КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының

 ҮЕҰ арналған  оқыту іс-шарасы

 

Маусым айының 24-ші және 30-шы жұлдызында  «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырмасымен     «ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша және әлеуметтік саладағы жұмыс технологияларына, оның ішінде ауылдық жерлерде халықпен жұмыс жүргізу» тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында  Петропавл және Павлодар  қалалары бойынша онлайн вебинар өткізді. Елімізде карантин жағдайының енгізілуіне байланысты қатысушылармен  ZOOM бағдарламасы арқылы  қашықтықтан байланыс орнатылды. Семинарды өткізудегі негізгі мақсат - қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, сондай ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы жұмыстарын жетілдіру. Петропавл қаласының азаматтарына арналған онлайн семинар 55 адамды, Павлодар қаласы бойынша өткізілген семинар 57 адамды қамтыды. Семинарға қатысуға ниет білдіргендердің арасында  екі қаланың  тұрғындарынан бөлек әр өңірдің  азаматтары да бар. Қазақ тілді аудиторияға арналған онлайн вебинарға  мемлекеттік тілде  сөйлеуге бейімделіп жүрген өзге де ұлт өкілдері  қызығушылық танытты.  Төрт сабақ аясында өтілген  онлайн семинарда-жалпы қазақ ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу, конкурстық өтінімдер мен жобаларды ұсыну, ауылдық жерлердегі халықпен жұмыс жүргізуінде жаңаша әдіс-тәсілдерді (технологияларды) қолдану, ұлттық этикет, іскери этикетті білу, сөйлеу энергетикасын, импровизацияны қолдану сияқты тақырыптар қозғалды. Әсіресе «Адамдармен сөйлесу кезіндегі бейвербалды құралдарды пайдалана білу, сөйлеудегі креативтілік, көпшіліктің назарын өзіне аударту және аудиториямен байланыс түрлері, адамға әсер етудің 8 жолы»  сабағы көпшіліктің ерекше назарын аударып, қызу талқыланды. Курсты осы бағытта  еңбек етіп келе жатқан кәсіби мамандар өткізді. Семинар барысында тренингтер ұйымдастырылып,  қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріліп,  аудиториямен тығыз байланыс орнатылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, кері байланыс орнатылды. Семинарға қатысушы азаматтар алдағы уақытта семинарды жетілдіріп, аудиториясын кеңейту жайлы тілек ұсыныстарын білдірді. Еркін пікір мен салиқалы диалогқа құрылған қашықтықтан өткен бұл семинар бәрінің көңілінен шықты деген сенімдеміз.

         Жұматай Жұпар Ербосынқызы

 Мемлекеттік тілді дамыту институтының қызметкері

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 471 0







01/02/2024 16:08

ЛАТЫН ЖАЙЫ
0 619 0















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 44858 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42335 3


ТЕКСТ