КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


    Кешелі бері БАҚ-та :«Президент Назарбаев бейсенбіде президент әкімшілігі жетекшісінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен оның орынбасары Марат Тәжинді қабылдап, латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің кейінгі нұсқасын бекіту туралы жарлық дайындауды тапсырды»- деген ақпарат тарап жатыр.

Басқаларды қайдам, латын қарпін бала кезден оқып үйренген өз басым бүгінге дейін жұрт назарына ұсынылған қазақша латын әрпінің қай нұсқасын да жүрекке жақын қабылдай алмағынымды несіне жасырайын...

    Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, жұрт назарына соңғы ұсынылған қазақ әріптерінің жоғары жағы жыпырлаған «үтірлерден» тұратын нұсқасын қабылдау керек көрінеді.

    Сонда деймін-ау: Біріншіден, біз неге соншалықты асығуымыз керек? Онсыз да шикілі-пісілі дүмбілез дүниені тез қабылдап жіберу үшін  бізді біреу алды-артымызға қарауға  мұрша берместен тырқыратып қуып келе жатыр ма?..

    Екіншіден, ана орта мектептерге асығыс-үсігіс «үш айыр» тілді енгізіп жібергеніміз сияқты, жас ұрпақтың миын тағы да ашытып жүрмейміз бе?

    Үшіншіден, латын әліпбиіне Қазақстанда жалғыз ғана қазақтар көшіп, қалған 140 ұлт, кирилл әрпімен жүретін болса, «халықтар достығынының» арасына сына қағылып, қайран көп тілді, көп дінді достығымыздың күлі көкке ұшып жүрмей ме?

    Төртіншіден, Қазақстанда Конституция бойынша бір ғана тіл – Қазақ Тілінің мемлекеттік тіл екені тайға таңба басқандай анық жазылып тұрса да, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған 26 жыл ішінде билік 100 пайыз орыс тіліне басымдық бергені сияқты, бұл жолы да «кирилл» әрпіне басымдық беріліп, латын әліпбиі далада қалып жүрмей ме?

Сонда ашығын айтқанда, мына билікке «бари бир ...» болғаны ма?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика