КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



Исаев Сейiлбек Мұхамеджарұлы 1938 жылы наурыз айының 13-i күні Омбы облысы Назыбай ауданының Күреңайғыр деген ауылында (" Еңбекші қазақ" колхозында) дүниеге келдi.

Өмірбаяны

1952 ж. Ауылдың жеті жылдық мектебiн мақтау грамотасымен бiтiредi.

1952-1957 жж. Омбы педучилищесiнiң студентi.

1957 ж. Омбы педучилищесін "Бастауыш мектепте оқыту" мамандығы бойынша бiтiрiп шығады.

– С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетi филология факультетінің қазақ бөлiмiне түседi.

1960 ж. 3 курста оқып жүрiп, Қазақ CCP-iнiң 40 жылдығына арналған Қазақстан және Орта Азия студенттерінің III ғылыми конференциясына қатысып, грамотамен марапатталады.

– Осы жылы алғашқы ғылыми еңбегі мақала ретiнде "Қазақстан мектебi" журналында жарияланады.

1957-1962 жж. Орта Азия мен Қазақстан университеттерінің конференцияларында (Алматы, Ашхабад, Душанбе) баяндама жасап, БЛКЖО Орталық комитетінің КСРО Жоғарғы және арнаулы орта бiлiм министрлігінің Құрмет грамотасымен, дипломдарымен марапатталады.

1962 ж. Униврерситеттi үздiк белгiмен бiтiрiп шығады.

1962-1968 жж. Қазақ ССР Ғылым академиясы Тiл бiлiмi институтында кiшi ғылыми кызметкер.

1966 ж. "1920 жылдардағы мерзiмдi баспасөз тiлi" деген такырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

–10.02.06. – Tүpкi тiлдерi мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесi берiлдi.

– "Қазақ тiлiнiң қысқаша этимологиялық сөздiгiн" жасауға қатысты.

– Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогтiк институтының қазақ тiлi кафедрасының аға окытушысы.

1967 ж. Қазақ тiлiнiң академиялық грамматикасының "Сын есім" тарауын жазды.

1968 ж. "Тiл мәдениетi және баспасөз" атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда "Мерзiмдi баспасөз тiлiнде септiктердi дұрыс қолдану жайында" деген тақырыпта баяндама жасады.

1970 ж. Доцент ғылыми атағы берiлдi.

1971 ж. "Сөздердің тiркесiмдiлiгiн кеңейту тұрғысында қазақ баспасөз тiлiндегi септiк жалғауларының кейбiр ерекшелiктерi" деген тақырыпта Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогтік институтында өткен оқу-әдістемелік конференцияда баяндама жасады.

1972 ж. "Тiл мәдениеті және баспасөз" атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда "Мерзiмдi баспасөзде ұшырасатын стильдiк қателер туралы" деген тақырыпта баяндама жасады.

1974 ж. "Қазақтың мерзiмдi баспасөз тiлiнiң қалыптасып дамуы" деген

тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1975-1987 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтiк институтының филология факультетінің деканы.

1977 ж. 10.02.06. – Түркі тiлдерi мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесi берiлдi.

1979 ж. Профессор ғылыми атағы берiлдi.

1980 ж. Студенттердің ХII ғылыми конференциясына студенттердi даярлап, жұмыстарына ғылыми басшылық жасағаны үшiн Құрмет грамотасымен марапатталады.

1980-1988 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтiк институты қазақ тiлi кафедрасының меңгерушісі.

1980-1981 жж. Пәндiк олимпиаданың республикалық турын өткізгені үшiн Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетiнiң Құрмет грамотасымен марапатталады.

1981 ж. "Үздiк еңбегі үшiн" медалімен марапатталды.

1982 ж. "Мектеп пен жоғары оқу орындарында ұлт тiлдерi мен әдебиетiн оқыту әдістемесінің актуальды мәселелерi" атты ғылыми-практикалық конференцияда "Қазіргі түркі тiлдерi грамматикаларында қосымшаларды жiктеудiң кейбiр мәселелерi" деген тақырыпта баяндама жасады (Фрунзе).

     1980-1985 жж. С. Исаев жетекшiлiк еткен Зағыпарова Қарлығаш пен Әбілғазина Гүлнәрдiң ғылыми жұмыстары Қазақ ССР Ғылым академиясының алтын медалiн жеңіп алды.

1985 ж. "И.А. Батманов, К.К. Юдахин, Б.И. Юнусалиевтердi еске алуға арналған ғылыми оқулар" деп аталатын ғылыми-практикалық конференцияда "Қазақ әдеби тілінің жалпы түркiлiк негiзi туралы мәселеге" деген тақырыпта баяндама жасады (Ош).

1987 ж. Москва қаласында өткен түркологтар симпозиумына қатысты.

– Қазақстан мұғалімдерінің VI съезінің жұмысына қатысты.

– "Қазақ әдеби тiлi тарихының проблемалары" атты ғылыми-теориялық конференцияда "Tүpкi әдеби тiлi мен қазақтың жазба әдеби тiлiнiң сабақтастығы деген тақырыпта баяндама жасады.

– Қазақ ССР Ғылым академиясының Тiл бiлiмi институты жанындағы түркі тiлдерi, қазақ тiлi мамандықтары бойынша докторлық және кандидаттық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестің мүшесi.

1988 ж. Қазақ мемлекеттік университетi ұйымдастырған "Жоғары оқу орындарындағы қазақ тiлiн оқыту методикасын жетiлдiру" атты республикалық конференцияға қатысты.

– "Оқу орыс тiлiнде жүргiзiлетiн мектептер үшiн қазақ тiлi мұғалiмдерiн даярлауды жетiлдiру" атты республикалық семинарда "Орыс мектептерінде қазақ тiлi мен әдебиетi пәнi мұғалiмi мамандығы бойынша мамандар даярлаудың кейбiр ұйымдық-методикалық мәселелерi" деген тақырыпта баяндама жасады.

– Львов қаласында өткен ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.

– "Н.К. Крупскаяның творчестволық мұрасы және жоғары бiлiм берудi қайта құру жағдайында педагогикалық кадрларды даярлауды жетiлдiру" атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты (Семей).

–  "Еңбек ардагерi" медaлiмен марапатталды.

– Қазақ ССР Жоғары және орта бiлiм министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1988-1989 жж. Абай атындағы Қазақ пединститутының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.

1989-1999 жж. Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогтік институтының ректоры.

– "Қазақстан мектебi" журналының редакция алқасының мүшесi.

1990 ж. Е.Д. Поливановтың 100 жылдығына арналған "Тiл мен сөз өнері" атты түркітанушылардың ғылыми конференциясына қатысты, "Қазақ-орыс қостiлдiлiгi жағдайында тiлдердi салғастырмалы-типологиялық негiзде оқып-үйрену" деген тақырыпта баяндама жасады (Ташкент).

– "Қазақстан жоғары оқу орындары оқу процесiндегi қазақ-орыс қостілділігінің өзектi мәселелері" атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып осы аттас негiзгi баяндаманы жасады.

– "Қайта құру және ұлтаралық қатынастарды жетiлдiру" атты конференцияда "Республикамызда қазақша-орысша қостілділіктің дамуы барысында орыс мектептерiне қазақ тiлi мен әдебиетiнен мамандар даярлау мәселесi" деген тақырыпта баяндама жасады.

– "Ислам: қайта құру. Әйелдерге бiлiм беру" атты ЮНЕСКО ұйымдастырған халықаралық конференцияда "КСРО-дағы әйелдердің бiлiм алу проблемасын шешудегi Қыздар педагогтiк институттарының рөлi" деген тақырыпта баяндама жасады.

1991 ж. Ақтөбе қаласында өткен қазақ тiлiн оқыту мәселелеріне арналған семинар-кеңеске қатысып, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе пединституты студенттеріне дәріс оқыды.

– "Қазақ тiлi мен әдебиетi" журналының редакция алқасының мүшесi.

1992 ж. Педагогика ғылымы және бiлiм беру саласындағы сіңірген енбегі үшiн Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталды.

– "ҚР ҰFА-ның Хабарлары" (Тiл және әдебиет сериясы) журналының ақылдастар алқасының мүшесi.

– Жоғары оқу орындарында оқу процесiн ұйымдастыру жөнiнен тәжiрибе алмасу мақсатында Египетте болып қайтты.

1993 ж. "Көркем тексті оқыту проблемалары" атты ғылыми конференцияда "Көркем шығарманы әдеби және лингвистикалық талдау мәселелерi" деген тақырыпта баяндама жасады.

1993-1996 жж. Қазақ қыздар педагогтiк институты жанындағы кандидаттық диссертация қорғайтын Мамандандырылған кеңестің төрағасы.

– Қазақстан жоғары мектептерi Ғылым академиясының толық мүшесi (академигi).

1994 ж. Оңтүстік Кореяға іссапармен барып қайтты. Оңтүстік Корея Президентінің Құрмет грамотасымен және медалімен марапатталды.

 1995 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесi болып сайланды.

– Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесi.

– Қазақ тiлiнен кәсiби бiлiктiлiгi жоғары маман ретiнде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының үйлестiру кеңесінің құрамына алынады.

– ҚР ЖАК-тың сараптау комиссиясының мүшесi.

– "Нарықтық экономика жағдайында селолық жерлерге педагог кадрлар даярлаудың өзектi мәселелерi" атты ғылыми-әдiстемелiк конференцияға қатысып, "Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогтік институтына - 50 жыл" деген тақырыпта баяндама жасады.

1996 ж. Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық симпозиумға қатысты (Үрiмшi).

– "Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы" атты халықаралық конференцияға қатысты.

1997 ж. "Ресей және Шығыс: өзара қарым-қатынас проблемалары" атты IV халықаралық конференцияға қатысып, "Қазақ және орыс тiлдерiнде есімдердің түрлену жүйесiн салғастырмалы түрде оқып-үйрену мәселесіне" деген тақырыпта баяндама жасады (Омбы).

– Өскемен қаласында өткен семинарға қатысып, Шығыс Қазақстан университеті студенттерiне дәріс оқыды.

1998 ж. "Қазақ тiлi" энциклопедиясының ақылдастар алқасынын мүшесi.

–  "Қазақ тiлi" қоғамы басқармасының мүшесi.

1999 ж. "Жоғары оқу орындарындағы қазақ тiлiн оқыту әдістемесін жетiлдiру" атты республикалық конференцияға қатысты.

– Қазақ тiлi (V-IX сыныптар) пәні бойынша қазақ мектептерiне арналған бағдарлама түзуге қатысты.

1999 ж. 9 маусымда қайтыс болды.

                                                                                      Ол туралы

 1.     Шыбықтан шынар өсірген ғалым http://el.region.kz/bm1751

2. ЗЕРТТЕУШІ ӘРІ БІЛІКТІ ҰСТАЗ. Ә. Ташау,Филология ғылымының кандидаты.Ақмола облыстық білім қызметкерлерінің біліктігін арттыру институты гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Еңбектері

 1. Етіс туралы бipep сөз // Қазақстан мекте6i. -1960. №12. -55-56-б. Құрышжановпен бipre).

2. "Шарбақ" сөзінің шығу тарихы // Бiлiм және еңбек. -1963. №6. -26-27-б.

3. Атаулар айтар сыр // Қазақстан пионерi. -1963, 12 қаңтар.

4. «Төркін» сөзінің төркіні // Қазақстан мектебі. -1964. №6. -93-94-б.

5. Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз салаласуындағы сөйлем мүшелерiнiң атқаратын қызметi туралы // Қазақ ССР Fылым академиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. l-шығуы. -64-77-б.

6. Көшпелi сөздер // Бiлiм және еңбек. -1964. -№ 7. -19-20-б. (Ә.Құрышжановпен бipгe).

7. 1920 жылдардағы мерзiмдi баспасөз беттерінде кездесетiн жергілікті тiл ерекшелiктерi туралы // Кiтапта: Қазақ диалектологиясы. -Алматы. Ғылым. - 1965. 1-шығуы. -180-192-б.

8. Кейбiр сөздердің этимологиясы // Кітапта: Қазақ тiлiнiң тарихы туралы зерттеулер. -Алматы: Ғылым. -1965. -247-254-б.

9. -и тұлғалы қатыстық сын есiмдер және сөз тіркесін құраудағы олардың орны туралы (мерзiмдi баспасөз материалдары бойынша) // Қазақ ССР Ғылым академиясының Ха6арлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. -1965. l-шығуы. -52-61-б.

10. Қазақ тiлiндегi тұрақты тіркестердің бip типi жөнiнде // Қазақстан мектебі. -1965. -№9. -71-74-б.

11. О роли русского языка в формировании казахской тсрминологии // В кн: Прогрессивное влияние русского языка на казахский. Алма-Ата: Наука, -1965. -С. 96-107.

12. Ортақ сөздер // Бiлiм және еңбек. -1965. -12. -20-21-б. (Э.Ибатовпен бipгe).

13. Аналар ақылшысы // Қазақстан мұғалiмi. -1965. -26 тамыз.

14. Қазақ тiлiнiң қысқаша этимологиялық сөздiгi. Алматы: Ғылым, 1966. - 240 б. Библиогр.: 20 атау. (Басқалармен бiрге. Кеңесбаев С., Қайдаров Ә.).

 15. Қос сөздердің көмескі сыңарлары туралы // Қазақ әдебиеті. -1966. -5 тамыз.

16. "Жаубүйрек" сөзiнiң этимологиясы // Қазақ әдебиеті. -1966. -2 желтоқсан.

7. Жазу тарихынан // Қазақстан пионерi. -1966. -25 мамыр.

18. Алғашкы әліппе / / Қазақстан пионерi. -1966. -22 қараша.

19. Язык периодической печати 1920-х годов // Автореф. дисс. канд. филол. наук. -Алма-Ата. -1966. -20 стр.

20. Сырлы сөздер // Бiлiм және еңбек. -1967. -№12. -28-29-б.

21. Қазақ тiлiн зерттеудегi алғашқы қадамдар // Қазақ әдебиеті. -1967. -№12. -10 ақпан.

22. Сын есім (Ғ.Мұсабаевпен бірге) // Кiтапта: Қазақ тiлiнiң грамматикасы. -Алматы: Ғылым, -1967. 1 бөлiм. 70-86-б.

23. Тiл бiлiмi және математика тәсiлдерi // Лениншiл жас. -1967. -8 қаңтар. 24. Қажет сөздік еді, бірақ ... (сын: Канцев А.Ы., Тулемисов Е.К. Русско-казахский словарь для учащихся 1-4 классов казахской школы. -Алма-Ата: Мектеп, 1966) // Қазақстан мұғалiмi. -1967. -23 ақпан.

25. Терең тамырлар (сын: Р. Мұзафаров. Орыс-түркі фольклорлық байланыстары. -Алматы, -1966.) // Қазақ әдебиеті. -1967. -3 наурыз.

26. Оқымысты ғалым (Ғ.Mұcaбaeв туралы) // Қазақстан мұғалiмi. -1967. -28 қыркүйек.

27. Азамат ғалым (Ғ.Mұcaбaeв туралы) // Көкшетау правдасы. -1967. -29 қыркүйек (Қ.Есеновпен бipгe).

28. Жұмбақ тастар сыры // Мәдениет және тұрмыс. -1968, -№8. -11-б.

29. Қазақ тiлiндегi айқындауыш мүше жайында бipep сөз // Қазақстан мектебi. -1968. - №5. -66-70-б.

30. Лингвистикалық зерттеулерде математика әдiстерiн қолдану мәселесі жайында // Қазақстан мектебі, -1968. -№12. -70-82-б.

31. Некоторые наблюдения над частотностыо слов языка газеты "Енбекши казах" // Изв. АН Каз. ССР. Серия общественных наук, -1968. вып. -4. -С. 46-52.

32. Тайна загадочных камней // Ленинская смена. -1968. -30 август. -№171. -С. 4 (совместно с К.Айтазиным).

33. Ертедегi әдебиет нұсқалары (сын: Ертедегi қазақ әдебиеті хрестоматиясы. -Алматы, -1967) // Еңбек туы. -1968. -15 тамыз (М.Әбжановпен бipгe).

34. Тiл - ортақ қазына (сын: Р.Қамысов. Тiл туралы (орыс тiлiне енген түркі сөздерi. -Алматы, -1967) // Жетiсу. -1968. -13 тамыз.

35. Пайдалы зерттеу (сын: О.Төлегенов. Қазiргi қазақ тiлiндегi жалпы модальды және мақсат мәндi жай сөйлем типтерi. -Алматы: Мектеп, -1968) // Қазақ әдебиетi. -1968. -27 шiлде.

36. Мерзiмдi баспасөз тiлiнде септiктердi дұрыс қолдану жайында // Тiл мәдениетi және баспасөз (мақалалар мен тезистер жинағы). -Алматы, -1968. -35-46-б.

37. Қазақ тілінде кездесетiн кейбiр контаминациялық құбылыс жайында (20- жылдардағы мерзiмдi баспасөз материалдары бойынша) // Қазақ тiлi мен әдебиетi мәселелерi. Аспиранттар мен ізденушілердің жинағы. -Алматы. -1969. 6-шығуы. -11-20-б.

38. Тастағы таңбалар// Лениншiл жас. -1969. -16 мамыр (Қ. Айғазинмен бiрге).

39. Из истории развития послелогов "үшін", "шейін" и аффиксов -ша, -ше, -дай, -дей в казахском языке // Кiтапта: Қазақ тiлi мен әдебиетi мәселелерi. Аспиранттар мен iзденушiлер жинағы. -Алматы, 1970. 7-шығуы. -114-126-б.

40. Әдеби тiл туралы бipep сөз // Орталық Қазақстан. -1970. -16 тамыз.

41. ХХ ғасырдың басындағы жазба әдебиет пен әдеби тiл // Кiтапта: Қазақ әдебиеті. 2-кiтап. -Алматы. -1970. -96-105-б.

42. Некоторые особенности употребления падежных форм в языке казахской периодической печати в плане расширения сочетаемости слов // В кн: Тезисы докладов учебно-методической конференции профессорско-преподавательского состава ЖенПИ, посвященной XXIV съезду КПСС (Сообщения и доклады). -Алма-Ата, 1971. -С. 24-27.

43. Значения и функции употребления аффиксов -ы, -i в казахском языке // Сборник сообщении и докладов учебно-методической конференции КазЖенПИ. -Алма-Ата, 1971. -С. 59-60.

44. Қазақ тiлiндегi -ы, -i қосымшалары туралы // Қазақстан мектебi. -1971. -№11. -51-53-б.

 45. Мерзiмдi баспасөзде ұшырасатын стильдiк қателер туралы // Кітапта: Тiл мәдениеті және баспасөз (Баспасөз тiлiнiң мәдениеті жөнiндегi ғылыми-практикалық конференцияның материалдары) // -Алматы: Fылым, 1972. -122-131-б.

46. Мерзiмдi баспасеө тiлiнде жатыс септiктi баяндауыштың қолданылу ерекшелiктерi // Қазақ тiлi мен әдебиеті (мақалалар жинағы). -Алматы, 1972. l-шығуы. -76-80-б.

47. Қазақ әдеби тiлiнің совет дәуiрiнде дамуы (мерзiмдi баспасөз материалдары бойынша) // -Алматы: Мектеп, 1973. -196-б.

48. Некоторые особенности употребления конструкции с родительным падежом в языке периодической печати // Изв. АН Каз. ССР. Серия общественных наук. -1973. Выпуск 4. -С. 41-47.

49. Становление и развитие языка периодической печати. Автореферат дисс. на соискание уч. степени доктора филол. наук. -Алма-Ата. -1974. -С. 106.

50. Некоторые особенности употребления послелога" үшiн" в языке казахской периодической печати // В кн: Қазақ тiлi мен әдебиеті (Труды преподавателей вузов МВ и ССО Каз ССР). -Алма-Ата, 1974. Выпуск 5. -С. 104-111.

51. "Айқап" тілінде сөздердің тіркесіп қолданылу ерекшелiктерi // Кiтапта: Қазақ тiлi мен әдебиеті (мақалалар жинағы). -Алматы, 1975. VI шығуы. -14-24-б.

52. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестiгi және нольдiк тұлға туралы. // Қазақстан мектебі, -1976. -№8. -92-96-б.

53. Жалпы тiл бiлiмiне кiрiспе (сын: Т.Қордабаев. Жалпы тiл бiлiмi. -Алматы: Мектеп, 1975) // Қазақстан мұғалiмi. -1976. -9 сәуір (А.Ысқақовпен бiрге).

54. Қазақ әдеби тілінің даму, қалыптасу кезеңдерi (методикалық талдау) // -Алматы: РОМК. -1976. -100-б.

55. Толеубай Рахимжанович Кордабаев // Советская тюркология. -1975. -4. С. 119-120 (к 60-летию со дня рождения).

56. Әдеби тiлiмiздiң қалыптасып, даму кезеңдерi туралы бiрер сөз // Қазақстан мұғалiмi. -1979. -25 мамыр.

57. Еще раз об именительном падеже в казахском языке // Извсстия АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения, 1979. Выпуск. 4. -С. 33-38.

58. Қазақ тiлiндегi қосымшалярды жiктеу мәселесi // Қазақ ССР FА-ның Хабарлары. Тiл, әдебиет сериясы. -1987. –№2. -30-39-б. Резюме орыс тiлiнде. 59. Будет больше друзей (Об изучении русского и казахского языков) // Казахстанская правда. -1987. -30 апреля (Ж.Адамбаевамен бipгe).

60. Үйлестiру советін құру керек // Соц. Қазақстан. -1987. -1 сәуір.

61. Қазақ әдеби тілінің нормалары туралы (методикалық талдау) //Алматы: РОМК. -1987.-47б. (М.Шаяхметовамен бipгe).

62. О двуязычии в республике // Казахстанская правда. -1987. -1 апреля.

63. Tүpкi әдеби тiлi мен қазақтың жазба әдеби тiлiнiң сабақтастығы // Кiтапта: Қазақ әдеби тiлi тарихының проблемалары (Ғылыми-практикалық конференцияның материалдары). -Алматы: Ғылым, 1987. -54-69-б. (М.Томанов, Ә.Ибатовпен бipгe).

64. "Айқап" журналындағы аударма мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшeлiкreрi // Кiтапта: Лексико-стилистические вопросы перевода: опыт, размышления, обобщения. -Алма-Ата: Ғылым, 1987. -С. 83-89.

65. Қазақ әдеби тiлi тарихының проблемалары // Кiтапта: Қазақ әдеби тiлi тарихының проблемалары (ғылыми-теориялық конференцияның материалдары). -Алматы , 1987. -98-102-б.

66. К вопросу об определении статуса казахского литературного языка. (Материалы научно-теоретической конференции профессорско-преподавательского состава ЖенПИ. Тезисы докладов. -Алма-Ата, 1988. -С. 1-3.

67. К вопросу о периодизации истории казахского литературного языка // Советская тюркология. -1988. -№3. -С. 92-95.

68. Некоторые особенности образования и употребления сложносоединенных слов в языке современной казахской периодической печати // Известия АН КазССР. Серия филологическая. -1988. №4. -С. 3-8 (совместно С.К.Артыгалиной).

69. Орыс мектептерiнде "Қазақ тiлi мен әдебиеті пәні мұғалiмi" мамандығы бойынша мамандар даярлаудың кейбiр ұйымдық-методикалық мәселелерi // "Оқу орыс тiлiнде жүргiзiлетiн мектептер үшiн қазақ тiлi мұғалiмдерiн даярлауды жетiлдiру" атты республикалық семинардың тезистері. -Семей, 1988. -3-4-б.

70. Тiл мәдениетінің негiздерi (методикалық кенес және семинар-практикалық сабақтардың жоспарлары мен талдауы) // -Алматы: РОМК. -1988. -42 б. (З.Бейсембаевамен бiрге).

71. Қазақ тiлi. 9-11 кешкi (сменалық) орта мектептің IX-XI кластарына арналған оқулық Алматы: Мектеп, 1989. 158 б. (С.Құрманғалиева және З.Қыстаубаевамен бiрге).

72. Етістік категорияларының кейбiр ерекшелiктерi // Кiтапта: Қазақ тілінің совет дәуiрiнде дамуы. (Жоғары оқу орындары профессорлары мен оқытушыларының, аспиранттардың ғылыми мақалаларының жинағы). Алматы: Қазақтың Абай атындағы пединституты, 1989. -4-20-б.

73. Қазақ әдеби тiлiнің эстетикалык қызметі туралы // В кн.: Текст: Проблемы изучения и обучения, -Алма-Ата, 1989. -С. 41-46.

74. Тiл мәдениеті негiздерi курсының программасы (хоба) // -Алматы: РОМК. -1989. -15 б. (З.Бейсембаевамен бiрге).

75. Актуальный проблемы национального-русского двуязычия в учебном процессе педвузов Казахстана. Тезисы межвузовской научно-практической конференции. -Алма-Ата, 1989. -16-18 мая. -С. 2 (В соавторстве). О создании учебно-методических комплексов по специальности" Казахский язык и литература в русской школе". -С. 107.

76. Орыс аудиториясында қазақ тiлiн текст арқылы меңгерту // Сонда (Б. Шалабаевпен бiрге). -14-б.

77. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы (жоғары оқу орындарына арналған оқулық) -Алматы: Мектеп, 1989. -192 б.

78. Томанов М., Исаев С., Ибатов Ә. Сөз тіркестерінің мағыналық құрылымы. -Алматы: Ғылым, -1989. -169 б.

79. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына мен грамматикалық форма). Көмекшi оқу құралы. -Алматы, 1990. -62 б.

80. Сопоставительно-типологаческое изучение языков в условиях национального-русского двуязычия // В кн.: Язык и словесность. Материалы научной конференции, посвященной 100-летию со дня рождения Е.Д.Поливанова. - Ташкент. -1990. Ч. 1.

81. Республикамызда қазақша-орысша қостілділіктің даму барысында орыс мекгептерiне қазақ тiлi мен әдебиетінен мамандар даярлау мәселесiне // Перестройка к совершенствование межнациональных отношении (Сборник докладов). –Алма-Ата, 1990. Ч. 1. -С. 4.

82. Септiк жалғауларын көлемдiк және грамматикалық септiктерге бөлудiң мәні // Қазақстан мектебi, -1990. -№7. -69-74-б.

83. Қазақ тiлi тарихи морфологиясының проблемалары // Кітапта: Қ.Жұбанов және қазақ совет тiл бiлiмi. -Алматы: Ғылым, 1990. -116-127-б.

84. Қазақ тiлi тарихи грамматикасы мен тарихының проблемалары // Кiтапта: Проф. Қ.Жұбановтың 90 жасқа толуына арналған конференция материалдары. -Алматы, 1990. -92-б.

85. Роль женских педагогических институтов в решении проблемы образовании женщин в СССР // Ислам: Перестройка. Образование женщин. -1990, март. (на русс, франц., англ. яз.). -С. 6.

86. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы қай кезден басталады? // Ана тiлi. -1991. Қазанның 31-i.

90. Қазақ тiлi (орта мектептің 7-класына арналған оқулық). -Алматы: Рауан, 1991. 1-басылым. -253 б. (К.Назарғалиевамен бiрге).

91. Жаттығы жоқ қолданыс (түрiкпiз бе, түркiмiз бе?) // Ана тiлi. -1991, наурыздың 21-i.

92. Қазіргі қазақ тiлi (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтың мазмұны (методикалық құрал) // -Алматы: РОМК, 1991. -221 б.

93. Сопоставительная типология фонетической системы казахского и русского языков в таблицах // -Алма-Ата: РУМК, 1991. -С, 68.

94. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар // -Алматы: Ана тiлi, 1992. -144 б.

95. Қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздiк // -Алматы: "Ай" ШК, 1992. -144 б. (И.А.Абеуова, Е.С.Омаров, М.А.Райымбекова, Р.Н.Шойбеков, С.Б. Омаровалармен бiрге).

96. Халел Досмұхамедұлы. Қазақ-қырғыз тiлiндегi сингармонизм заңы. (Баспаға дайындап, алғы сөзiн жазған - С.Исаев). -Алматы, 1992. -82 б.

 97. Қазақ грамматикасының кейбiр ғылыми тұжырымдары мен негiздерi жөнiнде // Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1992. -№4. -310-б.

98. Тәрбие процесiндегi халықтың салт-дәстүрлерiнің орны туралы // Кiтапта: Воспитание культуры и гражданственности в условиях демократизации общества (Сборник статей). -Алма-Ата, 1992. -5-б.

99. Қазақ тiлi (орта мектептің 7-класына арналған оқулық). -Алматы: Рауан, 1993. 2-басылым. -192 б. (К. Назарғалиевамен бiрге).

100. Орны толмас қаза// Егемен Қазақстан. -1993. -5 қараша.

101. Қазақ тiлi (оқу құралы). -Алматы: Қайнар, 1993, 170 б.

102. Көркем шығарманы әдеби және лингвистикалық талдау мәселелерi // Кiтапта: Проблемы изучения; художественного текста (Материалы конференции). -Алматы, -1993. -С. 1.

103. Как много девушек хороших // Айналайын, 1993. -С. 18-19 (Совместно с Д. Джусубалиевой).

104. Қазiргi қазақ тiлiндегi негiзгi грамматикалық ұғымдар // Шыңжан. Оқу-ағарту баспасы. -1993.

105. Көркем шығарманың тiлi және оны түйсiнy мен түсiндiру мәселелерi // Көркем шығарма тексін талдаудың мәселелерi (конференция материалдары). -Алматы, 1993, 3-4-б.

106. Абай және қазақтың әдеби тiлi // Жұлдыз. -1993. -№10.

107. Қазақ тiлi (6-сыныпқа арналған оқулық) // -Алматы: Рауан, 1994. l-басылым. -205 б. (К.Назарғалиевамен бiрге).

108. Жасырмай жария еткен // Қазақстан мұғалiмi. -1994. -19 тамыз.

109. Елі тігіп берген білім ордасы // Егемен Қазақстан. 1994. 21 қазан (Д. Жүсіпәлиевамен бірге).

110. Қабылдау емтиханы тест арқылы өтті // Егемен Қазақстан. - 1994. -26 тамыз.

111. Іргелі оқу орны // Қазақстан мұғалімі. 1994, 15 қараша.

112. Ұстаз парызы өнегелі ұрпақ тәрбиесімен өтеледі (Шөбікен Кәрібайұлы Бектұров туралы) // Егемен Қазақстан. 1994. 8 қаңтар. -2-б.

113. Сборник упражнении по сопоставительной типологий русского и казахского языков. –Алматы: Білім, 1994. С. 184 (Совместно с Б.Х. Исмагуловой, А.Е. Тажмуратовой, С.Ж. Баяндиной).

114. Бір сөздің әрқилы қызметі // Егемен Қазақстан. -1994. -30 шілде.

115. Елі тігіп берген білім ордасы // Егемен Қазақстан. -1994. -2 қазан.

116. Оқулық сапалы, бағдарлама байыпты болса // Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1995. -№10. -3-9-б.

117. Оқулық қалай жазылады? // Қазақстан мектебi, 1995. -№5. -25-30-б.

118. Қазақ тiлi. 7 сыныпқа арналған оқулық -Алматы: Рауан, 1995. 2-басылым. - 192 б. (К.Назарғалиевамен бiрге).

119. "Қазақ тiлi" оқулығына әдiстемелiк нұсқау. 7-сыныпқа арналған // -Алматы: РОМК, 1995 (К.Назарғалиевамен бipгe).

120. Сапалық сын есiмнiң шырай категориясы туралы // ҚР ҰFА-ның Хабарлары. Тiл, әдебиет сериясы. -1995. -№5-6. -3-9-б.

121. Қазақ тілінде септiк жалғауларды грамматикалық және көлемдiк септіктерге бөлудің мәні // Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1995. -№11-12. -3-11-б.

122. Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогтік институтына 50 жыл // Жинақта: Нарықтық экономика жағдайында селолық жерлерге педагог кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерi (Конференция материалдары). -Алматы, 1995.

123. Қисынды қиысу немесе қазақ тiлiндегi сөз тірркесі мен сөз байланысының ара қатынасы туралы ой // Қазақстан мектебi, 1996. -№5. -36-43-б.

124. Қазақ тiлi. 6-сыныпқа арналған оқулық. -Алматы: Рауан, 1996. 2-басылым. -204 б. (К.Назарғалиевамен бiрге).

125. Сопоставительная типология казахского и русского языков. Учебное пособие. -Алматы: Санат, 1996. -С, 272 (совместно с Г.Нуркиной).

126. Қазақ тiлi (жоғары оқу орындарына түсyшiлерге арналған). -Алматы: Рауан, 1996. -236 б.

127. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы (оқулық). -Алматы: Ана тiлi, 1996. -304 б.

128. "Сөзжасам" курсы бойынша практикалық және лабораториялық сабақтардың мазмұны (көмекшi құрал). -Алматы, 1996. -41 б. (З.Бейсембаева, А.Мамиева, Г.Әбдiрәсiловалармен бiрге).

129. Сөйлемдi сөйлем мүшелерiне талдаудың тәртібі // Оқытушылардың, аспиранттардың және iзденyшiлердің ғылыми мақалаларының жинағы. -Алматы, 1996. II шығарылуы. -4-6 б.

 

130. Қазақ тiлiнде септiк жалғауларды грамматикалық және көлемдiк септiктерге бөлудің мәні // Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1996. -№1. -3-9-б. (басы өткен санда).

131. Жасаймын бiр қолғабыс кейiнгiге беремiн деп // Қазақстан мұғалiмi 1997. -30 тамыз.

132. Қазақ тiлi. 6-сыныпқа арналған оқулық. -Алматы: Рауан, 1997. 2-басылым. -206 б. (К.Назарғалиевамен бiрге).

133. Қазақ тiлi жайында ойлар (мақалалар жинағы). -Алматы, 1997. -223 б.

134. Қазақ тiлiндегi сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесi (тарихи-салыстырмалы негiзде). -Алматы: Санат, 1997. -319 б. (Ә.Аблақов, Е.Ағмановпен бiрге).

135. К вопросу о сопоставительно-типологическом изучении слово изменения имен в казахском и русском языках // Россия и Восток: Проблемы взаимодействия. Материалы научно-теоретической конференции. -Омск. 1997. -25-31 мая. -С. 80-86.

136. Қазақ тiлi. 7-сыныпқа арналған оқулық. -Алматы: Рауан, 1997. -192 б. (К.Назарғалиевамен бiрге).

137. Бiлiм мазмұнын жаңғырту - уақыт талабы // Егемен Қазақстан. 1998. -16 маусым.

138. Бiлiм мен тәрбие биiгiнен көрiнемiз // Алматы ақшамы.- 1998. -12 маусым.

139. Проблемы образовании: Кого что волнует? // Студент, 1998. -№57. -С. 45-46.

140. Сөзжасам және оның тiл бiлiмiнен алатын орны // Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1998. -№3-4. -31-41-б.

141. Қазақ тiлi. 6-сыныпқа арналған оқулық. -Алматы: Рауан, 1998. -206 б. (К.Назарғалиевамен бipгe).

142. Қазақ тiлi. 7-сыныпқa арналған оқулық. -Алматы: Рауан, 1998. -192б. (К.Назарғалиевамен бipгe).

143. Қазiргi ұстаз қандай болуға тиiс // Студент, 1998. -№42.

144. Қазiргi қазақ тiлiндегi сөздердің грамматикалық сипаты // -Алматы: Рауан, 1998. -304 б.

145. Қазiргi жағдайда республикамызда педагог кадрлар дайындаудың кейбiр мәселелері // Жинақта: Қазақ тілінің грамматикалық құрылымының даму мәселелері және басқа тiлдермен қарым-қатынасы. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (С.М. Исаевтың 60 жылдығына арналған). -Алматы, 1998. -16-22-б.

146. Айқындауыш // Кітапта: Қазақ тiлi (энциклопедия). -Алматы, 1998. -13-14-б.

147. Атау септік // Сонда, 34-35-б.

148. Барыс септік // Сонда, 61-62-б.

149. Болымсыз eтістік// Сонда, 72-73-б.

150. Грамматика // Сонда, 83-85-б.

151. Грамматикалану // Сонда, 85-б.

152. Грамматикалық категория // Сонда, 85-б.

153. Грамматикалық мағына // Сонда, 85-86-б.

154. Грамматикалық тәсіл // Сонда, 86-б.

155. Грамматикалык форма // Сонда, 86-87-б.

156. Есiмше // Сонда, 118-120-б.

157. Етiс // Сонда, 120-121-б.

158. Етістік // Сонда, 121-124-б.

159. Етістіктің рай категориясы // Сонда, 124-126-б.

160. Етістіктің шақ категориясы // Сонда, 126-б.

161. Жатыс септiк// Сонда, 141-142-б.

162. Контаминация // Сонда, 176-б.

163. Көмектес септiк // Сонда, 177 б.

164. Қатыстық сын есім // Сонда, 237-б.

165. Қосымша / / Сонда, 244-245-б.

166. Нөлдiк форма // Сонда, 292-б.

167. Сан есім // Сонда, 336-б.

168. Сан-мөлшер категориясы (көптiк) // Сонда, 336-б.

169. Сапалық сын есім // Сонда, 336-б.

170. Септiк жалғау // Сонда, 342-344-б.

171. Сөзжасам // Сонда, 358-360-б.

 172. Сөз таптары // Сонда, 362-363-б.

173. Сын есім // Сонда, 376-378-б.

174. Сын есімнің шырайлары // Сонда, 373-379-б.

175. Табыс септiк // Сонда, 380-б.

176. Тұйық етістік // Сонда, 396-397-б.

177. Шығыс септік // Сонда, 459-460-б.

178. Iлiк септiк // Сонда, 466-467-б.

179. Қазiргi қазақ тiлiндегi нөлдiк форма туралы // ұлттық рухтың ұлы тіні (қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тiлдерде). -Алматы: Ғылым. 1999. -332-344-б.

180. Исаев С.М., Кушенов А.Р. Социокультурные основы экологии языка в формировании целостного мировозрения будущих педагогических кадров // Материалы республиканской научно-практической конференции "Педагогические аспекты экологического образования и воспитания молодого поколения в свете стратегии "Казахстан-2030", Алматы, КазГосЖенПИ, 1999.

181. Қазақ тiлi (жалпы бiлiм беретiн мектептің 6-сыныбына арналған байқау оқулығы). -Алматы: Атамұра, 2000 (ҚР БжҒМ ұсынысымен қайта шығарылған). (Бiрлескен авторлар ұжымы).

182. Қазақ тiлi (жалпы бiлiм беретiн мектептің 7-сыныбына арналған байқау оқулығы). -Алматы: Атамұра, 2000 (ҚР БжҒМ ұсынысымен қайта шығарылған). (Бiрлескен авторлар ұжымы).

183. Қазақ грамматикасы. А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты. -Астана, 2002. (Бiрлескен авторлар ұжымы).

184. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны (толықтырылып, өңделген, 2-басылымы). -Алматы: Бiлiм, 2003. -106 б.

185. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Оқулық. 3-басылым. –Алматы: Абай атындағы ҰПУ, 2007, -224 б.

186. Қазақ тілі. Оқу құралы. 2-басылымы. –Алматы: Өнер, 2007. -208 б.

187. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Оқулық. –Алматы: Өнер, 2007. -340 б.

188. Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері (әдістемелік құрал). 2-басылымы. –Алматы: Өнер, 2007. -76 б. (Ш. Бектұровпен бірге).

189. Ғылым. Ғалым. Ғұмыр. Мақалалар жинағы. –Алматы: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2008. -580 б.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








05/05/2018 17:32

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 369 0

03/04/2018 15:39

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
0 530 0

03/03/2018 13:47

Ақпараттық хат
0 723 0








08/06/2017 11:00

Ойыншық ат
0 9305 6





15/09/2017 20:16

Ақпараттық хат
0 917 2