. Автор осы тәжірибені қайтадан жаңғырту керек деп есептейді.

 Айта кетейік, намыс.кз порталы қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап келе жатқан оқырмандары көп қазақтілді порталдардың бірі. "Қазақ тарихы", "Қазақ танымы", "Ұрпақ тәрбиесі", "Руханият", "Қоғам", "Этнография", "Оян, намыс!" атты 7 айдардан тұратын портал мемлекеттік тілге келгенде де аянып қалмайды. Құрылғалы бері ең өзекті тақырып ретінде де, жастарды қазақ тілінде сөйлеуге шақыруда да белсенділік танытып келеді. Айдарлардың аты айтып тұрғандай, мұнда қазақтың тарихынан бастап оның әдебиеті, руханияты, танымы, философиясы т.б. тақырыпта материялдар салынып отырады.

"Тіл сақшысы" қоғамдық

қозғалысының ұйымдастырушысы


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





31/05/2017 10:11

Бұлтартпас ақиқат
0 51721 0










14/06/2017 15:56

Фейсбукте
0 7041 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика