КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Авторы: MTDI

04/09/2017 12:42   0   5868   0

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2017 жылдың 3 қарашасында белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабайдың 70 жасқа толуына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 45 жылдығына арналған «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция секцияларында қарастырылатын мәселелер:

-   Грамматика, стилистика және мәтін теориясы мәселелері;

-   Қазақ тілін зерттеудің жаңа бағыттары;

-   Көркем мәтін және әдебиеттану мәселелері;

-   Филологиялық (гуманитарлық) білім берудің жаңа технологиялары;

-   Түркітану және салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің мәселелері.

Конференция материалдары ғылыми жинақ және pdf түрінде жарық көреді. 2017 жылдың 10 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің naukakaz70@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін (файл атауы: секция №; мақаланың бірінші авторының тегі; мысалы: 1.2._Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (электрондық түрде болса сканерленген) жіберулеріңізді сұраймыз.

Баяндаманы дайындау барысында авторлардың келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз. Толық 5 параққа дейінгі баяндама мәтіні 2 данада Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал 1, әріп өлшемі 14, барлық шеттері 20 мм. Атауының ресімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (қою сиялы бас әріптермен, жолдың ортасына); бір жолдан соң (ортасы бойынша туралау) автордың тегі, өз аты мен әкесінің атының бас әріптері; келесі жолда (ортасы бойынша туралау) ЖОО, қала атауы; келесі жолда (ортасы бойынша туралау) E-mail байланыс үшін; 1 жолдан соңмақала мәтіні.

 Ресімдеу мысалы:

 

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ КОГНИТИВТІ ГРАММАТИКАНЫҢ АЛҒАШҚЫ НЫШАНДАРЫ

Жұбаева О.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы қ.  alm-ornai@mail.ru

 

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін...


 

Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті  бойынша келтіріледі.

Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетінде қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды.

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін  ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.

Көкшетау қаласы, «Цеснабанк» АҚ, TSESKZKA, БИН 960840000681, ИИК KZ61998JTB0000118553, КНП 861, ШЖҚ РМК «Ш.Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университеті». «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» конференциясына қатысу үшін.

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу көрсетілген электрондық мекен- жай бойынша жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Филология және педагогика факультеті. Қазақ филологиясы кафедрасы.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы. Абай көшесі,76 үй; 323 кабинет. Қазақ филологиясы кафедрасы. Жауапты: Бұқаева Анар Айтқалиқызы: 87017608942; Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызы: 87752929380.

Анықтама     телефоны:     8     (7162)     25-80-46,     25-56-05.     E-mail:

naukakaz70@mail.ru

 

Өтінім нысаны:

 

А.Ж.Т. (толығымен)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Пошта мекен-жайы, индекс

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық мекен-жай

 

Бағыт (секция)

 

Баяндама тақырыбы

 

Техникалық құралдарға деген мұқтаждық

 

Қонақ үйге деген мұқтаждық (санаты және ұйғарынды құны)

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 631 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 892 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48683 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46494 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44250 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика