КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бейбіт Жалелұлы Исхан, 1962 жылы 15 ақпанда Семей облысы, Ақсуат ауданы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы), Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Жданов (қазіргі Екпін) ауылындағы Ысқақ Кәбеков атындағы мектепке барып, оны 1979 жылы бітірген соң, сол жылы күзде Ақсуат ауылындағы №106 ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінің (СПТУ) сегіз айлық курсына қабылданып, оны 1980 жылы тракторшы-машинист мамандығы бойынша аяқтаған. Осы жылы көктемде Кеңес Одағы армиясы қатарына шақырылып, 1980-1982 жылдары Омбы қаласында әскери борышын өтеген.

1982-1984 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитеті атындағы баспаның жоғары басылым цехында баспашы, «Медеу құрылыс» тресінде ағаш шебері, бетоншы мамандығы бойынша құрлысшы болып жұмыс істеген.

1984 жылдың күзінде С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мелекеттік университеті филология факультетінің дайындық бөліміне түсіп, оны бітірген соң, 1985 жылы аталған университеттің филология факультетіне студент болып қабылданған. Оны 1990 жылы үздік бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филолог мамандығын алып, өзі оқыған факультетінің қазақ тілі кафедрасына жас маман ретінде қалдырылған.

1990-1998 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ филологиясы, қазақ тілі  кафедраларында ассистент, аға оқытушы қызметін атқара  жүріп, 1998 жылы ҚР ҰҒА-ның коор. мүшесі, ф.ғ.д., профессор М.С. Серғалиевтің ғылыми жетекшілігімен «М. Әуезов және қазақ тілі мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2001 жылы тіл білімі мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.

1998 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қазақ тілі кафедрасының меңгерушілігіне конкурстық негізде сайланып, осы қызметті 2009 жылға дейін атқарған.  Кафедра меңгерушісі қызметінде жүрген кезінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқу үрдісіне тікелей атсалысумен қатар, оқу-әдістемелік, ғылыми-шығармашылық істермен де айналысқан. Республикалық «Ана тілі» газетінің тіл бөлімі редакторы (2006-2007),      С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Шипагер» газетінің бас редакторы (2007-2008) қызметтерін атқарған.

Халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға үнемі қатысып, баяндамалар жасап, баяндамаларым ғылыми мақала ретінде конференция материалдарының жинақтарында жарияланған. Республикалық мерзімді басылымдарда және ғылыми журналдар мен жинақтарда да көптеген еңбектерім жарық көрген.

Ғылыми шығармашылығымның негізін қазіргі қазақ тілінің дыбыстық және құрылымдық жүйесі, қазақ әліпбиі, емлесі, айтылым мәселелері, қазақ тілінің ғылыми тілі, қазақ терминологиясы, лексикологиясы, лексико-графиясы, грамматикасы мәселелері, қазақ тілі сөздік қорындағы кейбір сөздердің этимологиясы, сөз төркіні, қазақ тілінің әдеби нормалары мен стилистикасы және тілдің қызметтік қолданысының  көкейкесті мәселелері, мемлекеттік тілдің бүгінгі жай-күйі мен келешегі, қазақ тілінің еліміздегі қоғамдық қарым-қатынастағы орны мен рөлі сияқты тағы да басқадай өзекті мәселелерді қамтыған ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалар құрайды.

Қазіргі таңда  екі оқу құралы, үш монографиям және 200-ден аса оқу-әдістемелік, ғылыми, ғылыми-көпшілік мақаласы бар. Әр кезеңде түрлі марапат қағаздары, грамоталармен марапатталған. 2005 жылы  Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгіге иегер болды. 2006 жылы Алматы қалалық Тіл департаментінің үздік мақала байқауының грамотасы мен жүлдесін  алды.

2010 жылы «Мұхтар Әуезов парасаты» деген ұжымдық еңбекке берілген ҚР Әділет министрлігінің Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің иегерлерінің бірімін. 2011 жылы «Тіл – елдіктің негізі» деген өзінің жеке зерттеулер жинағына ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі берілген.

2009 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ-да қызметін атқарып жүр.

Үйлі-баранды. Екі ұлы бар.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 346 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 604 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45306 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42809 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика