КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысын құрған болатынбыз. Мақсатымыз – жарнамалардағы, сайттардағы, құжаттардағы т.б. қателерді түзеп, қазақ тілінің қорғанышы болу. Осы уақытқа дейін 50-ден астам қате еріктілер тарапынан жіберіліп, оның 30 шақтысына ұсыныс жасалып, болмағандарын қорқытып-үркітіп түзеттіруге мүмкіндігіміз болды (мұның өзі үлкен жұмыс). Тіпті, Андрей атты орыс азаматы темір тақтаға жазылған қатені маркермен болсын түзеп, өзінің осы елдің нағыз азаматы екендігін көрсете білді. "Астана ақшамы", "Жас қазақ", "Абай.кз", "Жас қазақ үні" т.б. қазақтілді БАҚ-тар біздің бұл жобамызды толықтай қолдап, бір бетті бізге арнауға келісімін беріп қойған. Ендігіде еріктілердің санын көбейтіп, патриот жастарды, тіл жанашырларын біріктіріп, осы бағытта жұмыс қарқынын еселеп көбейту қажеттілігі туып тұр. Байқаймын, әзірге студент-жастардың арасында белсенділік танытып, өз еркімен клубқа мүше боп жатқан тек Аграрлық университеттің студенттері ғана. Мен ҚазҰУ-да оқып жүргенімде қаншама жас патриоттарды, тілжанашырларын білуші едім, қазір олардың біреуін де таппай отырмын. Сол сияқты ҚазҰПУ, ҚызПУ, ҚазҰТУ т.б. толып жатқан оқу орындары біздің хабарландыруымызды естімеді емес естіді, білмеді емес білді. Мүмкін, біздің қозғалыстың ұйымдастыру жұмыстарының әлсіздігі шығар, мүмкін басқа, бірақ демократиялы елдің жастары (мемлекеттік тілді дамыту қажеттілігі туып тұрған дәл қазіргі уақытта) мемлекеттік тіл үшін аянып қалмауы тиіс қой? Әй, бірақ, сіздерді де түсінуге болады. Ректорларыңыз қысып ұстайды, ректорларды министрлік қысады, министрлікті президент дегендей... Сіздердің халдеріңіз бен қазақ тілінің халі бірдей десе де болады. Сіздерге жаным ашиды... Сонда да тағы бір рет қайталаймын, еті тірі жастар болса, хабарлассын (8 747 245-73-69)! Сіздердің отырған, оқыған, тұрған, жүрген, жатқан, көрген, естіген жерлеріңіздегі қателер міндетті түрде түзелуі тиіс!...

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





31/05/2017 10:11

Бұлтартпас ақиқат
0 51721 0










14/06/2017 15:56

Фейсбукте
0 7040 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика