THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
404 - Ештеңе табылмады.
Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.
Алматыдағы Ғылым
ордасында Ұлттық ғылым академиясының Жалпы сессия жиналысы болып өтті. Оған
Қазақстан Президенті кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, академиктер
мен мүше-корреспонденттер, ЖОО ректорлары, сондай-ақ жетекші
ғылыми институттар директорлары қатысты.
Тарих та,
әдебиет те философиясыз алға шықпайды. Бізде бұл тарапта қуатты мектеп болды.
Сол мектептің мықты өкілдері 90-жылдардағы қиыншылықта бизнес саласына ауысып
кетті, – деген Мұхтар Абрарұлы тағы бір мәселе ретінде психологияға жете көңіл
бөлінбей келе жатқанын еске салды. Әсіресе, этникалық психология артта қалып
қойды. Заң ғылымында да түйткілді тұстарымыз көп екен. Әрине, Салық Зиманов,
Ғайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев секілді патриархтар негізін қалаған мектеп
көп нәрсе тындырды. Салық Зиманов өмірінің соңында он томдық «Қазақтың
әдет-ғұрып заңдарын» қалдырып кетті. Осыған көңіл бөлуіміз керектiгi
айтылды.
Тіл білімінде де
күмілжіп жерге қарайтын тұстарымыз көп болып шықты. Сабақтас пен салалас құрмаласты
талдаудан танбайтын тілші ғалымдарымыз лингвистиканың жаңа саласында артта
қалып қойған. Бұл күнде ғылымы дамыған елдерде әлеуметтік, графикалық,
компьютерлік лингвистиканың өзі сан-салаға бөлініп кеткен. Қазақ тілінің он бес
томдық түсіндірме сөздігін шығарғанымыз ауыз толтырып айтуға жақсы болғанмен,
тіл ғылымында шекеміздің қызып тұрғаны шамалы болып шықты.
ҰҒА-ның
президенті Мұрат Жұрынов Ғылым академиясының қазіргі хал-жағдайы мен алдағы
даму сатылары жайында баяндама жасады. Кеңестік модельден батысеуропалық
модельге ауысқан Ғылым академиясының одан бергі он жылда жаңа бағытта жүзеге
асырған сәтті істерін саралаған Мұрат Жұрынұлы ғылыми кадрлар даярлау
мәселесіне тоқталып, жетекші университеттердің барлығы философия магистрлары
мен докторларын дайындауды қайта қолға алғанын айтып өтті. Қазақстан
тарихшылары қауымдастығының президенті, ҰҒА-ның мүше-корреспонденті Мәмбет
Қойгелдиев Қазақстанның көп ғасырлық тарихын зерттеудегі ғылыми жетістіктері
жөніндегі, ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының бас директоры Ибадулла Үмбетаев мақта шаруашылығындағы жаңа ғылыми
жетістіктер жайындағы ойларын ортаға салды.
Осылайша, ҰҒА-ның жалпы сессиясында қазақ ғылымының қазіргі жай-күйі мен болашағы біршама талқыланып, оны дамыту мен нақты өмірге икемдеу және бәсекелестікті арттыру қолға алынатын болды.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ