КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өмірбаяны

 Ұлттық мәдениетіміздің болмысын көрсетіп, ұлттық тәрбиенің негізі болып отырған қазақ әдебиетін ғылым ретінде жүйелеуге өз үлесін қосқан қазақ тілі тарихын, әдебиет тарихын, ел тарихын жарыстыра зерттеп,ғылыми терен еңбектер жазып, артына бай мұра қалдырған ғалым, белгілі түрколог, тілі білімі маманы Құлмат Өмірәлиев Шымкент облысы, Қазығұрт ауданында 1930 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Шымкенттегі мұғалімдер инстутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген соң (1951) орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалім, мектеп директоры болып істеген.

               1953-1957 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтінің филология факультетін бітіріп, 1957-1960 ж. сол жерде аспирантурада оқыды, алғашқы ғылыми жетекшісі – қазақ тілінің көрнекті маманы проф. Сәрсен Аманжолов болатын. Сарсен Аманжолов қайтыс болғаннаң кейін, ғылыми жетекшісі белгілі тіл маманы академик Ісімет Кенесбаев болады.

              1960-1962 жж. Атырау (Гурьев)  инстітутінің оқытушысы.

              1962-1972 жж. «Қазақстан мектебі» журнал  редакциясының бөлім меңгерушісі («Этнолингвистикалық очерк», «Қазақ және мадияр (венгр) тілдеріне ортақ сөздер»,  «Көне дәуірдегі сөз үлгілері және оларды зерттеу тәсілі» т.б. құнды ғылыми мақалалары шыққан). 

             1970 ж. сол кісінің жетекшілігімен Қ. Өмірәлиев «Язык казахской поэзии   XV-XIX (40-е гг.) веков» атты тақырыптан кандидаттік диссертациясын қорғаған.

              1972-1985 жж. ҚазКСР ҒА-ның Тіл білімі институтының түркітанушы және тіл тарихы бөлімінің аға ғылым қызметкері.

Құлматтың ғылыми еңбектері, қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, қазақ поэзиясының жанрлық сипаты, текстология, этимология, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі тәрізді сан салалары мәселелерге арналған.               Атақты филолог, филология ғылылмдарының докторы, Құлматтың жан досы Е. Жампеисовтің пікірі бойынша, «Қ. Өмірәлиевтің зерттеулері туралы сөз болғанда, әдетте тарих ауызға алынады. Себебі оның үш жүзден астам үлкенді-кішілі еңбектері тікелей я жанамалай болса да тарихқа соқпай кетпейді. Біреуінде азырақ, екіншісінде   одан көбірек дегендей бәрі сол тарих тұрғысынан таразылынады. Ол – тіл тарихы, әдебиет тарихы, ел тарихы. Үш өрім осы тарихтық талдау соншама еңбектің қай-қайсысында да өзара тығыз байланыста әрдайым жарыса қатар жүреді, бірін-бірі толықтыра келе тұтас бүтінге айналады. Бұл - Өмірәлиев шығармашылығындағы бір айқын жүйе. Осы реттен оны әрі лингвист, әрі әдебиеттанушы, әрі тарихшы, - үшеуінде де тең дәрежедегі, жан-жақты білімдар ғалым десе болады» («Ата тарих айғақтары», 2001. 3 бет).  Құлматтың досы, пікірлесі, белгілі лингвист С. Нұрхановтын айтқандай, «Құлмат шын мәніндегі филолог еді: тіл мен әдебиетті зерттеуді қатар алып жүре беретін» (1, 306 бет).

   Құлмат – көне жазба ескерткіштерді және Абайға дейінгі қазақ поэзиясының стилін, тіл жағынан сабақтастыра зерттеген ғалым. Бұған оның 1976 жылы жарық көрген «ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» атты монографиясы да дәлел болады.

      Құлматтың қаламынан туған көрнекті зерттеу еңбектерінің бірі -                «Қазақ поэзиясының жанры және стилі  (XIX ғ. бірінші жартысы)». Еңбекте қазақ поэзиясының жанры мен стілі комплексті түрде зерттеленіп, толық сипаттама берілген. Қазақтардың мәдени мұрасын зерттеу міндеттері мен әдістері жан-жақты ашылып көрсетілген. Кітапта әдебиеттану мен тіл білімінің ортық нысандары тоғыстырыла зерттелген.

   Қазақ халқының азаматтық тарихы қай дәуірден бастап баяндалса, бұл халықтың әдебиеті мен тілінің тарихы сол кезден бастап баяндалуы тиыс деген концепцияны негізіне ала отырып, Қ. Өмірәлиев «VIII- XII ғ. көне түркі әдеби ескерткіштері» (1985) монографиясында көне дәуірдің әдеби мұраларын ертегі түркілердің сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен тығыз байланыста  қарастырды. Еңбектің тағы бір құндылығы – кітапта көне әдеби ескерткіштердің мәтіндері мен олардың аудармалары берілген.         

         1988 жылы ғалымның қайтыс болғаннан кейін, қызметтес серік,  рұхани пікірлестердің көмегімен, олар отандық филологияның атақты маманы, филология ғылымдарының докторы, Қазақ ССР академиясының корреспондент мүшесі Р.Сыздық, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметұлы шыққын «Оғуз Қаған» эпосының тілі» кітабында түркі халықтарының фольклорлық шығармаларының ішіндегі әрі жазуға түсу жағынан, әрі жасалу дәуірі жағынан ең көнесі «Оғуз Қаған» эпосының тілі лингвистикалық тұрғыда Жан-жақты талданып, түсіндірмелі сөздік пен ескерткіштін мәтіні, оның қазіргі әдеби тіліміздің нормасына түсірілген үлгісі қоса берілген.    

      Халқымыздың арғы дәуірлерден бүгінгі заманға келіп жеткен сөз қазынасы көп емес. ХІХ ғасырдың озық ойлы жыраулардың бірі – Дулат Бабатайұлы болатын. Дулат шығармашылығын барынша толық жинап, «Дулат бабатайұлы» жинақ ретінде тұнғыш рет Қ.Өмірәлиев ұсынған еді. Кітапта Дулаттың туған жер, тарих көші, адамның жастық шағы, мінезі, іс-әрекеті, кәсібі туралы өлендері, «Еспенбет», «Шаштараз» атты әйгілі дастандары топтастырылған.                

  Қ. Өмірәлиев еңбектері елімізде ғана емес, сонымен бірге ТМД Қырғызстан, Өзбекістан, Қарақалпақ мемлекеттерінде де, алыс шетел ғалымдарының да назарына көзіннің тірі кезінде-ақ іліне бастайды. Мысалы, Charl F.Carson мен Hasar Oraltay 1983 жылы Лондонда “Central Asian Survey” дейтін ағылшын басылымында «Күл Тегін: келешек үшін насихат па?» дейтін үлкен мақала жариялайды. Осы мақала 1985 жылы енді Анкарада түрік тіліндегі «Asia-Afrika Araktirmalari Grubu» атты жинақта аударылып тағы басылды. Авторлар өздерінің осы екі тілде шыққын мақалаларында Қ.Өмірәлиевтің 1982 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған Күл Тегін туралы үлкен мақаласына 68 жерде сілтеме жасаған.   

Құлмат Өмірәлиев 1985 жылыдың 25 мамыр айында қайтыс болған.

Облыстық атқару комитетінің ономастика жөніндегі комиссияның шешімімен өзі оқыған Үшбұлақ мектебіне 1991 жылы Құлмат Өмірәлиевтің есім

 Ғылымның «Дулат» жөніндегі еңбегңн жоғары бағалаған Семей облысының халқы Аягөз ауданында Ақшатау жерінің орталығындағы көшенің біріне Құлмат Өмірәлиевтің аты берілді.           

2001 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыны түркітанудағы еңбектерін жоғары бағалап, «Ата тарих айғақтары» жинағын шығарды.

2010 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымның 80-жылдығына орай үлкен конференция өткізіп. 2010 ж. «Арыс» баспасы Қ. Өмірәлиевтің «Көне түркі әдеби ескерткіштер туралы зерттеулер» атты монографиясын шығарды.

2012 ж. Астана қаласында Түркі Академиясы, «Парасат» ҚКИ-нің ғылыми-зерттеу орталығы, Алматыда ҚазҰУ-де кітаптың түсау кесері өтті.

    Өзекті мақалалары:

1.     Баспа орындары ұқыпты болса екен // Қазақ әдебиеті, 26 мамыр, 1956.

2.     Абай текстологиясы және оны бір ізге келтіру мәселесі // Қазақстан мектебі, 1962, №11, 71-78 б.

3.     Тіліміздегі кейбір сөздердің этимологиясы төңірегіндегі ой // Қазақстан мектебі, 1966, № 2, 70-72 б.

4.     Қазақ және мадияр (венгр) тілдеріне ортақ сөздер // Қазақстан мектебі, 1967,  № 5,.- 82-83 б.

5.     Көне дәуірдегі сөз үлгілері және оларды зерттеу тәсілі // Қазақстан мектебі, 1971, № 2, 88-93 б.

6.     М.Қашқари «Сөздігіндегі» поэзия үлгілері және оның дәуірі // Қазақстан мектебі, 1972, № 2, 77-82 б.

7.     Қазақ тілінің тарихи іздері // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы, 1978. № 2, 53-61 б.

8.     «Күл тегін» ескерткішіне 1250 жыл // Қазақ әдебиеті, 23 шілде, 1982.

9.      «Қазақ тілі тарихының мәселесі» // Қазақстан мектебі, 1974, № 1, 78-82 б.

10.  «Тіл тарихы және этимология ата тарихымызға үңілсек» // «Жалын», № 5, 1985, 106-121  

  Ол туралы:

1.      Оқырманын ойға жетелейді... Советхан Ғаббасов Жазушы-ғалым,

Махамбет атындағы сыйлықтың иегері

2.     Таланты таңғаларлық еді Рәбиға Сыздық, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

3.      Баспа орындары ұқыпты болса екен // Қазақ әдебиеті, 26 мамыр, 1956.

  Мақалалары:

1. Абайдың нақыл сөздері. – Алматы, 1958.

 2. Абай текстологиясы және оны бір ізге келтіру мәселесі // Қазақстан мектебі, 1962, №11, 71-78 б.

3. Шығыс әдебиеті және Абай // Қазақстан мұғалімі, 13 қырқүйек, 1962.

4. Абай поэзиясындағы үлгі // Қазақстан мектебі, 1963, № 4.

5. Ұлы ақын туралы бір-екі мағлұмат // Қазақстан мұғалімі, 5 қырқүйек, 1963.

6. 28. Көне түркі әдеби ескерткіштері туралы зерттеулер. – Алматы: «Арыс», 2010. – 656 б.

7. Тіліміздегі кейбір сөздердің этимологиясы төңірегіндегі ой // Қазақстан мектебі, 1966, № 2, 70-72 б.

8. Қазақ және мадияр (венгр) тілдеріне ортақ сөздер // Қазақстан мектебі, 1967,  № 5,.- 82-83 б.

9. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. А., 1968.

10. ХҮШ –ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ҮІ-ХП ғасырдағы бастапқы іздері // Қазақстан мектебі, 1968, № 9, 92-96 б.

11. Язык казахской поэзии   XV-XIX (40-е гг.) веков. – диссертация канд. филол.наук – Алматы, 1970.

12. Көне дәуірдегі сөз үлгілері және оларды зерттеу тәсілі // Қазақстан мектебі, 1971, № 2, 88-93 б.

13. М.Қашқари «Сөздігіндегі» поэзия үлгілері және оның дәуірі // қазақстан мектебі, 1972, № 2, 77-82 б.

14. Қазақ тілі грамматикасының практикумы. Алматы, 1973 (авт. бірі).

15. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (Бақылау-пысықтау жаттығулары). Алматы, 1975. (авт. бірі). XV-XIX ғ. қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1976.(монография)240 бет.

16. Қазақ тілінің тарихи іздері // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы, 1978. № 2, 53-61 б.

17. «Ен-таңба туралы», «Ай санау дәстүрлері туралы» // І. Кенесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1978.

18. «Күл тегін» ескерткішіне 1250 жыл // Қазақ әдебиеті, 23 шілде, 1982.

19. Қазақ поэзиясының жанры және стилі  (XIX ғ. бірінші жартсы) –Алматы, 1983. (монография)-239 бет.

20. «Қазақ тілі тарихының мәселесі» // Қазақстан мектебі, 1974, № 1, 78-82 б.

21. VIII- XII ғ. көне түркі әдеби ескерткіштері - Алматы, 1985 (монография)-128 бет.

22. «Тіл тарихы және этимология ата тарихымызға үңілсек» // «Жалын», № 5, 1985, 106-121 б.

23. «Оғуз қаған» эпосының тілі – Алматы: Ғылым, 1988 – 280  бет.  (монография)

24. Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері - Алматы, 1989 (авт. бірі).

25. Дулат Бабатайұлы. Замана сазы: өлендер мен дастандар. – Алматы, 1991.- 160 бет.

26. Абай афоризмы - Алматы, 1993.

27. Ата тарих айғақтары. Алматы,2001.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 284 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 575 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45273 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42777 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика