КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақтың ерте дәстүріндегі әдет-ғұрып, салт-жоралғыларының бәрін біле бермейміз. Ұмытыла бастаған дәстүр түрлерінің жаңғыртылуын, әдетте, тек Наурыз мерекесінде көріп жүрміз. Онда да ел-жұрттың көзі қанық «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Беташар», «Қыз ұзату» сияқты дүниелер қайталанып жүр. Ал сол «Қыз ұзатудың» алдында жасалатын Аужар тойы туралы біреу білсе, біреу білмес.
Халықаралық Музей күнін мерекелеу қарсаңында Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Аужар той» атты қазақ халқының этномәдени дәстүрлі қойылымы көрсетілді.
Кешті ашқан Мұсылман әйелдер лигасының мүшесі Қайырбану Мағзиқызы жиналғандарға бұл тойдың қалай өткізілетіні туралы түсініктеме берді. Бұдан соң «Атамұра» ұлттық мәдени орталығы өнерпаздары мен мұсылман әйелдер лигасының мүшелері көріністі бастады.
Киіз үйдің ішін айнала отырған әжелер құрақ құрап, іс тігуде. Қолдарына алғандары – ұзатылатын қыздың дүниесі. Отырыс көңілді болсын деп «Сары бидай» әнін сызылта әндетеді. Бір кезде ұзатылатын қыздың анасы қобдишаның ішінен күміс алқаны алып шығып:
- Осы күміс әшекейді Айнаштың дүниесіне қосамын, - деп құрбыларына көрсетті.
- «Жетісінде жинасаң жетеді, алтысында жинасаң асады» деген қазақ, - десіп бәйбішелер разы болып жатыр.
Осы сәтте бағанадан жеңгесімен бірге сәукелесін сәндеп, қызықтап отырған бойжеткен тамылжыта ән салды. Әннен соң қыздың жеңгесі сәукелені тігуді аяқтап, апалардан байғазы сұрады. Ақ әжелер байғазыға деп білезік, жүзіктерін ұсынып жатты. Жұмыстарын бітірген соң апалар орындарынан тұрып, басқа бөлмеде тамақтанды.
Қыз жеңгесі сал-серілер мен қыздың құрбыларын отауға алғызып, «Аужарды» бастауға шақырды. Қыз-жігіттер қосыла ән шырқап, отырыстың сәнін кіргізді. Кезекпен «Жар-жар» айтты. Қыз бен жігіттің, жеңге мен қайынның арасындағы жарасымды әзіл-қалжың үлгісін көрсетті. Осыдан соң жастар күн бата алтыбақанда жиналатын боп келісіп, дастарханға бет алды.
Көріністен соң жиналғандар өз пікірлерін білдірді.

Зейнеткер ұстаз Зәбира Сматова:

- Бала кезімізде осындай тойлардың шет-жағасын көріп өстік. Мына той жас дәуренді көз алдыма әкелді. Жақсы дәстүрді жаңғыртқандарың үшін ризамын, - деп ағынан жарылды. Шара соңында мұражай директоры Нағима Смайылова Аужар дәстүрлі қойылымын өткізуге белсенді атсалысқандары үшін Қ.Омароваға, «Атамұра» мәдени орталығы ұжымына алғыс хат табыстады. Қазақтың салтын жаңғыртуды мақсат еткен кеш мәнді де сәнді өтті.

Отарқа

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 607 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 844 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика