THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Уақыт өткен
сайын ата-бабаларымыздың сәлемдесу дәстүрiн ұмытып, жаңа сәлемдесу түрлерiн,
яғни бiзге жат – жаңа үрдiстердi енгiзе бастағандаймыз. Бұрын үлкендер,
әсiресе, қыз әкелерi, ағалары, туыстары қыздың тек маңдайынан иiскеп, бiлегiнен
немесе алақанының сыртынан сүйетiн. Ал қазiр еркегi де, әйел де, ұл да қыз да
жаппай беттерiн бiр-бiрiне тосып, жаппай сүйiсiп жатады. Менiңше, бұл –
жаһанданудың бiзге жеткен еуропалық сиқы.
“Ассалаумағаликум”,
“Саламатсыз ба?”, “Аман-есенсiз бе?” деген сияқты ата-бабаларымыздың төл сөзiн,
ата салт-дәстүрiн пайдалануымыз керек. Жағымпаздықпен жанын асыраған мына
заманда жаппай сүйiсiп амандасу, кейде келiншектердiң қол берiп амандасуы ата
салтымызды аяққа басқандай жаныңды ауыртады. Әйтпесе, жаппай сүйiсу қазақтың
қанында жоқ. Бұл не? Әлде, “әсiре қызыл тез оңар” дегендей, жаман әдеттерге
үйiрлеу әсершiл мiнезiмiздiң көрiнiсi ме? Арақ iшу мен темекi тартудан
орыстарды шаң қаптырып кетiп едiк. Сол сияқты, жұрт көзiнше сүйiсуден де
шетелдiктердi артта қалдырып кетпейiк. Ұяты ұлтқа келер.
Тағы бiр айта
кететiн нәрсе, бiреу қазалы болғанда көрiсу ғұрпы. Әрине, үлкен кiсiлердiң
ой-бауырымдап төс түйiстiруi жарасымды.
Ал бiр ауылда
5-10 мың халық тұрады. Ал солардың жартысынан көбi – қыздар немесе жас
келiншектер. Солардың барлығының бiрдей төс түйiстiруi мiндеттi емес. Ибалы
қыздарымыз бен тәрбиелi келiндерiмiз көрiспей-ақ үлкендерге көңiл айтып өте
шыққаны өте жарасымды.
Ата салт-дәстүрiн келер ұрпаққа қаз-қалпында жеткiзу – бұл да аға буынның бiр мiндетi.
Жас Алаш
Қызылжарма
ауылы,
Қызылорда облысы
ПІКІР АЛМАСУ
22/04/2024 12:18
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
|
12/04/2024 15:42
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОҚЫТЫЛУЫ, ЗЕРТТЕЛУІ» атты дөңгелек үстел өтті
|
01/04/2024 13:22
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты семинар-кеңес өтті
|
18/03/2024 14:07
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗГЕН ЗЕРТТЕУІНЕ ТАЛДАУ
|
ТЕКСТ