КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

    Елімізде үнемі тұңғыштардың көшбасында келе жатқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік компаниясы қырық қабатты басты офисінің өн бойынан биіктігі – 122 метр, ені – 55 метрлік көліктік диодты экранды іске қосты. 
    Бұл жаңалық елді елең еткізді, қонақтарды сүйсіндірді, аға ұрпақ тамсанды, жас ұрпақ қызықты. Кешкі 19-дан түнгі 1-ге дейін жарқыраған түрлі түсті бейне­экран көрермендерін Тәуелсіз Қазақстанның тамылжыған табиғатымен, тарихи тұлғаларымен таныстырады. Әсіресе, әл-Фараби бастаған Дулати, Йассауи, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Әбілқайыр хандардың алып тұлғасын көргенде, кеудесін мақтаныш кернемеген қазақ қалмайды. Қорыта айтқанда, қала тұрғындарының еңсесі бір көтеріліп қалды. Осындай бақытты күнге жеткізген ел мақтаныштарын еске алып, көзіне жас алғандар да болыпты. Бұл – қуаныш жасы. 
    Ғасырдың ғажап жаңалықтарының бірі де бірегейі Астана төрінде, оның ішінде «Қазақстан темір жолының» сәтті іске асырғанына риза болмасқа шараңыз жоқ.
    – Орта Азия ғана емес ТМД елдерінде теңдесі жоқ жоба. Қазірге дейін қазақтың тарихи тұлғалары, табиғаты туралы 15 көркем бейне көрсетсек, алдағы уақытта көпшілік сұранысына орай оның аясын көбейте түспекпіз. Жалпы, жұрт ризашылығын білдіруде, – дейді жоба атқарушысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Әкімшілік ғиматтарды пайдалану жөніндегі дирекциясының» электрмен қамту басқармасының бастығы Александр Франк. 
    Расында да, қалайша риза болмасқа?! Батырларымыз бен ақындарымызды жан-жақты дәріптеудің бір қисынын келтіріп, тігісін жатқызып, өзге ұлттардың да ойына Отан ұғымын сіңірудің амалын мың мәрте қарастырып жатқанда, теміржолшылардың тапқырлығы өзгелерге сабақ боларлық сауапті іс.
    Қазір әлемді әлекке түсірген мәселенің бірі – тәуелсіздікті сақтап қалу. Оның бір жолы тарихқа қайта оралу, тарихқа тәу ету, ерлік ұғымының қадір-қасиетін жас ұрпаққа үйрету. Ел ертеңі үшін «күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» батырлар мен шешендердің, көсемдердің даналығын, мұратқа бастайтын мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп тапсыру – қазақ үшін де басты мақсат. 
    Осы орайда Елбасының: «Байырғы ұлы бабаларымыздың ұрпағы ретінде, біреудің шайнап бергенін малдану бізге жараспайды» деген бір ауыз сөзі баршамызды ойға қалдырады.
    Қазақ тарихына «ҚТЖ» секілді оралу – оңды іс. Ұрпақ бойына нағыз отаншылдық рухын себу де осындай баянды бастамадан басталады. Енді өзге де министрліктер, агенттіктер мен ірі кәсіпорындар ұлттық болмысымызға осылайша мән беріп, даңқты тұлғалардың кескін-келбетін баршаға кеңінен таныстырып жатса, нұр үстіне нұр.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика