КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Осы мақалада тілші ғалымдар Б.Қалиұлы мен Б.Қапалбек авторлығымен шыққан «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» атты ғылыми еңбек турасында сөз қозғамақпыз.

Кез келген қолданыстағы тілдің сөздік қоры толығып, құбылып отыратынын ескерсек, сөздерді жүйелеп, сөздік қорымызды түгендеу – тілші ғалымдарға қойылатын заман талабы. Ежелгі Грекия мен Үндістан жерінде шыққан сөздіктерді санамағанда, Қазақ даласында ең алғашқы лұғатты ХІ ғасырда М. Қашқари құрастырған еді. Содан бері әртүрлі бағытта сөздік құрастырыру ісі дамып келеді.

Жалпы, Қазақ тіл білімінде түсіндірме сөздіктер жоқ емес. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі күнге дейін бірталай сөздіктер жарық көрді. Соның ішінде, авторлардың айтуынша, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері» осы уақытқа дейін бес рет басылып шыққан, бірақ  сөздіктерде кеткен кейбір қателер әлі күнге дейін ескерілмеген. Сондықтан сөз болып отырған  «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» монографиясы сөздік жасау ісіндегі кемшін тұстарды ескеріп, тіл ғылымындағы мәселелерге өзіндік қорытынды жасауымен құнды. Ғылыми монография екі тараудан тұрады. Бірінші тарау «Біртілді сөздіктің нысаны – сөз бен мағына» деп аталса, екінші тарау – «Біртілді сөздік жасаудың қыры мен сыры» деп аталады. Бірінші тарауда сөз бен мағына, олардың құрылымдары мен анықтамалары және түрлері жайында сөз болса, екінші тарауда біртілді сөздік жасаудың теориясы мен практикасы, атау сөздердің түрлері мен варианттары, омонимдер, сондай-ақ күрделі сөздер мен фразеологиялық тұрақты тіркестердің сөздікке алынуы айтылады.

Сөздіктің бірінші тарауында тіл ғылымының басты нысаны – СӨЗ туралы сөз болады. Авторлар «Сөз» ұғымына ғылыми түрде анықтама беріп, оны «Дыбыс – Мағына – Ұғым» үштағанында қарастырады. Осы үштікті жан жақты талдай келе, авторлар «бұл семантикалық үшбұрыштың барлық бұрыштары өзара тығыз байланыста, олар бірінсіз бірі болмайды, біріне бірі тәуелді, бірінен бірі шығады»  деген тұжырымға келеді. Сондай-ақ авторлар сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалық мағынасы, нөлдік форма, сөз мағыналарының ірі құрылымдары тақырыптарын да қозғамай кетпейді. Сөз мағыналарының дамуы, олардың өзіндік даму заңдары (1) ат ауысу заңы, 2) қызмет бірлігі заңы, 3) ұқсату заңы (метафора), 4) іргелестік, шектестік заңы (метонимия), 5) бөлшектің бүтінге немесе бүтіннің бөлшекке ауысу заңы (синекдоха) мен қағидаларын да басты назарға алады.

Ғылыми монографияға арқау болған тақырып біртілді сөздік жасау болғандықтан, оқырман көзімен қарасақ, сөздікте екі басты элементке баса назар аударылуы керек. Оның алғашқысы – берілген атау (сөз) болса, екіншісі – оның анықтамасы. Бұл монографияда осы екі аспекті де ғылыми тұрғыдан талданады. Мәселен, лексикографиялық еңбектерде анықтаманың лексикалық анықтама, грамматикалық анықтама деген типтері көрсетіледі. Грамматикалық анықтамаларға сөздің тұлғасына (зат есім, шылау, етістік, көмекші сөз т.б.) берілген анықтама жатса, лексикалық анықтамаға сөздің негізгі мағыналары жатады. Авторлар анықтамалардың сипаттамалы анықтама, синонимдік анықтама, сілтемелі анықтама, аралас немесе ұластырмалы анықтама және жалпылама анықтама, нақтылама анықтама деген түрлеріне жеке-жеке тоқталады.

Монографияның бірінші тарауын шартты түрде теориялық бөлім деп алсақ, екінші тарауын практикалық бөлім деп қарастыруға болады. Сондай-ақ бұл тарауда 15 томдық ҚӘТС-ке лингвистикалық талдау жасалып, оның жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіледі. Авторлардың басты мақсаты – түсіндірме сөздіктердің сауатты, түсінікті шыққанын көздеу болғандықтан, екінші тарауда 15 томдық ҚӘТС-тің көбіне кемшін тұстарына акцент қойылған. Авторлар, 15 томдық ҚӘТС-те кездесетін қателіктерді арнайы тақырыптарға бөліп, санамалап тұрып көрсетеді. Еңбектің соңында авторлар: «Қайталап айтамыз, қарапайым халыққа керегі – 20 томдық ТС емес, оларға керегі тіліміздегі барлық сөздер мен сөз тіркестері түгел қамтылған, одан іздеген кез келген сөзіңді тауып алуға болатын, мағыналары дұрыс сараланған және үйде, жұмыста сақтауға, пайдалануға қолайлы, сатып алуға мүмкін болатын біртомдық ТС. Ол үшін, бірінші кезекте, қазақ тілінің орфографиялық сөздігін дұрыстап қайта жасауымыз керек, екінші кезекте, ТС-теріміздің сапасын жақсарта түскеннің үстіне жақсарта беруіміз, ықшамдағанның үстіне ықшамдай беруіміз қажет. Қысқасы, ТС жасау – еріккеннің ермегі емес, ол – ғылым. Сонымен бірге, ол – өнер. Кім ғылымды қадірлесе, кім өнерді құрметтесе, ТС-ті сондай адамдардың жасағаны абзал» деген қорытындыға келеді. Ғылымды ұлт тілінде сөйлетіп, тіліміздің қадір-қасиетін терең түсіну – әр қазақтың парызы. 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 333 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 799 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1011 0






ТЕКСТ

Яндекс.Метрика