КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

РУХАНИ МҰРАДАҒЫ ЕЛБАСҚАРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ МАҢЫЗЫ

Оспанова Б.Р.

әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты әдеби мұрасы еліміздің тарихи және мәдени дамуына ғана емес, жалпы адамзаттық өркениеттің дамуын түсінуге ықпал ететін маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Өйткені тарихымызды, әдеби мұраларымызды зерделеу Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның тұжырымдамасын жаңартып толықтырады. әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің бүгінгі қазақ халқының «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуы­на негіз болған туынды екенін назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да тереңнен тамыр тартып, одан арғы дәуірден – көне заманнан басталады. Әдеби деректерді тарихи тұрғыдан қaзіpгі зaмaн ұстaнымымeн ұштaстыpып қapaстыpyмен мaңызды. Зepттeyден алынған нәтижeлep жалпы гуманитарлық ғылымдар, оның ішінде филология салаларының, еліміздің дaмyының сұpaныстapынa жayaп бepeді. Орта ғасырлық саяси-құқықтық ой тарихында шоқтығы биік, өзіндік орны бар тұлға кезінде екінші ұстаз, «Шығыс Аристотелі» атанған Әл-Фараби екендігі баршамызға белгілі. Қазақ даласынан шыққан ұлы ғұлама, саяси ойшыл, әлеуметтанушы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туған.

Әбу насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фарабидің еңбектерінде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман саяси философиясы көп жағдайда ежелгі грек саяси философиясына, әсіресе Платон, Аристотельдің көзқарастарына сүйенді. Ел басқару аясатында, олардың көпшілігі үшін өздері «Қайырымды қала тұрғындары» деп ат қойған ізгілікті мемлекет құру туралы туынды болып саналады.

Қайырымды мемлекетке мінездеме бере отырып, ол оның ішкі мәнін де ашуға тырысты. Адамзат баласына тау-тәтті көршілік пен өзара құрмет, әлеуметтік әділдік пен адалдықтың нәтижесінде қандай рухани биіктерге шығуға болатындығын сөз етті. Әл-Фарабиді толғандырған бұл тақырыптар қазіргі кезде де еш маңызын жойған жоқ. Бұл тұрғыдағы бүгінгі ізденістер Әл-Фараби ғылым философиясының құрамдас бір бөлігі болып табылатын рухани дәстүрге сүйенуі керек. Барлық азаматтары бір ғана ортақ мақсатқа, яғни мемлекет пен жеке адамның игілігіне қызмет етуге жұмылдырылған ізгі, қайырымды мемлекет туралы ғылымның толғаныстары ортағасырлық ислам әлеміне ғана емес, өзінен кейінгі әлеуметтік-философиялық және әлеуметтік-утопиялық ойдың дамуына да үлкен ықпал етті. Өзінің өмір сүрген кезеңіндегі ғылымды Әл-Фараби басты бес салаға бөлді: тілтану, логика, математика, физика, азаматтық туралы ілім [1].

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатында»: Адам толығымен дамып жетілуі үшін көптеген нәрселерден тәуелді болады. Яғни ол өзіне қажет нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды. Сондықтан, адам өзінен басқа адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және адам қоғамда ғана толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады – деп, тұжырымдайды [2, 20 ].

Мақтаншақ болу, жетістіктерді айта беру, достардың бірін-бірі мақтауы түбінде жарға құлатады. Шындық сөзді айтуға қорқатын болсақ та жақсылық әкелмейді. Білімді, іскер, әділетті адамдарды биліктің көргісі келмейді, олардың жақсы істерін бағалағысы келмейді. Оларға берілетін шен-шекпен, атақтарды нашарлар иеленеді. Халық осыны көреді, осыған наразы болады. Әділетсіз істер халық ниетін біртіндеп улай береді. Кейбір басшылар әділет сөзімен жақсы ақылды өзіне қарсы атылған оқ сияқты қабылдайды. Сондықтан қоғамдық істерге ғана емес күнделікті өмірде әділетті болуды, өмірдегі басты мәселе ретінде қарастыру керек. Сенің шешендік сөздерің жағайымсу мен мақтаудан құрылуынан сақтан. Оның әділеттілікке қызмет жасағаны абзал. Қоғамдағы, мемлекеттегі маңызды мәселелер төңірегінде пікіріңізді үздіксіз өзгерте беру зиянды. Мемлекет идеясы елге әділет пен жақсылық әкелетін істерді жақтайды,- деп [3], көрсетеді Платон.

Сонымен қатар:«мемлекеттік істегі адамның парасат ісі оның мемлекет мәселелерін шеше алуында. Ол өз ісінде достарына жақсылық жасайды, жауларына зияншылық жасаудың басқалардан өзіне нұқсан келмеуін көздейді. Әр адамның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Оның жақсысы мен жаманын халық бағалайды.

Нағыз жақсылық дұрыс пікір мен білімді ұштастыра білу. Осындай адам ғана дұрыс басқара алады. Елдегі мақсатқа да жеткізетін шын пікір мен білім. Шындық сөзін айтқан, дұрыс пікірлерді басшылыққа алып, білімге сүйеніп мемлекеттік істерді басқарғандар ғана өз қалаларын дұрыс жолға салатын мемлекет адамдары» - дейді, Платон.

Платон өз тұжырымдауында мемлекет ісімен айналысатын адамға әділдік, білім мен қоса әдіскерлік пен айлакерліктің де қажет екендігін ескертеді. Мемлекеттік адамдарды кейде құдіретті күш қолдайды. Олар тіптен бүгінгі өз істерінің маңызын терең біле алмауы да мүмкін. Бірақта олардың әрбір дұрыс қадамы келешекте жасалатын ұлы істердің кепілі болды,-деген пікір айтады.

Ғалымдардың пікірлерінің бұндай әрқилы болуының себебі,олардың өмір сүрген кездеріне байланысты, олардың қоғамды басқару әртүрлі үлгіде болғанымен, түпнұсқа идеясындамағынасы жағынан бірдей пікірлер қалыптасты деген ойдамыз.

Қоғамның, мемлекет өмірінің дамуы, Әл-Фарабидің ойынша, негізінен Елді басқарып отырған адамның қасиеттерімен байланысты болғаннан кейін, ойшыл оның қандай болуы керектігіне аса зор назар аударған. Әл Фараби: ол адамның бойында он екі қасиеті болуы керек – дейді. Соңында олардың бәрін алты тұлғалық қасиеттерге әкеліп тірейді. Біріншіден, ол-даналық дәрежеге жетуі керек, яғни барлық істі ақыл-ой елегінен өткізіп, халықтың тарихи тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, адамгершілік түсініктеріне сай келтіруі керек. Екіншіден, ол-білімді адам болу керек,өзінің есінде өткен тарихтағы заңдар, әдет-ғұрыптар нормалары мен ережелерін жақсы білуі керек. Үшіншіден, әрқашанда тапқырлық көрсету керек, өйткені өмір үне бойы өзгерісте, олай болса елдің алдында бұрынғы-соңғы болмаған жаңа ахуал пайда болып, бұрынғы басқару тәсілдерінің бәрін, жоққа шығаруы мүмкін. Сондай жағдайда өмірге жаңаша қарап, шығармашылық тұрғысынан жаңа шешімдерге жету қажет. Төртіншіден, аңғарғыш көреген болу қажет. Ел басшысы тек бүгінгі күнді ғана ойлап қоймай, болашақ ұрпақтардың өмірі қандай болмағын назарда ұстауы тиіс. Негізгі мақсат халықтың әл-ауқатын өсіру екендігін естен шығармау керек. Бесіншіден,  өзінің сөзімен халықты елдің заңдарына бұлжытпай орындауға бағыттау болмақ. Алтыншыдан, Ел басының денсаулығы, дене күші жақсы болу керек, ол оған соғыс жүргізген кезде оған қажет болады.

   Бүгінгі таңда, қазақ елі үшін Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыруда: біріншіден, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; екіншіден, барлықхалықтардың құқықтарының тең болуы; үшіншіден, қазақ тілінің дамуы; төртіншіден, дәстүр мен мәдениетті қайта өркендету: бесіншіден, қоғамда зиялы қауымның рөлін арттыру; алтыншы, мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту болып табылады [4]. Әл Фарабидің елді басқарудағы бұлұсынып отырған алты маңыздылығы келешек ұрпақ үшін жасалатын ұлы істер идеясымен байланысты.

Бүгінгі Қазақстанның жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы, қазақ халқының рухын мәңгі ету мақсатында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнап «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауын ұсынды. Жолдауда екі идея ұсынды, біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». Қазақстанда мекен еткен барлық ұлт өкілдері арасында қолдау тапқан қос идея бірауыздан қабылданды.«Мәңгілік ел» - халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы. «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі»-делінген Жолдауда. Бұл идея Әл-Фарабидің атап айтқан алты даналық дәрежесімен орайласады.

Өз халқының, қатардағы азаматтарының қамын жеген, олардың өміріне жағдай жасаған мемлекеттер ғана дамудың эволюциялық сатыларынан ойдағыдай өте алады. Қазақстанда да осындай бетбұрысты конституциялық принцип ретінде күн тәртібіне қояды. Елдің Ата заңының 3 бабында «1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастуы – халық. 2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді», - делінген [5].

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында әлеуметтік әділеттілік пен еркіндікті орнықтыратын – ізгілікті қоғам туралы ой қозғайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл «әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана адам өз табиғатына сай жету дәрежесіне ие болатын» қоғам түрінде елестетеді. Халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын мемлекеттік қолдау туралы бұдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұлама идеясы бүгінгі күні де мемлекеттің ішкі саясатындағы басты міндеттердің бірі болып саналады. Осындай жетілдірілген қоғамда, әл-Фарабидің айтуынша:«бір-бірімен қарым-қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмірлік қажетіне айналады». Әл-Фараби мұндай қоғамды тумысынан табиғат берген он екі қасиеті бар ақылды, білімді, сабырлы, рухани билікті ізгілікті билікпен ұштастыратын, адам қасиеттерін бағалауға қабілетті адам басқаруы керек» - дейді [2, 24]. Бұл бүгінгі күндегі индивидтің тұлғалық келбетін қалыптастырудағы басты ұстаным болып табылады. Әл-Фарабидің «қайырымды қала тұрғындары» контексті әлем өркениетінің адамзат тарихындағы орны, түркі халықтарының тілі мен дініндегі, әдебиеті мен мәдениетіндегі мемлекет туралы толғанысыныңмаңызы зор. Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің тарихын зерттеу жұмыстарын қолға алу 1960-шы жылдардан бастау алады.

Әл-Фарабидің «Қайырымды қаласында» теңсіздік орын алады, тек рухани ғана емес, дәулет теңсіздігі де, себебі, «қайырымды қала» тек өзінің қажеттілігінен шектелген еңбек етушілер тұратын «қажеттілік қаласыз» мүмкін емес. Жалпы адам қоғамдастығын философ екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Толық қоғамдастық үшке бөлінген үлкен, орташа, кіші және оларды барша адамзат баласының қоғамдарының тұтас жиынтығы – дейді [6].

Әл-Фараби еңбегіндегі еңбек теңсіздігі бүгінгі таңдағы масылдылық феномені мазмұнында берілген деп, түсінуге болады. Әлеуметтік проблемалардың ішіндегі ең қауіптісі және мемлекет пен халықты кедейлікке, деградацияға апаратын түрі әлеуметтік масылдылық феномені болып табылады. Классикалық түсінікте қалыпты әлеуметтік масылдылық жұмысқа қабілетсіз, мүгедек, қарт, асыраушысы жоқ отбасы және кәмелеттік жасқа толмаған адамдарды   өмір   сүруге   керекті дүниелермен қамтамасыз етуді білдіреді. Дегенмен, бүгінгі күндері қалыптан тыс әлеуметтік масылдылық түсінігінен денсаулығы жақсы, еңбекке қабілетті адамдардың саналы түрде өзінің күшін, мүмкіндігін пайдаланбай, өзге адамның немесе тұтастай қоғамның есебінен өмір сүруге ұмтылуын айтамыз. Масылдылық қоғамның кері құбылысы екені және қоғамда адамдардың өздерінің масылдылығына ұялмаса, бас тартпаса, онда бұл қоғам дамуынын тежейтіні, тіпті, тоқырауға ұшырататыны анық. Әлеуметтік жұмыс ғылымында мұндай адамдарды кәсіби қайыршы, кәсіби масыл және девиантты мінезқұлықты адам деп атайды. Бұл Әл-Фараби еңбегіндегі «қажеттілік қаласыз» екендігімен түсіндірілген.

Әл-Фарабидың ілімінде өз заманының ғана емес, бүгінгі күнгі адамзат қоғамының да бейнесі бар. Қоғамда бірінші тұлға, яғни жаратылыс иесі туралы дұрыс діни білімнің болуы, мен меншілдік, эгоизм, бұның барлығын ойшыл өз заманында кеңінен талдаған. Адамзаттың екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің пайымдауынша мәдениеттіліктің күші мәмілеге келу. Мемлекет пен халықтың бір бағытта бір-бірін қолдап отыруы. Мәмілеге келудің  басты белгісі түсінік, түсіну, халық мемлекетті, мемлекеттің халықтың жағдайын түсінуі. Бұл ел басқару жүйесін қайырымды, ізгі жүйедегі мемлекетке жаңа бір қырынан қарауға мүмкіндік береді. Жалпы, ортағасырлық түркітілді жазба мұраларды халықтық қазына деп қарастыру – отандық ғылымда бекіген ұстаным. Зерттеуде әдеби шығармалардың жаңа гуманитарлық білімді қалыптастырудағы маңызы ашып көрсетілді. Көрсетілген жаңа теориялық қорытындыға қоғамның негізі, болашағы ұлттық тәрбиеге тәуелді, ұлттық тәрбие болмаса қоғамдық ортада кісілік қалыптаспайды. Кісілігі жоқ қоғам мемлекетке, оның болашағы ұрпаққа қажетті құндылықтарды бере алмайды, бұндай орта тарихтың бойындағы рухани дүниелерді кейінгі уақытқа жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғауға қабілетсіз келеді. Сондықтанда өркениетті мемлекеттің бет-бейнесі оның мәдениеті, әлеуметтік ортада адам бойында адамгершілік қасиеттердің орын алуымен көрінеді. Әл-Фараби жазып кеткендей, мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді, рухани құндылықтары ғана сақтай алады.Aл одaн кейінгі ғaсырлaрдa бұл идеология ислaм дінімен біте қaйнaсып, әдебиеттегі шығыстық идеологияның дамуына aлып келді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

 

1Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарабидің даналық негіздері. Әбу Насыр Әл-Фараби – даналық діңгегі. Ақтау, 2019. – 4-5 бб.

2 Сидешова Р.А. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы Әл-Фарабидің рухани әлемі. Ақтау, 2019. – 21 б.

3 Платон. Апология Сократа, Критон, Ион, Протагор/ Общ. ред. А.Ф. Лосева и др. М.: Мысль, 1999.- С.864. (221-222)

4 Мәңгілік Ел. Алматы, 2015. –  332 б. (Б.11)

5 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана, 2007. - 86 б. (5)

6 Сүлейменов П.М., Сандықбаева У.Д. Әл-Фараби «Қайырымды қала» идеясының саяси-әлеуметтік негіздері. //Хабаршы. Абай ат. ҚазҰПУ. Алматы. 2017, №4 (60) - 7-11 бб.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 471 0







01/02/2024 16:08

ЛАТЫН ЖАЙЫ
0 619 0






ТЕКСТ