КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа заманның басты құбылысына айналған жаһандану құбылысына тән феномендердің бірі – лингвистикалық ракурс – көптілділік. Әсіресе, лингвистикалық тенденциялардың ішінде қостілділік негізгі әлемдік бағытқа айналып отыр. Қарапайым халық қазірде қостілділікке жүгінуде. Әрине, бұл құбылыстың өз кезегінде пайдалы тұсы болса да, соған қарама-қарсы зиянды жағы да бар. Алайда, қалай десеңіз де қостілділік немесе көптілділік бүкіләлемдік бағыттағы басты бетбұрыс және одан құтыла да алмаймыз. Бүгінде қостілділікке әсер етіп отырған факторлар мыналар:
– Мәдени диалог немесе толеранттылық. Өзге мәдениетке деген қызығушылық, өзге мәдениетті меңгерушілікке деген құлшыныс.
– Біркелкі білім беру кеңістігінің құрылуы (еуропалық білім беру стандарты, әлемдік білім беру кеңістігі). Оның ішінде академиялық мобильділікпен білім алушылық және еуропалық деңгейде тіл меңгеруге ұмтылушылық тәрізді себептер.
– Қостілділік – кәсіби маманданудың негізгі кілті. Маманның потенциалын көтеру мен нарықтық қатынаста жұмыс жасауы үшін қостілділіктің қажеттілікке айналуы. Сонымен қатар ХХІ ғасыр мамандардың өзара алмасу процесі орын алғандықтан, тіл білушілік бұл үдерістің негізгі ферменті болып отыр.
– Әлемдік ақпарат кеңістігінің құрылуы және дамуы, негізгі ақпарат көздері Интернет пен әртүрлі коммуникациялық құралдар арқылы ақпаратты таратуға ұмтылушылық.
– Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдаланылуы, қашықтықтан оқыту процесінің іске қосылуы, on-line жүйесінде оқыту.
Еуропа білім беру жүйесіне тән шет тілін оқыту үрдісі өзге елдерде де кеңінен қолданылады. Мұндай тілдік төңкеріс ең бастап Еуропа кеңістігінен басталған. Қазірде Еуропада өз ана тілімен қатар қосымша шет тілін білу қарапайым ғана құбылыс. Бұған, әсіресе, Еуропа мемлекеттерінің бір одаққа бірігуі мен ол одақтың мәдени-рухани интеграцияға да жол ашып бергендігі себеп болды, бүгінде Еуропа мемлекеттері бір мәдени жүйеде (гомогенді мәдени жүйеде) өмір сүріп жатыр. Еуропалықтардың 84%-ы өз ана тілінен өзге тағы минималды түрде бір тілді білу керектігін қолдаған. Еуропалық Парламент пен Еуропалық Кеңес шет тілдерін оқытудың бағдарламасын жасауды қолға алды, 2001 жылдан бастап бұл бағдарлама әлемге таратыла бастады. Бұл – шет тілдерін еуропалық стандартпен оқыту, тілдерді оқытудың еуропалық проектісі деп аталады. Сонымен Еуропа кеңістігі тілдік плюрализмді қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар Еуропалық нарық жүйесіне деген әлемдік ұмтылыс еуропалық деңгейде мамандануды талап етеді, ал бұл өз кезегінде еуропалық тілдік кеңістікті меңгеруді талап етеді. Бұл – экономикалық қозғалыс тұсынан қарағанымыз. Сонымен қатар, стратегиялық жағынан қарасақ та, ислам интервенциясынан қорғануды саясатына айналдырған Еуропа қазіргі таңда “американдануға” еркін жол ашып берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында АҚШ өзінің транцнационалдық корпорациялары арқылы қомақты капитал жинап алды, ал бұл өз кезегінде бұл мемлекеттің ХХІ ғасырда әлемге тікелей әсер ететін орасан держава болуына себепкер болды. Ал Еуропа кеңістігінің “американизация” бағытын қолдауы бүкіл әлемдік құбылыс – жаһандануға алып келді. Жаһандану өзінің негізгі ассимилиция құралы – ағылшын тілі әлемдік арсеналға салып жіберді. Әлемнің 62 мемлекетінде ағылшын тілін мемлекеттік ресми статусқа ие болған; әлемнің 90 мемлекетінде ағылшын тілін қолданады және кең дәрежеде оқытылады; әлемнің 24 мемлекеті ағылшын тілін өзінің ана тілі ретінде көреді. БҰҰ-дің есебі бойынша, жер шарының 40%-ы ағылшын тілінде сөйлей алады. Еуропалық Одаққа Қазақстанның да қосылуына аз уақыт қалғаны белгілі, ал еліміздің ЕО-қа мүше болуы Қазақстанның мемлекеттік тілдік саясатындағы үштілділік бағытын толықтай іс жүзіне асырмақ.
Тілдердің бірігуіне, бірге функция атқаруына әсер етіп отырған – бұл экономика. Отарлау құрығынан босаған көптеген мемлекеттер өзінің экономикалық потенциалын көтеру үшін әлемдік қаржы құрылымына қол жеткізбек мақсатта кез келген әлеуеті мықты мемлекетке немесе қаржылық одақтарға шекарасын шексіз ашып берді, инвестиция мен субсидия арналары тартылды. Және халықаралық қаржы бірлестіктері де бұл жаңа мемлекеттерді қанағаттандыруға қарсы емес еді. Жаңа, жас мемлекеттердің әлемдік қаржылық капиталға аяқ басуы олардың да тілдік саясатына қатты әсер етті. ХХ ғасырдың екінші жартысында бұндай одақтарға, бірлестіктер мен ұйымдарға бірігу құбылысы орын алды, ал бұл өз кезегінде тілдік кедергілердің бұзылуына, рухани-мәдени агрессияға алып келді. Урбанизация мен мегаполиске миграциялану да өз кезегінде тілдердің қолданушылық құрамына жаңа қатынастар туғызды. Ал әлемдік миграция процесі мен демографиялық пропорциялардың бұзылуы да әлемдік тілдік жағдайды өзгертіп жіберді.
Әлемдік ақпарат кеңістігінің құрылуы және бұған фактор болып отырған интернет желісінің әлемдік жүйеге айналуы тілдік шекараларды еш қиналыссыз игеруге әкелді. Ал ақпарат кеңістігіне бірден - бір еркін әсер етіп отырған мемлекет – АҚШ. Америка әлемдік киноөндіріс лидері және кинопрокаттың басым бөлігі бұл мемлекетке, Голливудқа тиесілі. Әлемдік тележелілер де, телеарналар да осы мемлекеттің еншісінде. Соңғы жарты ғасырдан бері музыка әлеміндегі жанрлар (хип-хоп, рок-н-ролл, джаз, блюз) дәл осы мемлекетте туындап келеді. Әлемдік әдеби туындылардың да бір тілден екінші тілге еркін аударыла беруі де тілдік ақпараттарды кеңітіп жіберді. Әсіресе, әлемге ағылшын тіліне аударылған және ағылшын тілінде тудырылған шығармалардың кең таралуы ағылшын тілінің қолданыстық қасиетін одан әрі арттыра түсті.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер мемлекеттік қостілділік статусты қолданып отыр. Бірі – мемлекеттік тіл болса, екіншісі – халықаралық қатынас тілі, ресми тіл, ұлтаралық тіл тәрізді мәртебеге ие тіл. Жер шарының 80-ге жуық мемлекеттері дәл осы үлгіде тілдік саясатты ұстануда. Бұл мемлекеттердің ішінде Қазақстан да бар. Еуропа мемлекеттерінің ішінде Франция мен Германия, Чехия, Италия, Латвия бұл саясатты қолдамай отыр. Бұл мемлекеттер өзінің диктатор тілдік заңдарымен қорғанып отыр. Швейцария өз кезегінде 4 тілді мемлекеттік тіл, Бельгия 3 тілді (неміс, француз, нидерланд тілдері) мемлекеттік тіл деп танылған, ал Үндістан тәрізді құрама ұлыстар мемлекетінде ағылшын мен хинди тілінен өзге 21 тіл мемлекеттік дәрежеде таныған. Мемлекеттердің қостілді актіні қолданушылығы әлемдік практикада бұрын-соңды болып көрмеген кұбылыс.
Саяси фактордан өзге әлемдік қостілділік құбылысына канализация болып отырған сала – білім жүйесі. Еуропалық оқу жүйесі өз кезегінде интернацияландану процесін алып келді. Кәсіби даярлау бағыты мемлекеттер байланысын нығайта отырып, мобильділік үрдісін қалыптастырды. Бұл білім саласындағы билингвизмнің резонанс алуына алып келді. Студенттердің академиялық мобильділік арқылы білім алуы билингвизмнің дамуына тиімді бағыт салды. ЮНЕСКО-ның есебінше, соңғы 25 жылда әлемдік маштабтағы академиялық миграция 300%-ға жеткен. Ал еуропалық білім беру стандарты – Боллон үдерісі мемлекеттер ішіндегі қостілділікті қалыптастыруға әкеліп берді. Боллон декларациясының негізгі принципі бойынша, оқыту сонымен қатар ағылшын тілінде жүргізілуі тиіс. Бұл еуропалық білім беру стандартымен бәсекелесуге, әлемдік құндылықтарға жетуге мүмкіндік береді деп есептеледі. Ал одан өзге шет тілдерін оқыту бағдарламасы Еуропа мемлекеттеріне тән екенін ескерсек, Еурокомиссияның айтқанындай “Еуропа шет тілдерін оқытудың орталығы”. Еуропа тілдерін оқытудың “Еуропа” порталы құрылған. ЕО-тың мақсаты да сол – тілдердің әртүрлілік сипатын сақтау және ЕО азаматтарына шет тілдерін оқытуды қамтамасыз ету. ЕО-тың бұл саясатын Еуропа азаматтары толық қолдап отыр.
Әлемдік деңгейде ағылшын тілі манипуляцияға ие болғанымен, сонымен қатар бұрынғы КСРО мемлекеттерінде орыс тілі, Африкада (франкофония мемлекеттері) француз тілі, Латын Америкасында испан тілі қолданысқа ие болып отыр, сонымен бірге Азия кеңістігіне араб тілі мен қытай тілінің де әсері күшейтіп келеді. Ағылшын тілімен қатар Америкада және Батыс Еуропада араб, қытай тілдерін үйрену күрт көбейген, ал итальян, орыс тілін меңгеру төмендеген. Әлем ағылшын тілінсіз де қостілділікті қолдап отыр. ЮНЕСКО-ның тұжырымы бойынша ХХІ ғасырда – қостілділік (көптілділік) ғасыры деп анықтама берілген көрінеді. Көптілділік (қостілділік) саясатын БҰҰ да толық қолдап отыр, әрі әлемдік тәжірибеге салып берген де осы ұйым екенін ұмытпайық. Қалай десек те, лингвистикалық тенденция ХХІ ғасырдың негізгі идеологиясына айналды. Жер шарының 70 %-ы қостілді деп дерек беріледі. Билингвизмді тудырып отырған ұлтаралық қатынас пен халықаралық қатынас болып отыр. Бұл ғасырда тілдік қолданыста үштік формула қолданылады: бірі – ұлттық тіл, екіншісі – аймақтық тіл немесе ұлтаралық тіл, үшіншісі – халықаралық қолданысқа ие тіл. Қазақстанның триада тілдік моделі бұл формуланың нағыз көрінісі.
Тіл білудің, яғни лингвистикалық сапаның бүгінгі дәуірде білім бағалаудағы негізгі шкалаға айналуы және қоғамда тіл білушіліктің кең компетенцияға бағаланылуы, сауаттылықтың басты кепілі ретінде қаралуы адамдар арасында үлкен тұлғалық мотивацияны тудырды. Әрі кәсіби өлшем, әрі өзге елді, мәдениетті тануда қанағаттандырушы құрал болып табылатын тіл білушілік қасиет жеке тұлғалардың прагматикалық мақсатына айналды. Демократиялық құндылықтар мен мемлекет қолдап отырған тілдік саясат бұл адамдардың мақсатын еркін жүзеге асырып отыр. Әлем мемлекеттерінің бір тілді универсал тіл ретінде қабылдауға деген құлшынысы (әсіресе, ағылшын тілін), түптеп келгенде, қостілділіктің (билингвизмнің) дамуына, орнығуына әкелді. Жаһандану құбылысы әлемдік деңгейде үлкен тілдік төңкерісті, тілдік тенденцияны тудырды, бұл – қостілділік.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз