THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Биылдан бастап 2, 5, 7 сыныптар жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасына көшеді
Авторы: MTDI
25/07/2017 16:54 0 24077 0
Жыл сайын елімізде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Тамыз кеңесі» өтеді. Биылғы шара жаңа форматта жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметінің директоры Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.Спикер «Тамыз кеңесі» барлық мұғалімдер үшін аса маңызды шара екенін атап өтті және конференция барысындағы секциялық жұмыстар әр облыстың орталығында өткізілетіндігін баяндады.«Ең үлкен секция бұл – білім саласының жаңартылған мазмұнға көшу секциялары. Бұл секциялар әр облыс орталықтарындағы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» базасында өткізілетін болады. Өздеріңізге белгілі біздің саламызда былтырғы оқу жылынан бастап жаңартылған мазмұн енгізіліп келе жатыр. Бұл бірқатар өзгерістермен байланысты. Айта кететін тағы бір жайт, 2, 5, 7 сыныптар биылғы жылы осы жаңарту мазмұнына көшіп, олар үшін жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар және сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары қарастырылған. Осы сұрақтар облыс орталықтарында өтетін секцияларда мұғалімдермен, білім саласы өкілдерімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жете талқыланады», - деді Ш.Каринова.
Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметі директорының айтуынша тамызда болатын кеңесте былтырғы оқу жылының негізгі сұрақтары талқыланып, оған сараптамалар жасалынып, алдағы оқу жылына жүйелі жоспар жасалады. https://mtdi.kz/main/akparat/id/822
ПІКІР АЛМАСУ
22/04/2024 12:18
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
18/03/2024 14:07
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУІНЕ ТАЛДАУ
|
ТЕКСТ