THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақстан Республикасы Президентіне
Қазақстан Республикасы Үкіметіне
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру
жөніндегі Ұлттық комиссияға
АШЫҚ ХАТ
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиі үкімет отырысында мақұлданып, көпшілікке таныстырылды. Бұл аз уақыт ішінде ресми түрде жарияланған төртінші әліпби.
Бірінші нұсқа. 2017 жылы 11 қыркүйек күні Парламентте латын жазуындағы қазақ әліпбиінің алғашқы нұсқасы (диграф) таныстырылды.
Екінші нұсқа. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен екінші нұсқа (апостроф) бекітілді.
Үшінші нұсқа. 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екінші нұсқаға өзгеріс (акут) енгізілді.
Төртінші нұсқа. 2021 жылғы 28 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысын өткізді. Онда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы (жетілдірілген) ұсынылды.
Осы нұсқалардың бәрін жасап жүрген де, 70 ғалым мақұлдады, 3500 маман қолдады деп, бағасын асырып мақтап жүрген де бір ғана топ - орфографиялық топ мүшелері.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев: «Латын графикасындағы әліпбиге көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды. Тыңғылықты, тексерілген ұстаным талап етіледі. Жан-жақты сараптау және жаңа әліпбидің барлық аспектілерін әзірлеу қажет. Латын әліпбиінің ұсынылған үш нұсқасы да жетілдірілмеген болып шықты. Ғалымдарымыздың салмақты пікірлерін күтеміз. Тағы да қайталап айтамын, біз нақты қазақ тілін реформалаймыз. Мұндай ұлтымыз үшін тағдыршешті мәселеде науқаншылдыққа және жеңілтектікке жол беруге болмайды», - деген болатын. Төменде қол қойған ғалымдар соңғы нұсқаны Ұлттық комиссия отырысынан кейін бірақ көріп отыр. Сонда бұлар кіммен, қайда, қашан, нені талқылап жүр?!
Ғылымый көпшілікпен кеңеспей менбілемдікпен жасалған бұл нұсқада бірнеше принципті кемшілік бар:
1) Жетілдірілген әліпби таза ұлттық емес, ғылымый негізі жоқ саясатқа құрылған, баянсыз. Қазақ тілінде ұлт ұстазы көрсетіп кеткен 28 дыбыс бар. Ал қазіргі әліпбиде бұрынғы артық (42-28=14) он төрт таңбаның үшеуін сақтап қалған. Он бір бөтен таңбаның үшеуін әліпбиге қандай ғылымый негізбен енгізгенін орфотоп мүшелерінің ешқайсысы айта алмайды.
Қазақ тіліне жат дыбыс таңбалары әліпбиден орын алса, олардың жазылымын реттейтін ережелер де емледе жазылатыны сөзсіз. Әліпбиде ұсынылған « v (в), f (ф). Һ (х) » әріптері мен «кино, инженер, институт, курс» сөздеріндегі « i (и), u(у)» әріптері де қазақ тіліне жат дыбыстардың таңбалары емес пе? Осы жат дыбыс таңбаларын әліпбиде қалдырудың өзі өзге тілдің ықпалына қайта көнуді білдіріп тұрған жоқ па?
Ең басты мәселе – жазу реформасы арқылы тіліміздің тынысын тарылтып келген жат тілдік ықпалдан арылу деп түсінеміз. Бұл мәселелерді шешпейінше, қазақ тілінің бәсекеге қабілетті ұлттық тіл ретіндегі келешегін қамтамасыз ету де мүмкін емес. Сондықтан да жат дыбыс пен әріп, жат сөздердің тілімізде қолданылуы мәселесіне байланысты да түпкілікті байлам мен шешімге келу маңызды және бұл мәселеде жартылай шешім болуы мүмкін емес, біз тіліміздің табиғи болмысын сақтаймыз десек, түбегейлі шешімге келуіміз керек деп есептейміз. Басты міндет - ғылыми негізделген, тіл заңдылығына сүйенген, ең бастысы, тілге қызмет ететін, тіл болашағын сенімді ететін жаңа әліпби мен емле ережелерін қабылдау.
2) Қазақ тілінің сымдай тартылған дыбыстық жүйесі әліпби түзу кезінде бір дыбыс бір әріп принципіне негізделуі тиіс. Алайда, бұл әліпбиде осы қағидатқа қайшы келетін тұстар бар. Нақты айтсақ, төл сөздерде қосар «ый, ій» дыбыс тіркестерін бір «i» әрпімен, «ұу, үу» дыбыс тіркестерін бір «u» әрпімен таңбалау ұсынылған.
3) Осы мәселеге қатысты бұрынғы ережені қалдыру арқылы емлемізге басы артық, керексіз ережелер қайта келеді. Бұл арада бізде бұрын бірде дауысты, бірде дауыссыз деп келінген «у» (сөз басында және дауыссыздан кейін) мен қазақ сөздерінде (жиі, қиын, иық) дауысты дыбыс деп түсіндіріліп келген «и» дыбыстары мен әріптеріне қатысты «тіл бұзар ережеге» нүкте қойылғаны дұрыс.
Ғалым пікіріне құлақ ассақ, «и, у» әріптерінің қазақ сөздерінде жазылымына қатысты шешуші сөзді академик Р.Сыздықова айтты деп ойлаймыз («Қазақ әдебиеті», 14.09.2018 ж ). Ал бұл дыбыстардың (й,у) жаңа әліпбиде таңбалануына келсек, фонетист-ғалым Ә.Жүнісбек пікіріне тоқтағанымыз жөн. «Әлеми жазу дәстүрі мен жазу теориясына лайық қазақтың У (дауыссыз) дыбысы [w] таңбасымен, Й дауыссыз дыбысы [y] таңбасымен міндетті түрде белгілену керек».
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияға
ҰСЫНАМЫЗ:
1. Осы уақытқа дейін бірнеше рет жарамсыз әліпбилер мен емлелер жасаған және әрқайсысын керемет деп мақтаған орфографиялық топ таратылып, білікті ғалымдардан қайта жасақталсын.
2. Осы уақытқа дейін бір ғана орфографиялық топ атқарып келген әзірлеу, сараптау сынамадан өткізу, енгізу жұмыстары Білім және ғылым министрлігіндегі оқулықтарды сараптау жүйесіндегідей бір-біріне тәуелсіз бірнеше ұйымға жүктеліп, сатылай сараптаудан өту арқылы ғана мақұлданып, бекітілсін.
3. Үкімет ұлт ұстазы Ақымет Байтұрсынұлының әліпби әзірлеу және енгізу принциптеріне сүйеніп, сондай-ақ заманауи конвертер бағдарламасының бір қаріптен бір қаріпке лезде ауысу мүмкіндігін ескеріп, латын қарпіне көшу мерзімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27-р өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін деп қалдырылсын.
4. Үкіметтің тиісті органдарына мүдделі мекеме, ұйымдармен бірлесіп, осы жылдың 1 жартысынан қалдырмай қазақ жазуының өзекті мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі жалпыұлттық арнайы жиын өткізу туралы ұсыныс түсіреміз. Басты мақсат - ұлттық жазу мәселесін ұлттық деңгейге көтеріп, ұлттық мүдде тұрғысынан ортақ пікірге келіп, шешім қабылдауға қол жеткізу, «ұлт үшін деген ұлы істі» (А.Байтұрсынұлы) түзу де, даңғыл жолға түсіру.
Қол қойғандар:
Нұржекеұлы Бексұлтан,
Белгілі жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің, «Парасат» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері.
Қалиев Байынқол,
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Сәдуақасұлы Жеңіс,
Филология ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.
Ісмақова Айгүл,
Белгілі әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы,
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркология саласының білікті маманы.
Әйтімов Мұратбек Кенжебайұлы,
Филология ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.
Салқынбай Анар,
Филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
Қалыбай Қаламқас,
Филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің профессоры.
Ермекова Тыныштық,
Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Ескеева Мағрипа,
Филология ғылымдарының докторы, профессор.
Жақсымбетов Жарқынбек Пәрмешұлы,
ҚР Парламенті Сенатының Аппараты, Редакциялық-Баспа бөлімінің меңгерушісі.
Жексенғалиев Болат,
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті.
Қорғанбеков Болат,
Филология ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры.
Қапалбек Бижомарт,
Филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры.
Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда универнситеті «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының меңгерушісі.
Абасилов Аман Мәделханұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.
Боранбай Болат Елтайұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры.
Асқар Тұрғанбай,
Филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының директоры.
Зайсанбаев Төлеубек,
Филология ғылымдарының кандидаты, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тілдік пәндер кафедрасының доценті.
Әбілов Алдажар Әбдіруселлеұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті.
Досымбек Қатранұлы,
Тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбәрак университеті доценті.
Әжғалиев Марат Қайыржанұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Раманова Айгүл Абиболлақызы,
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Мамыров Азамат Ыбырайұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қайыров Асан Бақиұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы,
Халықаралық бизнес университетінің доценті.
Айтбаева Айман Ералықызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Алмауытова Асия Базарбайқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Баялиева Гүлмира Жақсылыққызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Сарышева Күлдірсін Сейітжанқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Қамзаева Күлшат Салихқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Бақтиярова Сара Бақтиярқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Есназарова Рахия Мансұрқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Байдәулетова Аякөз Өтеуқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Жонкешов Бауыржан,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Шойбекова Ғазиза,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Абдульманов Алтынбек Абуталиевич,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Жәмилә Отарбекова,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Ақкөзов Әбдіжәлел Әбутәліпұлы,
Филология ғылымдарының кандидаты.
Умирбеков Аспандияр Аденович,
Жазушы, ақын, сатирик. Жазушылар одағының мүшесі.
Саматұлы Нұрлыбек,
Жазушы, республикалық «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы.
Өтеулинов Есболған,
Белгілі кино актері.
Қазжанов Ғалым,
Фонетика саласының маманы.
Мұхитдинова Гүлжанат Әлімжанқызы,
Филология магистрі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжі қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Әміреев Нұрлан Әденұлы,
Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы.
Найманбаев Алмас,
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы.
Екибаев Канатбек Даутович,
Талдықорған қаласы, 27-ші орта мектеп гимназиясының орыс тілі жəне əдебиет пəнінің мұғалімі.
Таубалдиев Мейрамбек Ерланұлы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты.
Каспихан Бауыржан,
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің магистранты.
Анарбек Ұлжан,
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің магистранты.
Мұнда 50-ден аса адамның аты-жөні жазылған. Жалпы барлығы 71 адам қол қойған. Қолдау жалғасуда.