THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасына жергілікті бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлінеді екен. Әрине, бұл жол салу үшін немесе ғимарат тұрғызу үшін бұйым емес, ал тілдің мүддесі үшін жұмсаса мол қаражат болып саналады. Және де қомақтылығы жағынан басқа облыстық басқармалармен салыстырғанда Республикалық бюджеттен Тіл комитетіне бөлінетін қаржыдан кейінгі орында тұр деуге болады. Сонда көпшіліктің көңілінде Алматы қаласында тілді дамыту үшін жыл сайын бөлінетін осы қаражатқа не істеліп жатыр деген заңды сұрақ туындайды. Қалай ойлайсыздар, не істеліп жатыр? Түк те ...
Осыдан үш-төрт жыл бұрын ондағылар жабылып жүріп «Алматы көшелері» деген энциклопедиялық басылым шығарды, 3000 данамен. Әр бетінде 15 қатеден өріп жүрген соң, оны жұртқа таратуды кілт тоқтатты. Ал ақша далаға кетті...
Былтырғы жылдары «Алдар көсе» туралы мультфильм шығарды. Шығарды емес-ау, «Краус» деген өзге ұлт өкілдерінің анимациялық студиясы бұрын шығарып қойған өнімді сатып ала салды. Сөйтіп қазақ топырағында қазақтың қолайына томпақ келетін тағы бір өнім пайда болды. Ақша тағы да далаға кетті...
Ал онда 200 млн. теңгеге не істеуге болар еді?
1) Заң осал деп қарап отырмай, Алматы қаласындағы қате маңдайшалар мен көрнекі жарнамалардың иегерлерін күніне он айналып шығуға болар еді. Жаңа жылдық безендірулер кезінде немесе бір ұлық жиын өтерде мекемеге тиісті аумаққа гүл егіп, сәндеп қойыңыздар деп шауып келіп, жаныңды алатын, оған ресурс та, уақыт та табатын шенеуніктер қазақ тілінің қатесіне келгенде жоқ.
2) Қазақ тілін оқытуға арналған 40 түрлі үздік оқу құралын таңдап шығарып, әрқайсысының 5000 данасын керек жерлерге тегін таратып шығуға болар еді.
3) Балаларға арнап 250 мың данамен түрлі-түсті суреттермен безендірілген 50 ертегі кітап шығарып, таратуға болар еді.
4) Жаһандық бәсекеге қабілетті қазақша интерактивтік, танымдық ойындардың бірнеше түрлерін шығаруға болар еді.
5) «Сақ» студиясы түсірген «Қошқар мен теке» сияқты қазақ баласының ұғымына сай мультфильмдердің жетпісін бір жылда шығаруға болар еді.
6) Алматы қаласына қарасты 7 аудан мен он шақты басқарманың құжаттарын түгел қазақшаға аударып, алдарына электронды нұсқаларын тізіп қоюға болар еді.
7) Ол ақшаға барлық кәсіби талаптарға сай тартымды етіп, 50 бөлімнен тұратын сериал түсіруге болар еді.
8) Көпшілік қызығып көретін «Барселона» аяқдопшыларының бірнеше ойындарын өзгеден бұрын сатып алып, өзімізді тамсантып, өзгені мүмкін ашуландырып тек қазақша жүргізуге болар еді.
Соңғы ұсынысым бұл жерге келмейді, әрине. Бірақ басты міндетіміз қазақ тіліне қажеттілік туғызатын, өзге жұрт оны үйренуге өзі мәжбүр болатын озық өнім шығару екендігі белгілі. Мұны бірақ, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасында отырған шенеуніктер түсінбей-ақ өтетін шығар.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ