КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қостанай қаласындағы көше жарнамаларының мемлекеттік тілдегі жазуларына қарап еріксіз жағаңды ұстайсың. Себебі, ондағы кездесетін қателер тіл мамандарының ғана емес, тілге жанашыр барша қауымның сынына сан мәрте ұшырап жатса да, бір нәтиже шығарған кезін көрмедік. 
Керісінше, мемлекеттік тілде жазылған жарымжан жарнамалардағы бір ауыз сөйлемнен тұнып тұрған қателерді қаланың әр түкпірінен кездестіруге болады. Сәні келіскен сауда үйлері мен дәулеті шалқыған мейрамханалар, қала берді шағын шеберханалардың сыртындағы мүгедек маңдайшалар мен жарымжан жарнамалар көзіңізге оғаш көрінсе де амал жоқ байқамаған кейіпте кете бересіз. Себебі, олар шағын кәсіпкерлік нысандарына жатады. Қазіргі таңда бұл нысандардың құқығы жан-жақты қорғалған. Сондықтан, сын айтуға барған адамның өзінің басы дауға қалуы ғажап емес. Мұндай жағдай Қостанай шаһарында бірнеше рет орын алды. Тіптен ғимараттың маңдайшасындағы жазуда қате барын ескерпек болған облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлерін полиция бірнеше сағатқа қамап қойған кездердің де куәсі болдық.
Аталмыш басқарма мамандары қаламыздың бір шетіндегі қате жарнамалар мен маңдайшаларды жөндеп жатса, екінші жағынан жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қазақшасы жоқ, болмаса шала қазақ жарнамалар қайта шығады. Әттеген-айы, мемлекеттік тілге қырын қарағандарды бірден жазалап, оларға сол арада айыппұл салатындай оларға құқық берілмеген. Осы басқармаға жоғарыда аталған құқық берілсе, мемлекеттік тілге қайшы келетін жарнама иелеріне айыппұл салып, жазалап отырар еді. Сонда әр кәсіпкер «өз нысаныма қай тілде, не жазсам да өзім білемін» деп еркінсімейді. Ойланар еді. Соның нәтижесінде аяғыңды аттап бассаң сүрінетін қала көшелеріндегі жарым жан жарнамалар да бір ретке келер еді.
Ең қызығы, осындай қателерді қаладағы мемлекеттік мекемелердің атаулары жазылған маңдайшасынан да көруге болады. Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасында “төтенше жағдайлар” деген сөз «Жаәдайлар» деп біраз уақыт тұрып, сынға іліккенде барып дұрыстаған болатын. Ал былтыр облыс орталығында жаңадан ашылған №4 емханада «дәрігер-мамандарды қабылдау», «терапевтерді қабылдау», «гинекологты қабылдау», «бетше қабатты» деген жазуларды көріп қайран қалған едік. Өйткені, ол жерге барған науқастар жоғарыда аталған дәрігерлер оларды емес, керісінше олардың өздерін қабылдай ма деп қалатыны белгілі.
«Жалпы алғанда, облыс орталығындағы жарнама агенттіктерінде сауатты аудармашылар жоқтың қасы. Сондықтан, қателер әр қадам сайын кездеседі. Оның үстіне осы агенттіктерде аудармашы қызметімен дизайнерлер айналысады. Олар болса мемлекеттік тілді мүлде білмейді. Осыдан барып, қазақ тіліндегі жазуларда қате көп кетеді», – дейді Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Жарасқан Наурызбаев.
Осы орайда мемлекеттік тілге қатысты ауқымды жұмыстардың бәрін тек облыстық тілдерді дамыту басқармасына бағыттап қойып, басқамыз қарап отырғанымыз дұрыс емес. Ана тіліміз ұлттық құндылықтарымыздың алтын діңгегі екенін ескерсек, онда бұл жерде баршамыздың мүддеміз жатқанын ұмытпаған абзал.

munara.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 610 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 862 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика